Біз туралы жазады
«Ержана Татишевтің қоры» Қорының білім беру гранттары бағдарламасының тұңғыш түлектері - ЖОО мен коллледждерді қоса алғанда, елдің білім беру мекемелерінде сәтті білім алып шыққан 14 стипендиант.
«Ержана Татишевтің қоры» Қорының білім беру гранттары бағдарламасының тұңғыш түлектері - ЖОО мен коллледждерді қоса алғанда, елдің білім беру мекемелерінде сәтті білім алып шыққан 14 стипендиант. Алты стипендиант қаржылық-экономикалық мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне арналған граннтар бағдарламасы бойынша білім алды. Қалған балалар мүгедек балаларға арналған бағдарламаның стипендианттары атанды.
Марапаттау рәсіміне Қордың білім беру гранттарының тұңғыш түлектері, түлектердің ата-аналары, Қордың құрылтайшылары: Ерлан Татишев және Еркін Татишев, Қамқоршылық Кеңестің мүшелері, ЖОО мен колледждердің ректорлары, «Бота», «Құс жолы» Қорларының және Британ Кеңесінің өкілдері, бизнес-әріптестер қатысады.
«Ержана Татишев» ҚҚ білім беру гранттарының бірегейлігі сол, ол тек лайықты білім алуға ғана емес, стипендианттармен бүкіл білім алу үрдісінің барысында үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда, ЖОО тәмамдаған соң стипендианттарға жұмысқа орналасуға немесе магистр деңгейін алу үшін әлемнің үздік университетінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік беріледі.
Бүгінгі таңда Қор 44 студенттің білім алуын қолдап отыр, олардың 19-ы Қазақстанның Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтында, Халықаралық бизнес университетінде, Халықаралық Бизнес Академиясында және ҚБТУ жанындағы Халықаралық Экономика Мектебінде білім алуда. Балалар үйінің бес түлегі Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде, ал 20 мүгедектігі бар стипендиант тұрғылықты мекен-жайы бойынша колледждерде білім алуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты болып, жоғары деңгейлі мамандарды қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар белсенді азаматтық ұстанымдары бар жастар қауымын қалыптастыру да табылады. Осылайша, Қордың грантының иегері болудың басты шарттарының бірі - белсенді ерікті (волонтерлік) жұмыс жүргізу. Грант алуға талапкер жоғары үлгерімді, әрі көшбасшылық қасиеттерге ие болуы шарт.
Шектеулі мүмкіндіктері бар жастарға арналған білім беру бағдарламасы олардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін дамыта отырып, «ерекше» балалардың заманауи қоғамға әлеуметтік бейімделіп кетуіне және дамуына бағытталған. Осылайша, мүмкіндіктері шектеулі жастар арасынан кәсіпқой және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау қоғамдағы біреудің асырауында болу, кемсіту секілді маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді.
Қордың құрылтайшылары мен қызметкерлері келесідей пікірде: “Осы күннің табысты адамы - бұл тек тамаша білімі, жетістікке толы мансабы бар және табысы мол адам ғана емес, сонымен қатар белсенді, азаматтық ұстанымы бар, қоршаған әлемге селсоқ қарамайтын адам. Сондықтан Қор өз стипендианттарына жоғары талаптар қояды, оларға жауап бермеу Бағдарламадан тыс қалуға алып келеді. Бірнеше бала күрделі іріктеуден өтіп, елдің үздік университеттерінде оқу құқығын жеңіп алды да, қойылған межеге сай келмей қалды, сондықтан Қорға олармен қоштасуға тура келді”.
Қор негізінде «Көшбасшылық мектебі» - Стипендианттар Клубы бар, оның мүшелері болып Қордың білім беру гранттарының стипендианттары табылады. Клуб мүшелері өз күштерімен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қорғауға және қолдауға бағытталған түрлі әлеуметтік жобаларды жасақтап, іске асырады. Мұның бәрі жастардың белсенді азаматтық ұстанымының дамуына ықпал етеді. Осы күнге дейін Клуб 2009 және 2010 жылдары екі қайырымдылық концерттерін ұйымдастырды. Клубтың жинаған жалпы қаржысы 416 000 теңгені құрады. Бар жиналған сома мұқтаж болғандарға көмек көрсетуге жұмсалды. Сонымен бірге Стипендианттар Клубы Алматының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, Стипендианттар Клубының мүшелері мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы қалалық автобус бағытын ұйымдастыру бойынша жобаның жасақталуы мен іске асырылуына белсенді атсалысты.
Білім беру гранттары бағдарламасы 2006 жылы «Ержана Татишевтің қоры» ҚҚ Қамқорлық Кеңесімен бекітілді. Стипендианттарды іріктеу жыл сайын қаңтардан шілде айының аяғына дейін жүргізіледі, бұл кезде қалаушылар наурыздың аяғына дейін құжаттарын тапсырып, бірінші кезеңнен өткендер интерактивті семинар формасындағы іріктеудің екінші кезеңінен (маусым) өту үшін шақырылады. Семинардың мақсаты – үміткерлердің жеке тұлғалық сипаттамасын, көшбасшылық әлеуетін, шешім қабылдау икемділігін, топқа жетекшілік ету икемін, таныстырылым жасау икемін, топтық сезімін және хат жазу дағдырларын анықтау.





