| |
RUS ENG KAZ

ҮЕҰ үшін гранттар. Программа временно приостановлена.

Қайырымдылық бағдарламасы

Мақсаты: Қайырымдылық бағдарламасының мақсаты - халықты әлеуметтік жағынан қолдау, ғылым мен мәдениетті дамыту, денсаулық сақтау және білім беру саласында жұмыс істейтін және қаржылық қолдауды қажет ететін азаматтарға және коммерциялық емес пайдасыз ұйымдарға көмек көрсету.

Жалпы басшылық

  1. Ержан Тәтішев Қоры халықты әлеуметтік жағынан қолдау, ғылым мен мәдениетті дамыту, денсаулық сақтау және білім беру саласында жұмыс істейтін азаматтар мен ұйымдардың ынталы топтарынан Қорға келіп түсетін барлық хаттарды, өтінімдерді, үндеулер мен жобаларды қарастырады.
  2. Қор Қоғаммен Байланысу жөніндегі Басқармаға (ҚББ) және ТұранӘлем Банкінің басқа бөлімшелеріне келіп түсетін және Қордың қарауына берілген хаттарды, өтінімдерді, үндеулер мен жобаларды қарастырады.
  3. Қор Қамқоршылық Кеңесімен бекітілген хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобалар категориясына жататын хаттарды, өтінімдерді, үндеулерді және жобаларды ғана қарастырады (Ержан Тәтішев Қорының қарауына қабылданатын өтінімдер, хаттар, үндеулер және жобалар категорияларын қараңыз).
  4. Қорға тікелей немесе ТӘБ-тің бөлімшелері арқылы келіп түсетін барлық хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобалар Өтінімдерді тіркеу кітабында тіркеледі. Әрбір өтінімге категория және тіркеу нөмірі беріледі.
  5. ТӘБ-тің аймақтық бөлімшелеріне келіп түсетін хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобалар жергілікті өкілмен тіркелуі тиіс және келіп түскен күнен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қорға жіберілуі тиіс.
  6. Аймақтан келген өтінімді бекіту жағдайында, Қор игілікті алушымен ҚББ-ның аймақтық бөлімшесі арқылы, ол болмаған жағдайда, банктің өкілдігі арқылы өзара әрекеттеседі.
  7. Ержан Тәтішев Қоры кәсіподақтардан, діни ұйымдардан, қоғамдық-саяси қозғалыстардан және саяси партиялардан хаттарды, өтінімдерді, үндеулерді және жобаларды қабылдамайды және қарастырмайды.
  8. Қор өзінің миссиясы мен мақсаттарына, Қордың Қамқоршылық Кеңесімен бекітілген басымдықтар мен критерийлерге сәйкес келмейтін өтінімдерді қарастырмайды (Ержан Тәтішев Қорымен қарастыруға қабылдамайтын өтінімдер, хаттар, үндеулер және жобалар категорияларын қараңыз).
  9. Қор қайырымдылық көмек мөлшерін шектемейді, бірақ та өтінімдерді қарастыру кезінде Қордың бюджетін және сұратылатын соманың шынайылығы критерийлерін басшылыққа алады.
  10. Хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобалар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
  11. Хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобаларды қарастыру үрдісі Қордың басымдықтарына, Қордың Қамқоршылық Кеңесімен бекітілген регламенті және жұмыс процедурасына сәйкес бірнеше сатылардан тұрады (Хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобаларды қарастыру ережелерін, процедураларын және сұлбасын қараңыз).
  12. Хаттар, өтінімдер, үндеулер және жобалар Қордың Қамқоршылық Кеңесімен бекітілген іріктеу критерийлеріне сәйкес қарастырылады.
  13. Қамқоршылық Кеңесі ұсынылған хаттар мен өтінімдерді өз отырыстарында екі айда бір рет қарастырады. Өтінішкерлер хаттар мен өтінімдерді іріктеу кезінде осындай шығындарды, сондай-ақ Өтінішкерлер қаржыландыруды бөлу жөніндегі шешімге байланысты қажетті процедуралық сұрақтарды назарға алуы тиіс.
  14. Өтінімдері мен сұраулары (қарастырудың барлық сатыларында) кері қайтарылған барлық өтінішкерлер бас тарту жөнінде ресми түрде хабардар етілуі тиіс.
  15. Қор өтінімдерден бас тарту мен кері қайтару себептері туралы түсініктерді бермеуге құқылы.
  16. Қор өз қызметін жылжыту және жарнамалау мақсатында игілікті алушылар жөніндегі ақпаратты пайдалануға құқылы. Игілікті алушылар ол жөнінде хабардар етілуі тиіс.
  17. Қордың жүзеге асыруға шығарылған қаржыларын қажетті мақсатқа жұмсамау жағдайында, Қор болашақта игілікті алушымен кез келген қарым-қатынастарды тоқтатуға құқылы. Сонымен қатар, Қор мүдделі ұйымдар арасында алынған қаржыларды мақсатсыз пайдалану жөніндегі ақпаратты таратуға құқылы.
  18. Қаржыландыруға бекітілген хаттар мен өтінімдерді берушілері қаржыландыруды алу, әрі қарай есептілік және келісім-шартты бекіту процедураларымен танысу үшін Қор кеңсесіне ресми түрде шақырылады.
  19. Аймақтық өтініш берушінің Алматыға келуі үшін жол қаражаты болмаған жағдайда, келісім-шарттар ТӘБ-тің аймақтық (жергілікті) бөлімшелері арқылы жөнелтілуі мүмкін.
  20. Бағдарлама аясында келісім-шарттарды бекітудің, жабдықтау мен қаржыландырудың барлық процедуралары Ержан Тәтішев Қорының ережелеріне және ҚР заңдарына сай жүргізілетін болады.
  21. Көрсетілген көмек нәтижелерінің мониторингін және бағалануын Қор қызметкерлері жүзеге асырады. Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері көрсетілген көмек нәтижелеріне бағалау жүргізуге қатыса алады.

