Жаңалықтар
2011 жылғы түлектер
Біздің түлектер
«Сіздер бізге заманауи заманда табыстан жоғары және адамгершілікті әрекеттермен байланысты бағасы қүнсыз дүниелерді көруге мүмкіндіктер бердіңіздер»
Усерова Малика, Қордың түлегі
КИМЭП, Халықаралық бизнес университетінің, КБТУ жанындағы Халықаралық экономика Мектебінің бес студенттері «Экономика және қаржы» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесіне қол жеткізді. Үш студент- Давлидова Амина, Жүсіпов Рашид және Орумбаев Исламбек үздік дипломмен бітірді. Ахметжанов Жәлел және Бутина Сабина отандық дипломмен қатар, шетел үлгідегі дипломға да қол жеткізді, атап айтсақ, Прагадағы Ян Каменский атындағы Университеттің және саяси ғылым және экономиканың Лондондық мектебінің түлектері атады.
Сондай-ақ бітіруші-студенттердің көбісі ЖОО-мен серіктес шетел университтерімен тәжірбие алмастыруға барды. Жүсіпов Рашид жарты жыл Оңтүстік Кореяда оқыды. Ал Давлидова Амина жарты жылдай Швецияда біраз білім алса, Бутина Сабина өзінің оқуын Чехиядан бітірді. Тәжірбие алмастыру бағдарламасынан тыс, Қор стипендиаттары түрлі кәсіби біліктіліктерін дамытатын, барлық студенттерді біріктіретін AISEC, SIFE және т.б. бағдарламаларына қатысты.
Жоғары оқу орындарын тәмамдаған студентермен қатар, Қор колледж және арнайы оқу орындарынан білім алып жатқан мүгедектігі бар жастарды қолдайды. Осы жылы Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз және Қостанай қалаларындағы 8 ұлдар мен қыздар, атап айтсақ, Абдуалиева Гүлнұр, Абашова Сая, Ермаков Владимир, Жаненов Тимур, Жолжанова Айдана, Кошкарбаева Махаббат, Омарова Әйгерім сынды стипендиаттар бухгалтер және экономист, IT-маманы, заңгер, орта мектеп мұғалімдерінің мамандықтарына ие болды. Жаненов Тимур колледжді қызыл дипломмен тапсырып, Қазақстандық мемлекеттік заң академиясына тапсыруға бел буып отыр. Барлық студенттер жақсыға тәмамдады, олардың үлгірімдерін 4,5 баллмен бағаланды. Стипендиаттардың ішінде сабақты қатар алып, мамандық бойынша жұмыс істегендері де бар. Кейбіреулері білімдерін шыңдап, әрмен қарай жоғары оқу орнына тапсырмақшы.
Жақсы академиялық көрсеткіштер көрсеткенімен қатар, стипендиаттар қоғамның өздерінің оқу орындарының, сонымен бірге Алматы қаласының әлеуметтік өміріне белсенділік көрсетті. Оқу жылы бойы олар №1 балалар үйіне көмек көрсетті: спартакиада өткізді, сырғанақ тебуге балаларды ұйымдастырды, тауда қоқыстарды жинастыру бойынша экологиялық акция өткізді. Екі рет қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып, түскен қаражаттарын сырқат балалардың емделуіне жіберді. Сондай-ақ Қордың түлектері өздіктерінен қозғала алмайтын балаларға арналған арнайы көліктік маршрутты ұйымдастыру жөнінде жобаны жүзеге асыруға ат салысты.
Қормен бірге өткен жылдары жайлы Қордың стипендиат-түлектеріне құлақ түрейік...
Орумбаев Исламбек: «Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттары да, сондай-ақ түлектері де кез келген уақытта Қордан көмек алуға мүмкіндіктері бар. Өзімнің ерік-күшіме сенуді оятты және іскерлік дағдыларымның қалыптасуына қатты ықпал еткен Қорға деген алғысым шексіз».
Бутина Сабина: «Студенттік ұйымдардың әлеуметтік өмірінде үнемі белсенділік таныту, семинарға, әлеуметтік жоспарларды жүзеге асыру, оған қоса, жоғары академиялық көрсетіштер көрсету Қордың кез келген стипендиатының жекелей дамуына зор ықпалын тигізді деп ойлаймын. Бұл төрт жыл менің әрмен қарайғы өміріме мықты база болып қалыптасты: білім алу, әлеуметтік қатысу, көшбасшылық, өз-өзін дамыту, халықаралық семинарлар мен бағдарламалар. Бұның барлығы Ержан Тәтішев Қорының арқасынан деп білемін. Қорға алғысым шексіз. Қор түлектеріне үлкен сәттіліктер тілеймін!».
Жүсіпов Рашид: «Мен Қордың дамуына үлкен табыстар тілеймін, перспективалық студенттер көп болсын! Сіздердің тарапыңыздан жасап жатқан іс-әрекеттер болашақтың жарқын болуына сенім білдіреді. Мен Қордың құрылтайшыларына, сонымен қатар қызметкерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Меніңше, біздің іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымыздың арқасында қоғамның игілігін көтеруге болады. Менің Қордың алғашқы қарлығаштарының бірі болғандықтан, болашақта Ержан Тәтішев Қоры Қазақстанның дамуындағы қозғаушы күші екенін дәлелдеуге әрекет етемін. Үлкен рахмет!».
Белходжаев Нұрсұлтан: «Мен үшін де, басқа стипендиаттар үшін Ержан Тәтішев Қоры – бұл ең алдымен үлкен өмірге апаратын жарқын жол. Меніңше, оқу жылдарында алынған білімдер, құндылықтар, қағидалар және Қордың әлеуметтік жобалары біз үшін өте пайдалы болды, сондай-ақ болашақта үлкен пайдасы болады деп ойлаймын. Біздің шыңға өрмелеу кезеңімізге бастау берілді. Біз енді неге қол жеткізгенімізді көрсетуіміз керек, қоғамның игіліне жұмыс жасауымыз қажет. Сондықтан да біз жан-жақты дамуға, жаңа жаңалықтарды меңгеруге, алған білімдерімізді шыңдауға ықпал етіп жатырмыз. Жауапкершілікті болу, көшбасшылық қасиетке ие болу, алынған білімдеріміз – бұл біздің жүгіміз. Алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз, бірақта қиыншылықтарға қарамай, біз алдыға ұмтылуға тиіспіз. Барлық болашақ стипендиаттарға, сондай-ақ стипендиаттар қатарына қосылатындарға айтарым, ешқашан қорықпаңыздар, өздеріңізді әр қырынан көрсетуге тырысыңыздар, мақсатыңызға қол жеткізе біліңіздер. Негізгі бастаған қадамдарыңыз адамдарға оң әсерін тигізуі қажет екенін ұмытпаңыз».
Абашова Сая: «Бір сөзбен айтқанда Қор бізге үлкен мүмкіндіктер берді. Оқу оқып, карьера жасауға, білімді болуға, топбасы болуға, ең бастысы өзге жандарға көмек қол ұшын созуға үйретті. Құдай қаласа, осы дипломның арқасында жұмыс жасап, сіздердің үміттеріңізді ақтаймыз деп сенемі. Алла разы болсын сіздерге».






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.