| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

26.09.2018

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
Алматыда Ержан Тәтішев қорының және Астана әкімінің білім беру гранттарын табыстау салтанаты өтті

2018 жылдың 21 қыркүйегі – Бүгін ALMAU университетінде Астана әкімінің және «Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоғамдық қоры бағдарламалары бойынша жыл сайынғы білім беру гранттарын табыстау салтанаты өтті

Ержан Тәтішев қорының гранттары екі бағдарлама бойынша - кәсіпкерлік саласындағы «БесТірек» және ерекше қажеттіліктерге ие жастарға арналған бағдарлама бойынша табысталады. Жеңімпаздар жоғары академиялық көрсеткіштер, отбасының қаржылық және экономикалық жағдайы сынды өлшемдер бойынша байқау негізінде іріктеледі. Сондай-ақ, үміткерлердің жеке сапалары мен дағдылары, кәсіпкер болуға және өз бизнесін ашуға деген ұмтылысы ескеріледі. 2007 жылдан бастап Қор бағдарламалары мен жобалары жүзеге асырылып келе жатқалы бері талантты жас қазақстандықтарды қолдауға арналған білім беру бағдарламаларына және басқа да жобаларға бағытталған жалпы қаржы 720 млн. теңгеден асты.

2018 жылдағы бағдарламалар бойынша гранттарды студенттерге Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және Қордың құрылтайшысы Еркін Тәтішев табыстады. Сондай-ақ, жеңіпаздарды Қордың Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, Ерлан Тәтішев, Қуат Домбай, ТОО ЖШС «Kazpetrol group» директорлар кеңесінің төрайымы, Оразхан Қарсыбеков, боксқа еңбегі сіңген спорт шебері, әйгілі тренер, Серік Қонақбаев, Грузиядан арнайы келген демеушілер, т.б. бизнес пен мемлекеттік құрылым өкілдері қолдау үшін салтанатқа келді.

«Мен жылда жеңімпаздарға білім беру гранттарын ерекше толғаныспен әрі қуанышпен табыстаймын. Біз Қорды бауырымыз Ержанның құрметі үшін құрдық. Ол қарапайым отбасыдан шығып, барлық қиыншылықтарға қарамастан өзінің таланты мен еңбекқорлығы арқасында көптеген биіктерге жетті. Біздің қордың мақсаты – ертең өз жетістіктерімен алға озып, еліміздің өркендеуі мен көркеюіне үлес қосатын талантты жас азаматтарымызды қолдау. Еңбекқорлықпен ұшталған әрі бүгін материалдық, моралдық қолдауға ие болған талант ертең бүкіл қоғамға өз пайдасын әкелетіндігіне мен шын жүректен сенемін, - деді «KUSTO GROUP» әртараптандырылған компаниялар тобы директорлар кеңесінің басшысы және «Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоғамдық қорының құрылтайшысы Еркін Тәтішев. – Мен жеңімпаздарға олардың барлық бастамаларында табыс тілеймін және біздің сенімізді ақтайтынына сенемін. Ержан біздің қасымызда болғанда, сіздерді мақтан тұтар еді дегенге сенімдімін».

Ержан Тәтішев қорының екі бағдарламасы аясындағы білім беру гранттарына 2018 жылы 8 жас ие болды. «БесТірек» бағдарламасының жеңімпаздары болып Олжас Құлакеев, Мәдина Шайкиева, Камилла Әлімханова, Дана Тасболатова, Салтанат Қуанова және Айгерім Қариева атанды. Ерекше қажеттіліктерге ие жастарға арналған гранттарға Ақтөре Айтманбет және Павел Одинцов ие болды.

«Маған өз жоспарларымды жүзеге асыруға үлкен көмегін тигізіп отырған Қорға алғысымды білдіремін. Біздің барлығымыз осындай қолдаудың арқасында өз оқуымыз үшін үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Мен білім алып, мультипликатор мамандығын игергім келеді, осының арқасында бір күні Африкаға саяхаттап, әлемдік деңгейдегі анимациялық фильмді жасап шығару туралы арманымды жүзеге асырғым келеді», - деп атап өтті ерекше қажеттіліктерге ие жастарға арналған бағдарламаның жеңімпазы Павел Одинцов.

«БесТірек» білім беру гранттарының бағдарламасы көшбасшылық қасиеті айқын білінетін және кәсіпкер болуға ұмтылатын ең үздік студенттерді қолдайды. Грантқа ие болғысы келетін үміткерлер – АлмаU университетінде кәсіпкерлік бойынша білім алып, өз бизнесін ашқысы келетін күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан мектеп пен колледж оқушылары, балалар үйінің түлектері. Бағдарлама аясында студенттер бір уақытта оқудан өтіп, бизнес-жобасын ашуға, еліміздің жетекші компанияларындағы тәлімгерлерден қолдау алуға, әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі Babson College-де (АҚШ) тағылымдамадан өтуге, сондай-ақ, стартапты ашу үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде грант алуға және университетте бүкіл оқу кезеңінде білім беру грантына ие болуға мүмкіндік алады.

Ерекше қажеттіліктерге ие жастарға арналған арнайы білім беру бағдарламасы белсенді өмір сүріп, кедергілерді жеңіп, игерген білімдері мен дағдыларын өз қызметінде қолданғысы келетін мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау мақсатында құрылған. Гранттар жаңа білімдерді игеруге құштарлығы жоғары және кәсіпті игергісі келетін талантты жастарға байқау негізінде тағайындалады.

Қордың білім беру гранттары бүкіл оқу кезеңіндегі оқу құнын өтейді. Оның ішінде ай сайынғы шәкіртақы, жатақханада тұру құны және де басқа қаладан келген шәкіртақы алушыларға жылына бір мәрте үйіне барып қайту үшін жолақысы төленеді. Бағдарламаның барлық өлшемдеріне сәйкес келетін жоғарғы оқу орындарына алғаш рет түсіп жатқан орта мектеп және колледж түлектері байқаудың бүкіл кезеңінен сәтті өтіп, қаржылай қолдауға мұқтаж екендігін құжат түріндей растай алған жағдайда білім беру грантына үміткер бола алады.

Анықтама:

«Е. Тәтішев атындағы «Ержан» Қоғамдық қоры табыс табуды мақсат тұтпайтын қайырылымдылық ұйымы болып табылады. Қор қайырымдылық саласында 2005 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Қорға ұйымның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін белгілеп беретін Қамқоршылар кеңесі басшылық етеді. Қамқоршылар кеңесін «KUSTO GROUP» әртараптандырылған компаниялар тобы директорлар кеңесінің басшысы Еркін Нұрелдайымұлы Тәтішев басқарады. Топ төрт құрлықтағы 30-дан аса компаниямен экономиканың әртүрлі салаларында 15 жылдан аса уақыттан бері жұмысын жүргізіп келеді.

Қосымша ақпарат:

Әлия Сланова, Қордың бағдарламалар жөніндегі үйлестірушісі :

Тел: +7 (727) 331 13 14/ 15, +7-777 1701104
aliya@tatishevfoundation.kz
www.tatishevfoundation.kz
https://www.facebook.com/Yerzhan-Public-Foundation-162582960517422/

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.