Бакалавриат
БАКАЛАВР ДӘРЕЖЕСІН АЛУҒА АРНАЛҒАН ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАР БАҒДАРЛАМАСЫ
- Кіріспе
- Жалпы ережелер
- Үміткерлерді іріктеу критериялары
- Байқауға қатысуға қажетті құжаттар тізімі
- Үміткердің қиын қаржылық жағдайын растауға қажетті құжаттар тізімі
Өтінім нысаны (көшіріп алу) (123,50 kB)
Ұсыну хатының нысаны (көшіріп алу) (114,00 kB) - Үміткерлерді іріктеу үрдісі
- Өтінім нысанын толтыру бойынша қысқаша нұсқаулық
Бағдарламаның мақсаты – айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері бар, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеру ұмтылысы бар қаржылық-экономикалық мамандықтардағы ең үздік студенттерді анықтау және қолдау. Бағдарламаның ақырғы мақсаты нарықтық механизмдердің және либералды демократиялық қоғамды дамыту және нығайтуға табысты ықпал ететін Қазақстанның қаржылық және экономикалық элитасын қалыптастыру.
Бағдарламаға қатысу үшін әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан, Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында Халықаралық Бизнес Университетінде немесе Халықаралық бизнес Академиясында білім алғысы келетін мектептер мен колледждердің түлектері шақырылады.
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары байқаулық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады, олар, ең алдымен, үміткердің көшбасшылық қасиеттерін, оның академиялық білімдері мен жетістіктерін анықтауға, сондай-ақ жеке тұлғалық дербес қасиеттерін анықтауға негізделеді.
Білім гранты Қор тарапынан бүкіл оқу кезеңіне беріледі. Гранттың көлемі жыл сайын Қордың Қамқоршылық Кеңесімен қарастырылады және бекітіледі. Білім грантын тағайындау жағдайында студент, қабылдаушы Университет және Қор арасындағы үш жақты шартқа қол қойылады. Құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
Білім гранттарын алу үшін құжаттарды өткізбес бұрын, үміткерлер осы құжатта көрсетілген критерийлермен, ережелермен және процедуралармен мұқият танысуы тиіс. Ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі немесе құжаттарды салғырт ресімдеу жағдайында, үміткерлер байқауға қатыстырылмайды.
«Ержан Тәтішев Қоры» қоғамдық қорының (бұдан әрі Қор) білім гранттары келесі оқу орындарының бакалавриат студенттері үшін бекітілген - Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институты (бұдан әрі ҚМЭБИ), Халықаралық Бизнес Университеті (бұдан әрі ХБУ), Халықаралық Бизнес Академияси (бұдан әрі ХБА)..
Қатысуға Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина азаматтары шақырылады.
Бағдарламаның барлық талаптарына жауап беретін ҚМЭБИ, ХБА, ХБУ-де оқығысы келетін орта мектеп пен колледждердің түлектері бакалавр дәрежесін алу үшін білім гранттарын алуға үміткерлер бола алады.
Білім гранттары қаржылық жағдайларын растайтын құжаттарды сараптаудан өткізген жаңадан түскен үміткерлерге тағайындалады. Балалар үйінің түлектеріне артықшылықтар беріледі.
Іріктеу үрдісі үш айналымдардан тұрады:
1- айналым – алдын-ала іріктеу ұсынылған құжаттар негізінде жүргізіледі. 1 айналымның нәтижесі бойынша алдын-ала іріктелген үміткерлердің тізімі дайындалады.
2 - айналым – ойын интерактивті әдіс түрінде өткізіледі. 2 айналым 1 айналымнан өткен және алдын-ала тізімге кірген үміткерлер арасында жүргізіледі. 2 айналым нәтижелері бойынша финалға шыққандардың ақырғы тізімі қалыптасады.
3 - айналым – Қордың Қамқоршылық Кеңесінің финалға шыққандар тізімін қарастыруы және бекітуі.
Қор қызметкерлерінің және Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің жақын туыстары байқауға қатыса алмайды.
Білім гранттарының саны және олардың көлемі жыл сайынғы негізде Қор басшылығымен анықталады.