Ержан Тәтішев Қорымен қарастыруға қабылданатын өтінімдер, хаттар, үндеулер мен жобалардың категориялары

Білім

Бұл категорияда Қор мыналарды қолдайды 1) білім беру жүйесінің дамуына ықпал етуші коммерциялық емес ұйымдардың жобалары және 2) қаржылық-экономикалық мамандық студенттерінің ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау.

Қор мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар мен бастамаларды, сондай-ақ ақыл-есінің дамуы жағынан артта қалған балаларды оқыту бойынша жаңа әдістерді әзірлеу мен енгізуге бағытталған жобалар мен бастамаларды қаржыландырады. Сондай-ақ Қор мамандандырылған оқу орындарының, соның ішінде оңалту ортақтарының мұғалімдері мен жұмыскерлерінің әлеуетін арттыруға ықпал етуші инновациялық бастамалар мен жобаларға мүдделі болып отыр. Сонымен бірге, осы категория аясында Қор қаржылық-экономикалық мамандық студенттері арасында әр түрлі тақырыптар бойынша байқаулар мен зерттеулерді өткізеді.

Спорт

Бұл категорияда Қор мыналарды қолдайды 1) балалар және жасөспірімдер спортын дамыту, 2) мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында спортты дамыту, сондай-ақ 3) спорттың ұлттық түрлерін дамыту.

Қор балаларға арналған спорт алаңдарын, спорт клубтарын жөндеуді және жайластыруды, спорттық инвентарь мен құрал-жабдықтарды сатып алуды, шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарды сауықтыруға арналған арнайы спорттық инвентарьды сатып алуды, спорттық шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін, сондай-ақ спорттың ұлттық түрлерін дамытуға арналған өтінімдер мен жобаларды қолдайды.

Өнер

Бұл категорияда Қор өнер саласындағы жас таланттарға қолдау көрсетеді.

Ұлттық мәдени мұра

Бұл категорияда Қор мыналарды қолдайды 1) Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеу, 2) халықтық қолөнер мен кәсіпшілікті қолдау және 3) халықтар достығын нығайту және ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау жөніндегі жобалар.

Қор тарих пен мәдениетке қатысты зерттеулерді, мысалы, Қазақстан халықтарының әр алуан мәдениетін, дәстүрлері мен салттарын, асханасын және т.б. өзара ықпалдасуын; Ұлы Жібек Жолы тарихының аз зерттелген тарих беттерін зерттеуді; Қазақстанның қазіргі кездегі тарихы мен мәдениетін зерттеуді, сондай-ақ халықтар достығын нығайту және ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау жөніндегі жобаларды қаржыландырады. Қор сондай-ақ, халықтық қолөнер мен кәсіпшіліктің сақталуы мен дамуына бағытталған жобалар мен бастамаларды қолдайды.

Басқалар

Бұл категорияда Қор әр түрлі салалардағы коммерциялық емес пайдасыз ұйымдар мен ынталы топтардың бастамалары мен жобаларын қолдайды.

Мысалы, Қор жергілікті мәселелерді шешу үшін ауыл тұрғындарының бастамаларын қолдауға бағытталған жобалары мен бастамаларын, экологиялық жағдайды жақсартуға және денсаулық сақтаудың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды қаржыландырады.

