Мүгедектігі бар жастарға арналған білім беру гранттары
МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАС СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалғанда бардың бәрі де кезінде арман болған. К. Сендберг
- Кіріспе
- Жалпы ережелер
- Іріктеу критериялары
- Байқаудың 1-айналымына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
Өтінім нысаны (көшіріп алу) (140,00 kB)
Ұсыныc нысаны (көшіріп алу) (114,00 kB)- Байқаудың 2-айналымға үміткердің қаржылық қиын күйін анықтайтын қажетті құжаттар тізімі
- Іріктеу үрдісі
- Өтінім үлгісін толтыруға қысқаша нұсқау
Бағдарламаның мақсаты – белсенді өмірлік ұстанымы бар, кедергілерді еңсеруге талпынып, мамандыққа ие болуға және алған білімі мен дағдыларын келешекте еңбекті қызметіне пайдалануға ұмтылатын жас мүгедектерді табу және қолдау.
Бағдарламаның негізгі мақсаты жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардан шыққан мүгедектігі бар жастарға кәсіби лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары кәсіби мектептерде (бұдан кейін - оқу мекемелері) білім алу мүмкіндігіне қол жеткізуге көмектесу болып табылады, бұл келешекте олардың жұмысқа орналасуына негіз, яғни тірек болар еді.
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары (ары қарай – Қор) берілген бағдарлама бойынша әуелі үміткердің академиялық білімдері мен қабілеттеріне, сонымен қатар оның жеке қасиеттеріне сүйенген байқаудың іріктеу нәтижелері бойынша беріледі.
Білім гранты Қордан оқудың бүкіл кезеңіне бөлінеді. Грант мөлшері Қордың Қамқоршылық Кеңесімен жыл сайынғы негізде қарастырылып бекітіледі. Білім гранты берілген жағдайда студенттің, қабылдаған оқу орнының және бағдарлама Әкімшісінің арасындағы үш жақты шартқа қол қойылады.
Білім грантын алу мақсатында тапсырылған құжаттар бағдарлама бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
Құжаттарды тапсырудан бұрын үміткерлер берілген құжатта көрсетілген критерийлермен, ережелермен және тәртіп-жосықтармен дұрыстап танысып алулары керек. Егер мәліметтер шындықпен сәйкеспесе немесе құжаттар немқұрайды әрі ұқыпсыз толтырылып дайындалса, үміткерлер байқауға жіберілмейді.
- Қордың білім гранттары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мемлекеттік әрі жеке кәсіби лицейлердің, училищелердің, колледждердің және жоғары кәсіби мектептердің студенттері үшін арналған.
- Бағдарламаға қатысуға мына төмендегі критерийлерге жауап беретін тұлғалар шақырылады:
- ҚР азаматы болуы;
- мүгедектіктің болуы;
- орта білімнің болуы;
- жас шамасы толық емес 29 жастан аспауы (өтінім берген кезде);
- қаржылық жағдайы төмен болуы керек.
- Іріктеудің процесі бағдарлама бойынша үш айналымнан тұрады:
- айналым – алғашқы іріктеудің ұсынылған құжаттардың негізінде сырттай өткізіледі (1 айналымға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімін қараңыз). 1 айналымның нәтижелері бойынша алғашқы таңдаудан өткен үміткерлердің тізімі дайындалады.
- айналым – 1 айналымнан өтіп, бастапқы тізімге кірген үміткерлер арасында өткізіледі. Үміткерлер іріктеу комиссиясымен сұхбаттасуға шақырылады. 2 айналымның нәтижелері бойынша финалистердің ақырғы тізімі дайындалады (2 айналымға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімін қараңыз).
- айналым – Қордың Қамқоршылық Кеңесінің финалистер тізімін қарастыруы және бекітуі.
- Қор қызметкерлерінің және Қамқоршылық Кеңес мүшелерінің жақын туысқандарының конкурсқа қатысуға құқықтары жоқ. Жақын туысқандардың қатарына ата-аналар, балалар, ағалар мен апайлар, туған және немере аға-інілер мен апа-сіңлілер, қарындастар, туған жиендер кіреді.
- Білім гранттарының мөлшері мен олардың көлемі Қор басшылығымен жыл сайынғы негізде анықталып белгіленеді. Білім гранты оқудың барлық кезеңдерін қамтиды.
- Білім гранты әрбір оқу жылына бөлініп (траншпен) төленеді. Студент, грант иегері, оқуында және қоғамдық өмірінде жақсы көрсеткіштер көрсеткен жағдайда ғана оған келесі оқу жылына транш бөлінеді.