Білім гранты транштармен бір оқу жылы үшін төленеді және егер де студент, яғни грант иесі, оқуда және қоғамдық өмірде үздік көрсеткіштерге жетсе, грант мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Білім гранты ЖОО-да оқу кезеңі үшін ғана төленеді. Студентке академиялық демалысты беру кезінде, студентті ЖОО-нан шығару кезінде, студенттің өзге ЖОО-на, соның ішінде студенттермен алмасу аясында, кетуі/ауысуы кезінде білім грантын төлеу тоқтатылады.
Қор студентінің - грант иесінің басқа мамандыққа немесе басқа ЖОО-на ауысқан жағдайда, сондай-ақ оны оқудан шығарған жағдайда, грант қосымша тізімдегі үміткерге беріледі. Қосымша тізім іріктеу үрдісі кезінде негізгі тізіммен бірге әзірленеді.
Қор ЖОО-нан қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін, ал ЖОО Ержан Тәтішев Қорының білім гранты қаржысына білім алып жатқан студенттерге қатысты барлық өзгерістер жайында Қорға кешіктірмей хабарлауы тиіс.
Қор ұсынылған ақпаратты тексеруге және ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі жағдайында, кез келген үміткерді бағдарламадан шығарып тастауға құқылы.
Бағдарлама ұлысы, жынысы, діні, сексуальды бағдары немесе әрекетсіздігі белгілері бойынша қатысушыларды кемсітпейді. Байқау артықшылықтарды бағалауға негізделген және бағдарлама критерийлеріне жауап беретін барлық тұлғалар үшін ашық.
Қор білім гранттарына үміткерлер бойынша қабылданған шешімдердің дәлелдері мен себептері жөнінде түсінік бермеуге құқылы.
Қордың грантын алуға ниеттенген үміткерлер өздіктерінен ЖОО-на түседі.
Қор ЖОО-на түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпараттар бермейді.
Ержан Тәтішев Қоры қатысушылардың отбасы мүшелеріне арналған ешқандай қаржылық қолдауды көрсетпейді.
Білім гранты келесі шығындарды өтейді:
- Оқу құны;
- Ай сайынғы шәкіртақы;
- Басқа қаладан келгендерге жатақхана беріледі;
- Оқу орнына дейінгі және кері қайту үшін жылына бір рет жол ақысы (Қазақстанның басқа қалаларының/аймақтарының тұрғындары үшін, сондай-ақ шетел азаматтары болып табылатын Қор грантын иеленушілер үшін).
Қатысушылардың міндеттемелері
Грант иелері қабылдаушы университеттің академиялық стандарттарын сақтауы тиіс және бағдарлама бойынша білім алудың толық курсын өтуге міндетті. Академиялық және кәсіби стандарттарға сәйкессіздік гранттық қолдауды тоқтатуға себеп болуы мүмкін.
Қордың стипендиатты қоғамдық өмірге белсенділік көрсетіп, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көтермелеу қажет.
ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЯЛАРЫ
Бакалавр дәрежесін алуға білім гранттарын алу үшін үміткерлер ЖОО-на құжаттарды өткізу кезінде білім грантын алу байқауына қатысу үшін Ержан Тәтішев Қорына да өтінім беруі тиіс. Өтінім нысанын, іріктеу критерийлерін, қажетті қосымша құжаттардың тізімін Қор офисінен мына мекен-жай бойынша немесе Қор веб-сайтынан, www.tatishevfoundation.kz сондай-ақ аталған ЖОО-ның - бағдарлама серіктестерінің қабылдау комиссияларынан алуға болады
Өтінімдерді қарастыру кезінде Қор грантына үміткерлер келесі критерийлерге сай болуы тиіс:
Көшбасшылық әлеует
Білім гранттарына үміткерлердің өмірдің әр алуан салаларында тұрақты түрде байқалатын айрықша көшбасшылық қасиеттері болуы тиіс. Көшбасшылық әлеует байқауға қатысушылардың өмірлік тәжірибесі және/немесе олардың эсседе жазылған оқудағы немесе жұмыстағы жетістіктері, сондай-ақ оқытушылардың, ұстаздардың және инструкторлардың ұсыныстары негізінде іріктеу комиссиясымен бағаланады.
