Жаңалықтар
Білім бағдарламалары аясында өткен іріктеу турларының өткендігі жайлы Ержан Тәтішев Қоры біраздан бері айтып жүр. Грантты алуға ниеттенген үміткерлердің ішінен дарынды балаларды таңдауда комиссия мүшелері қиналып қалды, өйткені грант санының аздығына қарамастан грантқа үміткерлер қатары басым болды.
Жеңімпаздарды анықтау үшін түрліше көрсеткіштер ескерілді, атап айтсақ: академиялық үлгерімі, жеткен жетістіктері, қоғамдық шараларға қатысуы және де отбасының материалдық жағдайы. Сонымен қатар үміткерлердің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері, командамен бірігіп жұмыс жасау және қиын жағдайларда шешім қабылдай алу іскерлігіне де ерекше көңіл аударылды. Қарым – қатынасты орната алу, ауызша және жазбаша сөз мәнері, шешендік өнері, креативтілік, ақыл - ой және жалпы мәдени деңгейі, белсенділігі және жұмысқа қабілеттілігі, болашағын нақты болжай алуы да ескерілді.
2008 жылдың 16 шілдесінде үміткерлердің құжаттарын, іріктеу турларында жинаған балл сандарын, сарапшылардың берген ұсыныстарын талқығаннан кейін, Қордың Қамқоршылық Кеңесі 2008 жылғы білім бағдарламаларының жеңімпаздарын тағайындап, бекітті. Ержан Тәтішев Қоры Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында, Халықаралық Экономика және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінде және Халықаралық Бизнес Университетінде экономика – қаржы мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға негізделінген 6 грант тағайындады. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген балалар үйінің түлектеріне арналған арнайы білім бағдарламасы бойынша 6 грант және кәсіби орта білімді алуға ниеттенген мүгедектігі бар жастарға 10 грант тағайындап, бекітті.
Ержан Тәтішев Қорының 2008 жылғы білім бағдарламаларының жеңімпаздары:
Экономика – қаржы мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға негізделінген бағдарлама бойынша:
Бақтыбаев Әлихан
Жекпелдінов Ернар
Қабдрахман Азамат
Кравченко Константин
Михальченко Ирина
Орумбаев Исламбек
Балалар үйінің түлектеріне арналған бағдарлама бойынша:
Адаюшкина Салтанат
Алмағанбетов Жандос
Аубакірова Тұрсынай
Баянов Александр
Исаева Фәрида
Марахина Елена
Мүгедектігі бар жастарға арналған бағдарлама бойынша:
Абдуалиева Гүлнұр
Бейсенбекова Алмагүл
Гуляева Наталья
Дәулетбаева Айгерім
Ермаков Владимир
Жәненов Тимур
Жолжанова Айдана
Кошқарбаева Махабат
Омарова Айгерім
Үсерова Мәлика
Біздің жеңімпаздарымыз жайлы қосымша толығырақ ақпараттарды «Біздің жеңімпаздарымыз» бөлімінен таныса аласыздар.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.