| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

08.01.2008

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры қаржылық – экономикалық мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алу негізінде әлеуметтің жағдайы нашар отбасылардан шыққан түлектерге білім беру грантын жариялайды.

Бағдарламаның мақсаты – айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері бар, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеру ұмтылысы бар қаржылық-экономикалық мамандықтардағы ең үздік студенттерді анықтау және қолдау.

Бағдарламаға қатысу үшін әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан, Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында (KIMEP) және Қазақ - Британ технологиялық университетінің базасындағы Әлеуметтік Ғылымдар және Халықаралық Бизнес Мектебінде (ISE) және Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) білім алғысы келетін мектептер мен колледждердің түлектері шақырылады.

Бағдарламаға қатысуға Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина азаматтары шақырылады.

Бакалавриат бағдарламасы бойынша құжаттарды өткізудің соңғы мерзімі: 2008 жылдың 31 наурызы сағатқа 17:00 дейін (Алматы уақытысы бойынша)

Өтінім нысанын, іріктеу критерияларын, қажетті қосымша құжаттардың тізімін www.tatishevfoundation.com Қор веб-сайтынан, сондай-ақ аталған ЖОО-ның - бағдарлама серіктестерінің қабылдау комиссияларынан алуға болады.

Толтырылған өтінім формасын, қосалқы құжаттарды Қордың мекен –жайына «Білім беру гранттарына» деген ескерту бойынша жіберілу қажет:

Қазақстан Республикасы,
050051, Алматы қаласы,
Жолдасбеков көшесі 97, Блок А2, 2 қабат
Тел./Факс: + 7 (727) 266 34 94
Эл.пошта: foundation@bta.kz
www.tatishevfoundation.kz

Құжаттар электронды пошта және факс бойынша қабылданбайды.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.