Академиялық білімдері
Іріктеу комиссиясы үміткердің білімі мен академиялық қабілеттерін орта білімі туралы аттестат, Бірыңғай Ұлттық Тестілеу(БҰТ)2, шетел тілдерін білу (IELTS, TOEFL)3 негізінде бағалайды. Үміткерлердің талдампаздық қабілеттері алуан түрлі ғылыми-тәжірибелік теориялар мен қағидаларды әзірлеу комиссия тарапынан айрықша назарға алынады.
БҰТ нәтижелерін ҚР азаматтары болып табылатын үміткерлерге ұсыну керек, қалған тұлғалар толық орта білімі туралы аттестатын ұсынуы тиіс.
Егер үміткер IELTS және/немесе TOEFL тесттерін бұрын тапсырған болса, онда тестіні (тесттерді) тапсырғаны жөніндегі сертификаттарды ұсынуы тиіс. Осындай сертификаттар болмаған жағдайда, іріктеудің бірінші сатысынан өткен үміткерлер KEET (KIMEP English Entrance Test) тестін тапсыру үшін шақырылатын болады.
Дербес мінездемелер
Іріктеу комиссиясы үміткерлердің жеке басының дербес ерекшеліктерін назарға алуы тиіс, өйткені олар үміткерлердің кәсіби және мансаби мақсаттарына қалайша қол жеткізетіндігін түсінуге мүмкіндік береді. Үміткерлердің жоғары моральдық-этикалық қасиеттері болуы тиіс, айналасындағыларға сыйлы болуы тиіс.
Іріктеу критериялары:
- Ынта және көшбасшылық қасиеттердің болуы (эссе және сұхбаттасу нәтижелері бойынша)
- Академиялық білімдері
- Қаржылық жағдайы
- Ағылшын тілі бойынша білімдері мен машықтары
- Жетістіктері үшін марапаттаулар
- Ұсыныстардың болуы
- Қоғамдық және әлеуметтік өмірге қатысу
- Аймақтылығы (аймақ тұрғынының Алматы және Астана тұрғындары алдында артықшылығы бар) Бұл критерия тек Қазақстан азаматтарына ғана арналған
- Балалар интернаттық мекеменің түлектері (тиісті құжаттарды өткізгеннен кейін, оның түлектеріне артықшылықтар беріледі)
БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Барлық құжаттарды және толығырақ ақпараттарды Қордың сатынан таба аласыздар. Байқауға қатысу үшін келесідей құжаттар өткізіледі:
- Өтінімнің толтырылған нысаны;
- Эссе, онда Сіздің күшті және әлсіз жақтарыңыз, кәсіби және мансаби мақсаттарыңыз, оқудан тыс қызметіңіз жайында жазылған қысқаша өмірбаяныңыз (А) және осы бағдарламаға не себепті өтінім беріп отырғаныңыз жайында және Өзіңіздің алған білімдеріңізді болашақта қалай пайдаланатыныңыз жайында ақпарат (Б) болуы тиіс. Бұл эссе үміткердің өзі жазып, 2-3 беттен аспау қажет.
- Орта білім жөніндегі аттестаттың нотариалды расталған көшірмесі. Егер үміткердің әлі аттестаты болмаса, ол 9,10 сыныптардағы үлгерім табельдерінің көшірмесін жібере алады. Байқаудың 2 айналымынан өткен жағдайда, аттестатты алған соң, оның көшірмесін өткізу керек. Құжаттың көшірмесін сол мекеменің көк түсті мөрімен расталғаны жеткілікті.
- Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (БҰТ) нәтижелерін растайтын сертификаттың нотариалды расталған көшірмесі (Бұл тармақ Қазақстан азаматтарына ғана қатысты. 2 айналымнан өткен үміткерлер ғана БҰТ сертификатының көшірмесі тестті ресми түрде тапсырғаннан кейін ұсынылады ); Құжаттың көшірмесін сол мекеменің көк түсті мөрімен расталғаны жеткілікті.
- Ұсыну хаттары (2-ден кем емес); Форманы Қордың сайтынан таба аласыз.