Ержан Тәтішев Қорымен қарастыруға қабылданбайтын өтінімдер, хаттар, үндеулер және жобалардың категориялары

Ержан Тәтішев Қоры келесі мақсаттарға арналған хаттар мен өтінімдерді қабылдамайды және қарастырмайды:

  • Емделу шығындарын өтеу;
  • Жолақы;
  • Жеке тұлғаларға материалдық көмек көрсету;
  • семинарлар мен тренингтерге қатысу ақысын төлеу;
  • Конференция, форум, симпозиумдарға қатысу;
  • Шетелдік стажировкаларға бару;
  • Фундаментальды ғылыми зерттеулер өткізу;
  • Кітаптар мен кез келген өзге басылымдарды шығару, өтінімнің Қор бағдарламалары аясындағы критерийлер мен талаптарға сәйкес келуі бұл тізімге кірмейді;
  • Білім алу, өтінімнің Қордың білім гранттары бағдарламасының критерийлері мен талаптарына сәйкес келуі және соның аясында қаржыландырылуы бұл тізімге кірмейді.

Сонымен бірге Қор кәсіподақтардан, діни ұйымдардан, қоғамдық-саяси қозғалыстардан және саяси партиялардан хаттарды, өтінімдерді, үндеулерді қабылдамайды және қарастырмайды.

Өтініштерді қарастыру сұлбасы

Кескіндемені ұлғайту үшін оның үстінен басу керек.

Азаматтар мен ұйымдардан келетін хаттарды, өтінімдер мен үндеулерді қарастыру мен қолдаудың ережелері мен процедуралары

Қордың Қайырымдылық Бағдарламасы аясында қаржылық көмекті алу үрдісі 4 сатыдан тұрады:

  1. Хаттар мен өтінімдерді өткізу;
  2. Хаттар мен өтінімдерді ішкі қарастыру;
  3. Берілген хаттар мен өтінімдерді Қамқоршылық Кеңесінің қарастыруы және қолдауы;
  4. Келісім-шартты дайындау және бекіту.

I. Хаттар мен өтінімдерді өткізу

Барлық хаттар мен өтінімдер Қордың форматында (application/msword  Өтінім нысанын (169,00 kB) веб-сайттан қараңыз) қатаң ресімделуі тиіс. Өтінімдерді Ержан Тәтішев Қорының кеңсесіне қағаз түрінде немесе электронды нысанда қабылданады. Хаттар мен өтінімдерді қазақ немесе орыс тілдерінде жөнелтуге болады.

II. Хаттар мен өтінімдерді ішкі қарастыру

  1. Барлық жинақталған хаттар мен өтінімдер апта сайын Қор қызметкерлерімен ішкі отырыстарда қарастырылады. Бір апта ішінде Қор қызметкерлері әрбір хат пен өтінімді қарастырады, олардың Қор талаптарына сәйкестігін тексереді.
  2. Қажетті жағдайда Қор қызметкерлері телефон байланыстары, сайт визиттер және кездесулер арқылы хатта немесе өтінімде келтірілген өтініштің дәлдігін және негізділігін тексереді, сондай-ақ өтінішкерлердің қарастыруға арналған құжаттарын дайындауға көмектеседі.
  3. Қажетті жағдайда Бағдарлама Менеджері қосымша ақпаратты жинайды.
  4. Егер хаттың немесе өтінімнің ішіндегі ақпарат шындыққа сай келмесе немесе Қордың мақсаткерлігі мен мақсаттарына сәйкес келмесе, Бағдарлама менеджері хатты немесе өтінімді кері қайтаруға құқылы. Менеджер Қамқоршылық Кеңесіне кері қайтарылған хаттар мен өтінімдердің тізімін ұсынуға міндетті және бас тарту түсініктемесін қоса жіберуі тиіс.
  5. Жобаларды қарастырып болған соң, Менеджер Ассистентпен бірге Қамқоршылық Кеңесінің отырысында қарастыру үшін барлық ілеспелі құжаттамамен бірге алғашқы іріктеуден өткен хаттар мен өтінімдердің тізімін дайындайды.
  6. Қордың Қамқоршылық Кеңесінің әрбір отырысына Бағдарлама менеджері мыналарды дайындауы тиіс:
    1. Категориялары бойынша өтінімдер мен хаттардың қысқаша түсіндірмесі бар ілеспелі хатты;
    2. Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері үшін құжаттар пакетін, оған кіретіндер:
      • Хаттар/өтінімдер тізімі;
      • Хаттар/өтінімдер (немесе олардың көшірмелері);
      • Қамқоршылық Кеңесінің мүшелері үшін сараптамалық бағалау Нысанының таза бланктері.