- Студенттің, грант иегерінің, оқудан шығарылған/оның басқа мамандыққа, не болмаса өзге оқу орнына ауысқан жағдайында грант қосымша тізімдегі үміткерге беріледі. Қосымша тізім іріктеудің процесі кезінде негізгі тізіммен қатар дайындалады.
- Қор оқу орнынан қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрап отыра алады, ал оқу орны Ержан Тәтішев Қорының білім грантының қаражатына білім алып жүрген студенттерге қатысты барлық өзгерістер мен жаңалықтар туралы кідірместен хабарлап отырады.
- Қор берілген мағлұматтарды тексеру құқығын өзіне қалдырып, кез-келген үміткерді, оның берген мәліметтерінің шындыққа сәйкеспеген жағдайында бағдарламадан шығарып тастай алады.
- Байқау адамдардың жақсы қасиеттеріне негізделген, әрі ол бағдарламаның критерийлеріне жауап беретін ҚР азаматтарының барлығы үшін де ашық.
- Қор оқу орындарына түсуге қатысты сұрақтар бойынша кеңестер мен ақпараттар бермейді.
- Қор мен Қамқоршылық кеңес білім гранттарына үміткер үміткерлерге қатысты өздерінің шешімдерінің себеп-салдары бойынша түсіндірмелер бермеуге құқылы.
Білім гранты келесі шығындарды өтейді:
- Оқудың құны;
- Ай сайынғы стипендия;
- Басқа қалалардан/ауылдардан келген студенттер үшін жатақханада тұру мүмкіндігі;
Ержан Тәтішев қоры қатысушылардың отбасы мүшелеріне қандай да бір қаржылық көмек көрсетуді қарастырмады.
Қатысушылардың міндеттері
Байқаудың 3 кезеңіне өткен үміткерлер таңдап алған оқу орындарына түсудің барлық процедураларын өздері шешеді, яғни, қажетті ақпараттарды алады, тиісті құжаттарды тапсырады, сонымен қатар оқуға түсу үшін алғашқы түсу емтихандарын/тестілеуден өтеді. Білім грантын алған уақытта автоматикалық түрде таңдап алынған оқу орнына түсті дегенді білдірмейді.
Студенттер, грант иегерлері, қабылдаған оқу орнының академиялық стандарттарын сақтап, бағдарлама ішінде оқудың толық курсын өтуге міндетті.
Студенттің академиялық және кәсіби стандарттарға лайықсыздығы гранттық қолдаудың доғарылуына себеп болуы мүмкін.
Байқау комиссиясына қатысты ереже
Байқау комиссияның қызметі – Ержан Тәтішев Қорының Білім грантын бөлу үшін және атаулы стипендиялар бағдарламасын жүзеге асыруды жақсартумен байланысты ұсыныстар енгізу.
Байқау комиссияның іріктелуімен және Ержан Тәтішев Қорының атаулы стипендияларын берумен байланысты барлық іс-әрекеті ең жақсы үміткерлерді таңдауға көзделеді және әділдіктің, риясыздықтың әрі айқындықтың қағидаларына сүйенеді. Байқау комиссиясы Ержан Тәтішевтің білім грантын алуға ниеттенген үміткерлерді бағдарламаның анықталған белгілі бір критерийлерінің негізінде қарастырады.
Байқау комиссиясы үміткерлер туралы қосымша мәліметтер (мінездемелер) алу үшін мектептің ұстаздары мен оқушыларын әрі хаттама жазатын хатшыны шақыруға құқылы.
Қор байқау комиссияның мүшелері ретінде тікелей өз еркімен ешқандай төлемақысыз өз қызметін атқаруға келіскендерді бекітеді. Байқау комиссия мүшелерінің құрамы наурыз айының соңына дейін анықталады.
ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЯЛАРЫ
Білім грантын алу үшін үміткерлер барлық қажетті құжаттармен қоса өтінімді Ержан Тәтішев Қорына әкеліп беру қажет. Өтінім үлгісін, іріктеудің критерийлерін, қажетті қосымша құжаттардың тізімін Қордың www.tatishevfoundation.com сайтынан алуға болады.
Үміткерлердің грантқа өтінімдерін қарастырғанда Қор келесі критерийлерді ұстанады:
Академиялық білім және оқуға деген қабілет
Іріктеудің комиссиясы үміткердің білімі мен академиялық қабілеттерін жалпы орта білім туралы аттестат пен Біртұтас Ұлттық Тестілеудің (БҰТ) нәтижелері негізінде бағалайды.
БҰТ үлгісіндегі қорытынды аттестация қарастырылмаған білім мекемелерін бітірген немесе аталған орында оқып жүрген үміткерлер жалпы орта білім туралы аттестаттың негізінде бағаланады.