- Дипломдар, мадақтау, марапаттау қағаздарының көшірмесі (көрсету кезінде)
- Жеке тұлғаны куәләндіратын құжаттың көшірмесі (төл құжат, жеке тұлғаны куәлендіретін құжат, туу туралы құжат)
- Балалар интернаттық мекемеден алынған анықтаманың түпнұсқасы (Тек балалар интернаттық мекеменің түлектеріне ғана арналған)
- Ата-анасының қайтыс болғаны жөніндегі, немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған туралы куәліктің көшімесі. Бұл құжаттар нотариалды түрде расталуы қажет немесе сол балалар үйінің директорының қолы және балалалар үйінің мөрімен бекітілуі тиіс (Балалар интернаттық мекеменің түлектеріне арналған)
- Үміткердің қаржылық жағдайын растайтын құжаттар (Балалар интернеаттық мекемнің түлектерінен басқа). Тізімді төменнен қараңыз.
ҮМІТКЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІН АНЫҚТАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН
- Отбасының барлық мүшелерінің/ асыраушының жеке куәлігінің немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі
- Отбасының құрамы жөніндегі анықтама немесе үй кітабының көшірмесі. Ата-анасынан/асыраушысынан бөлек тіркелген үміткер үшін анықтамалар студенттің өзі үшін де, сондай-ақ оның ата-анасы/асыраушысы үшін беріледі.
- Отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесінің жылжымайтын мүлкінің бар екендігін немесе жоқтығын растайтын ТЗБ-дан/ХҚО (БТИ-дан/ЦОН-нан) алынған құжат.
- Барлық жылжымайтын мүліктің ағымдағы нарықтық құнын көрсететін анықтама немесе құжат (анықтама немесе құжатты беру күні – өткен жылдың қыркүйек айынан бастап).
- Отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесінің көлік құралының бар екендігін немесе жоқтығын растайтын ҚІІБ ЖПБ-нан алынған анықтама немесе құжат. (анықтама немесе құжатты беру күні – өткен жылдың қыркүйек айынан бастап).
- Барлық тіркелген көлік құралының ағымдағы нарықтық құнын көрсететін құжат (анықтама немесе құжатты беру күні – өткен жылдың қыркүйек айынан бастап).
- Отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесіне кем дегенде 12 ай ішінде жеке тұлғаға төленген табыс сомалары және табыс салығы мен зейнетақының төлемдерді ұстау жөнінідегі анықтама (мәліметтер).
- Кем дегенде 12 ай ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме.
- Егер ата-анасы жеке кәсіпкерлер болса, онда Салық комитетінен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы анықтаманы, кем дегенде 12 ай ішінде декларацияны ұсынылу тиіс.
- Егер ата-анасы жұмыссыз болса, онда Жұмыспен қамту орталығынан әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс
- Егер отбасында мүгедектер бар болса, онда ЖТСК –ның (ВТЭК) бекітімін ұсыну керек.
- Егер ата-анасы жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткер болса, онда зейнеткерлік куәлікті және Зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы мөлшерін көрсететін анықтаманы ұсыну керек
- Толық емес отбасынан шыққан үміткерлер осы деректі растайтын құжатты (ата-анасының ажырасқаны туралы куәлік, қайтыс болғаны туралы куәлік, асырап алу жөніндегі куәлік және т.б.) ұсынуы тиіс.
*Студенттің 21 жасқа (қоса) дейінгі аға-әнәлерінің, сіңлілерінің құжаттарын міндетті түрде ұсыну. Барлық құжаттардың түпнұсқалараы өткізілуі тиіс немесе нотариалды расталуы тиіс. Жалған ақпаратты/құжатты берген кез келген үміткер бағдарламадан шығарылады.
Құжаттар пакетін жоғарыда келтірілген ретте қалыптастыру керек. Құжаттардың қазақ немесе орыс тілдердегі ресми аудармасын (талап етілсе) ұсыну керек. Қатысушы (үміткер) құжаттарды өз бетінше аудара алмайды және растай алмайды.
Құжаттар орыс немесе қазақ тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Құжаттар электронды пошта немесе факс бойынша жіберіле алмайды, сондай-ақ ламинацияланбауы және түптелмеуі тиіс.
