Жаңалықтар
Андрей Съединмен кездесу. Өнімдер промоушндағы әлеуметтік желілер мен блогтың тиімділігі.
Осы жылдың мамыр айында Қор стипендиаттарымен кездесу кезінде Еркін Тәтішев стипендиаттардың болашақ өмірлеріне әсер ететін Қазақстанның атақты және беделді азаматтарымен кездесуді ұйымдастыру қажеттігін айтып өткен болатын.
Аталмыш оқу жылында Дискуссионды клубтың алғашқы кездесуі 2010 жылдың 26-шы қазанында өтті. Кештің қонағы ретінде алматылық атақты блоггер Андрей Съедин шақырылды. Съедин мырзаны біз кездесуге шақырғанда, ол кісі Қор жайлы жағымды қолдаушы сөздер айтып, кездесуге бірден келістігі қуантты.
Андрей Съедин – беделді блоггер, журналист. Оның syedin.kz жекелей блогы бар, сондай-ақ partyzan.kz, hush-hush.kz, pomidor.kz атты сән, оқиғалар, атақты жерлер жайлы порталдарының негізін салушы. Андрей «Unqum» журналдың бас редакторы болып, ұзақ уақыт журналистика саласында қызмет атқарды, сондай-ақ Energy FM радиосында өзінің «postfactum» бағдарламасын жүргізеді. Стипендиаттармен кездесу кезінде Андрей өзінің іс-әрекеттерімен таныстырып, блогтың мән-мағынасын ашып, қарқынды блогтың құпияларын паш етіп, сайтты айналдырудың жолдарын көрсетті. Vkontakte, face book, twitter сияқты әлеуметтік желілерінің не үшін құрылғаны және қалай жұмыс жасайтыны стипендиаттардың қызығушылықтарын оятты. Сонымен бірге әлеуметтік желі және блог, Әлемдік желі арқылы кез келген өнімді айналдырудың тиімді ережелері жөнінде жарнама жайлы әңгіме қозғалды. Стипендиаттардың көбісі твиттерде өздерінің профайлардарын ашып, енді жеке блогтарын құру ниеттерін білдірді.
Сондай-ақ Андрей стипендиаттардың «Стиляги в Том Самом баре» қайырымдылық кешіндегі қайырымдылық оқиғаны қалай айналдыру жөнінде бірқатар ақыл-кеңестер берді.
Сөз соңында, Ержан Тәтішев Қорының Дискуссионды клубының жұмысына осындай қызығушылық танытып, стипендиаттарға берген бірқатар ақыл-кеңестері үшін Съедин мырзаға ризашылығымызды білдіреміз.
Кравченко Константин






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.