Көшбасшылық потенциал және жеке мінездемелер
Білім гранттарына үміткерлер өз бетінше және тәуелсіз өмір сүруге талпынып, байқауды көшбасшылық және жоғары рухани-этикалық қасиеттерге ие болып, қоршаған адамдарға сыйлы да қадірменді болулары керек.
Үміткердің жеке қасиеттері іріктеу комиссиясымен сұхбаттың, байқауға қатысушылардың эссе ретінде баяндалған өмір тәжірибесі туралы мәліметтердің және/немесе олардың оқуда, не болмаса қоғамдық өмірде қол жеткізген жетістіктерінің, сонымен қатар оқытушылардың, тәлімгерлердің және нұсқаушылардың ұсынымдарының негізінде бағаланады.
Іріктеу критериялары:
- Көшбасшылық қасиеттердің болуы және олардың дәлелденуі (эссе мен сұхбат нәтижелері бойынша)
- Академиялық білімі
- Қаржылық жағдайы
- Жетістіктері үшін алған марапаттары, олимпиада да және байқауға тең келетін іс-шаралардағы алған орындары
- Өте жақсы ұсынымдардың болуы
- Аймақтылығы (Алматы және Астана қалаларының тұрғындарының алдында аймақтағы үміткерлердің артықшылықтары болады)
- Қоғамдық және әлеуметтік өмірге қатысу
БАЙҚАУДЫҢ 1-АЙНАЛЫМЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Бағдарламаға қатысу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:
- Толтырылған Өтінім үлгісі
- Жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінші бетінің көшірмесі (жеке куәлігі, төл құэжат, тууы туралы куәлік);
- Медициналық - әлеуметтік сараптау комиссиясының (МӘСК) мүгедектік туралы анықтамасының көшірмесі;
- Мазмұны төмендегідей эссе:
а) Сіздің күшті әрі әлсіз жақтарыңыз, шектеулі мүмкіндіктермен байланысты проблемаларды жеңу (тәжірибелеріңіз, кәсіби және мансаптық мақсаттар мен оқудан тыс іс-әрекетіңіз сипатталған қысқаша өмірбаяныңыз;
б) Сіздің берілген бағдарламаға неліктен өтінім беріп тұрғанныңыз туралы және алған білімді қалай пайдалануға әзірленіп жатқаныңыз туралы жазылған мәтін;
Назар аударыңыз! Эссені үміткердің өзі жазуы немесе айтып жаздыртуы тиіс. Егер сұхбаттасу кезінде комиссия эссенің жазылуында үміткердің қатыспағанын айқындаса, бұл грант ұту мүмкіндіктерін азайтады.
- Жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі. Егер үміткердің әлі аттестаты болмаса, ол соңғы 2 оқу жылының үлгеру табелінің көшірмесін ұсына алады. Байқаудың 2 айналымынан сәтті өткен жағдайда аттестатты алғаннан кейін оның көшірмесін тапсырыруы керек. Құжаттардың барлық көшірмелері мектептің көк мөрімен куәландырылуы тиіс;
- Біртұтас Ұлттық Тестілеудің нәтижелерін растайтын сертификаттың көшірмесі (БҰТ сертификатының көшірмесі тестіні ресми тапсырғаннан кейін беріледі). Нотариалды расталған көшірменің орнына мектептің көк мөрімен куәландырылған көшірме жарамды.
Біртұтас Ұлттық Тестілеу үлгісіндегі қорытынды аттестация қарастырылмаған білім мекемелерін бітірген немесе аталған орында оқып жүрген үміткерлер сертификат тапсырмайды;
Құжаттар пакетін жоғарыда келтірілген тәртіпте дайындау қажет.
Құжаттар орыс немесе қазақ тілдерінде толтырылып өткізілуі мүмкін. Барлық ақпараттар көк түсті пастамен жазылуы немесе басылуы тиіс. 1 айналым бойынша құжаттар пошта, факс және электрондық пошта арқылы немесе офиске келіп өткізу арқылы тапсыруға болады, сонымен қатар ламинацияланған немесе тысталынған құжаттар қабылданбайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰЖАТТАР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ.
Байқаудың 1-айналымы бойынша құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі: 31 наурыз сағат 17:00 дейін.
Грант иегерлерінің ақырғы тізімі қабылдаушы оқу мекемелерінің қабылдауы аяқталған кезде жарияланады.
БАЙҚАУДЫҢ 2-АЙНАЛЫМҒА ҚАЖЕТТІ (ҮМІТКЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫН КҮЙІН АНЫҚТАЙТЫН) ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
- Үміткер немесе оның жанұясы жеткіліксіз қамтамасыз етілген тұлға/отбасы ретінде мекен-жайлық әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік көмектің өзге түрін алатыны туралы арнайы мекемелерден алынған анықтама.