Қорға аталған өтінішті тапсырмас бұрын, Қордың тәртібі, ережесі, критерияларымен толығымен танысыңыз. Егер де Сіз жоғарыда аталған пунктерді түсінбесеңіз немесе сұрақтар туындаса, онда Қордың қызметкерлеріне хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰЖАТТАР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ
Барлық ақпараттар көк сиямен немесе пастаман баспа әріптермен басылуы немесе жазылуы тиіс. Құжаттарды жоғарыда көрсетілген тәртіпте ұсыну керек. Барлық қосымшалары және тіркеме құжаттары бар өтінімнің түпнұсқасын және екі көшірмесін ұсыну керек.
Бағдарлама бойынша құжаттарды өткізудің соңғы мерзімі: 31 наурыз сағат 17:00 –ге дейін
Грантқа үміткерлердің ақырғы тізімі қабылдаушы жоғарғы оқу орындарында – бағдарлама серіктестерінде қабылдау аяқталғаннан кейін жарияланады. ЖОО-на қабылдау сұлбасы жөніндегі нақты ақпаратты ЖОО-дың келесі сайттардан ала аласыздар:
- Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институты (ҚМЭБИ) www.kimep.kz
- Халықаралық Бизнес Университеті (ХБУ) www.uib.kz
- Халықаралық Бизнес Академиясы (ХБА) www.iab.kz
Өтінімнің толтырылған нысанын, сондай-ақ ілеспелі құжаттарды Қор офисіне әкелу керек немесе «Білім грантына» белгісімен пошта арқылы жолдануы тиіс. Қор пошта қызметіне және жіберілген құжаттардың өз уақытысында жеткізілуіне жауапкершілікті алмайтынын ескеріңіз. Құжаттар электронды пошта немесе факс бойынша жіберіле алмайды, сондай-ақ ламинацияланбауы және түптелмеуі тиіс.
- Білім гранттарына үміткерлерді іріктеу ережелері мен процедураларын, әрбір университетке арналған гранттардың саны мен көлемін Қамқоршылық Кеңесі отырысында бекіту -15 қаңтарға дейін
- Білім бағдарламаларын жариялау –31 қаңтарға дейін
- Білім гранттарын алуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдерді қабылдау - 31 наурыз сағат 17:00-ке дейін.
- Үміткерлердің алдын-ала тізімін қалыптастыру – 31 мамырға дейін
- Іріктеу кезеңінің 2 айналымын өткізу – 10 шілдеге дейін
- Қордың Қамқоршылық Кеңесі бағдарламасының финалға шыққандардың ақырғы тізімін бекіту – 31 шілдеге дейін.
- Грант иелерінің ақырғы тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау –31 тамызға дейін
- Жеңімпаздарды марапаттау, келісім-шартқа қол қою –31 тамызға дейін
Ержан Тәтішев Қорының Қамқоршылық Кеңесі келесі критерийлер негізінде білім грантын тағайындау жөніндегі шешімді қабылдайды: академиялық білімдердің жоғары деңгейі, көшбасшылық әлеуеті және үміткердің қиын қаржылық жағдайы. Қордың іріктеу және гранттарды тағайындау бойынша бүкіл қызметі объективтілік, бейтараптық және айқындылық қағидаларында құрылады.
ӨТІНІШ НЫСАНЫН ТОЛТЫРУ БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ
- Өтінім нысанының БАРЛЫҚ сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз.
- Сіздің барлық жетістіктеріңіз жайлы толығырақ ақпарат беріңіз.
- Сіздің төлқұжатыңызда/жеке тұлғаны куәләндыратын куәлікте жазылғандай, тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын толығымен жазыңыз.
- Барлық байланыс ақпараттарын, соның ішінде елдің және елді мекеннің байланыс кодын көрсетіңіз. Қор қызметкерлері немесе іріктеу комиссиясы мүшелері Сізбен хабарласатын қолданыстағы байланысу ақпаратын көрсетіңіз.
- Толтырылмаған бағандарды қалдырмаңыз.
- Барлық ақпарат көк сиямен немесе пастамен баспа әріптермен басылуы немесе жазылуы тиіс.