III. Берілген хаттар мен өтінімдерді Қамқоршылық Кеңесінің мақұлдауы.

  1. Қамқоршылық Кеңесі хаттар мен өтінімдерді қарастыру үшін екі айда бір рет жиналады.
  2. Қамқоршылық Кеңесі Қор қызметкерлерімен ұсынылған хаттар мен өтінімдерді қарастырады, және хатты, өтінімді мақұлдау немесе бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
  3. Қамқоршылық Кеңесі даулы жағдайларда Президенттің немесе Бағдарлама Менеджерінің сұрақтарға жауап беруін және түсінік беруін сұрайды.
  4. Егер хатта (өтінімде) арнайы техникалық компонент болса, онда техникалық маман осы компонентті қарастыруы және түсіндіруі тиіс. Бұр түсіндірулер Қамқоршылық Кеңесінің отырысында жасалуы мүмкін немесе жазбаша түрде ұсынылуы мүмкін. Техникалық маманның дауыс беру құқығы жоқ..
  5. Отырыс хатшысы әрбір хат (өтінім) бойынша Қамқоршылық Кеңесі жасаған барлық ескертулер мен түсініктемелердің мұқият жазбасын жүргізуі тиіс және әрбір хат (өтінім) бойынша Сараптамалық бағалаудың толтырылған Нысанын жинайды.

IV. Келісім-шартты бекіту

  1. Қамқоршылық Кеңесі Отырысының Хатшысы міндеттерін орындайтын Менеджер көмекшісі хаттар мен өтінімдерді талқылау кезінде жасалған ескертулердің толық жазбасын жүргізуі тиіс. Бұл ескертулер хаттаманың бөлігі болып табылады, және игілікті алушылармен әрі қарай өзара әрекеттесуі үшін негіз болады.
  2. Қамқоршылық Кеңесінің отырысынан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
    • Қамқоршылық Кеңесімен мақұлданған хаттар мен өтінімдер тізіміне Қор Президенті қол қояды және Бағдарлама Менеджеріне беріледі;
  3. Менеджер барлық игілік алушыларды Қамқоршылық Кеңесінің шешімі жөнінде ресми түрде хабардар етеді. Шешімдер түрлері мыналар:
    • Мақұлданады;
    • Шартымен мақұлданады (қосымша ақпарат қажет);
    • Мақұлданбайды
  4. Хаттары/өтінімдері ескертусіз мақұлданған өтініш берушілер хатты-хабарламаны алады, онда келісім-шартқа қол қою күні, уақыты және орны көрсетілетін болады.
  5. Хаттары/өтінімдері шартпен мақұлданған өтінішкерлер Қамқоршылық Кеңесі қабылдаған шешім жөніндегі хатты-хабарламаны алады, ол жерде ұсыныстар және ұсыныстардың орындалу мерзімдері көрсетілуі тиіс. Өтінішкер Қамқоршылық Кеңесі ұсынған шарттарды орындағаннан кейін, Менеджер келісім-шартқа қол қою және қаржыландыру процедурасына кіріседі.

Өтінімдерді іріктеу критерийлері

  1. Жобаның (өтінімнің) Қордың миссиясына, мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігі.
  2. Мәселенің қажеттілігі және өзектілігі. Жоба мақсаты өз аудиториясының шынайы қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескереді.
  3. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пайданы бенефициардың (жоба нәтижесінде пайда көрушілер) басым бөлігі алады.
  4. Өтінімде ұсынылған мәселені шешудің ұзақ мерзімдік, тұрақты және жағымды сипаты бар.
  5. Өтінімде ұсынылған мәселені шешу шынайы уақыт шегінде шынайы және қол жетерлік деңгейде болады.
  6. Жобаны жүзеге асырудың жоспары нақты және негізделген болып табылады.
  7. Жоба қаржылық шығындар тұрғысынан ұтымды және экономикалық тиімді.
  8. Жобаны орындаушылардың қажетті біліктілігі және жеткілікті тәжірибесі бар.
  9. Жергілікті деңгейде жергілікті билік, тұрғындар, беделді тұлғалар тарапынан жобаны қолдаушылық.бар.
  10. Жобада жергілікті бизнестен, басқа демеушілерден, жобаның өзінен табыстарды, өтінішкердің натуралды нысандағы салымы (мысалы, волонтерлік, еркіндік еңбегі), жергілікті билік пен тұрғындардың салымы бар.
  11. Жобаны орындау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейді.
  12. Басқа ұйымдардың тәжірибесін пайдалану және олармен әрекеттесу аймақта бар басқа бағдарламалардың қызметін толықтырады.
  13. Ұсынылатын мәселені шешуде инновациялық тәсілдемелер мен әдістемелерді пайдалану/енгізу.
  14. Оң тәжірибенің таратылу мүмкіндігі.