Егер үміткер қаржылық қиын күйде бола тұра, жеткіліксіз қамтамасыз етілген тұлға/отбасы ретінде мекен-жайлық әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік көмектің өзге түрін алмаса, ол келесі құжаттарды ұсынуы керек:
- Отбасының/асыраушысының барлық мүшелерінің жеке басын куәләндыратын куәліктің немесе туу туралы куәліктің көшірмесі.*
- Отбасы құрамы туралы анықтама немесе үй кітабының көшірмесі. Ата-анасынан/асыраушысынан жеке тұратын үміткерлер, өзіне де өзінің ата-анасына/асыраушысына да құжаттар тапсырады.
- Отбасының кәмелет жасындағы әрбір мүшесіне қозғалмайтын мүлігінің барын не жоғын анықтайтын БТИ–ден (немесе ХҚЕ-нан (ЦОН-нан) алынған құжат ұсынылуы керек*.
- Барлық тіркелген жылжымайтын мүліктің ағымдағы нарықтық құны көрсетілген анықтама (анықтама немесе құжатты беру күні – өткен жылдың қыркүйек айынан бастап)
- Отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесінің көлік құралының бар екендігін немесе жоқтығын растайтын ҚІІБ ЖПБ-нан алынған анықтама немесе құжат.
- Барлық тіркелген көлік құралының ағымдағы нарықтық құнын көрсететін құжат (анықтама немесе құжатты беру күні – өткен жылдың қыркүйек айынан бастап).
- Отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесіне кем дегенде 12 ай ішінде жеке тұлғаға төленген табыс сомалары және табыс салығы мен зейнетақының төлемдерді ұстау жөнінідегі анықтама.
- Кем дегенде 12 ай ішінде отбасының барлық кәмелетке толғандардың жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме.
- Егер отбасы мүшелері жеке кәсіпкерлер болса, онда Салық комитетінен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы анықтаманы, кем дегенде 12 ай ішінде декларацияны ұсынылу тиіс.
- Егер ата-анасы жұмыссыз болса, онда Жұмыспен қамту орталығынан әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынуы тиіс
- Егер отбасының мүгедектер болса МӘСК-ның берген анықтамасы ұсынылуы керек
- Егер ата-анасы жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткер болса, онда зейнеткерлік куәлікті және Зейнетақы төлеу орталығынан зейнетақы мөлшерін көрсететін анықтаманы ұсыну керек
- Толық емес отбасынан шыққан үміткерлер осы деректі растайтын құжатты (ата-анасының ажырасқаны туралы куәлік, қайтыс болғаны туралы куәлік, асырап алу жөніндегі куәлік және т.б.) ұсынуы тиіс.
* Міндетті түрде үміткердің 21 жасты қоса санағанда осы жасқа дейінгі бауырларына берілген құжаттарды өткізіңіз. Құжаттардың бәрі түпнұсқада ұсынылуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда үміткер жоғарыда аталған құжаттардың нотариус куәландырған көшірмелерін беруі керек. Жалған мәліметтер/құжаттар берген кез-келген үміткер бағдарламадан шығарылады.
Eкінші айналым бойынша құжаттар тек қана қолмен тапсыру немесе поштамен жіберу арқылы ғана өткізіледі, ламинацияланған немесе тысталынған құжаттар қабылданбайды.
Бағдарламаның 2-айналымы бойынша құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі: 31 маусым сағат 17:00 дейін.
ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ІРІКТЕЛУ ПРОЦЕССІ
ӨТІНІМ ҮЛГІСІН ТОЛТЫРУҒА ҚЫСҚАША НҰСҚАУ
- Өтінім үлгісінің БАРЛЫҚ сұрақтарына құжаттарыңызға сәйкес жауап беруіңізді өтінеміз.
- Сіздің жетістеріңіз туралы толығырақ ақпараттар беріңіз.
- Тегіңізді, есіміңізді және әкеңіздің атын паспортыңыздағыдай толық жазыңыз.
- Байланысу мәліметтеріңізді, оның ішінде телефоныңыздың нөмірін және елді мекеніңіздің кодын жазып қалдырыңыз. Қор қызметкерлері немесе сұрыптау комиссиясының мүшелері Сізбен хабарласа алатын әрекеттегі байланыстарды көрсетініңіз.
- Толтырылмаған пунктерді қалдырмаңыз
- Барлық мәлімет қара түсті әріптермен басылуы немесе жазылуы керек.





