| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

23.01.2012

«Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ қаржы-экономикалық мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген мектеп және колледж түлектеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар жастарға арналған 2011 жылғы білім гранттар байқауын жариялайды

Өзінің миссиясына орай, Қор әлеуметтік белсенді және жоғары мотивациялы, академиялық көрсеткіштері жақсы дарынды балаларға байқау негізінде гранттарды бекітеді.

Бағдарламаның мақсаттары:

- айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері бар, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеру ұмтылысы бар қаржылық-экономикалық мамандықтардағы ең үздік студенттерді анықтау және қолдау;

- белсенді өмірлік ұстанымы бар, кедергілерді еңсеруге талпынып, мамандыққа ие болуға және алған білімі мен дағдыларын келешекте еңбекті қызметіне пайдалануға ұмтылатын жас мүгедектерді табу және қолдау.

Бағдарламаға қатысуға келісілер шақырылады:

- Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында (KIMEP), Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) және Халықаралық Бизнес Академиясында (IAB) білім алғысы келетін мектептер мен колледждердің түлектері. Аталған бағдарламаға Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Украина азаматтары қатыса алады. Балалар үйінің түлектеріне артықшылықтар беріледі.

- Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы арнайы-орта оқу орындарында білім алуға ниеттенген, сондай-ақ ата-аналары білім алу шығындарын төлей алмайтын отбасылардың мүгедектігі бар жастары. Бұл бағдарламаға тек Қазақстанның азаматтары ғана қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2012 жыл 31 наурыз 17:00 сағат (Алматы уақыты бойынша).

Байқаудың жалпы ережесімен танысу үшін, өтінім формасын алу, құжаттарының тізімін алу үшін, сондай-ақ білім гранттарының Бағдарламасы жөнінде толық ақпараттарды www.tatishevfoundation.kz сайтынан көруге болады:

Бакалавр дәрежесін алуға арналған Ержан Тәтішев Қорының білім гранттар бағдарламасы

Мүгедектігі бар жас студенттерге арналған Ержан Тәтішев Қорының білім бағдарламасы

"Ержан Тәтішев Қоры" ҚҚ
Байзаков көшесі 125, Айтеке би к. қиылысы
Алматы, 050026
Қазақстан Республикасы
Тел./Факс: +7 727 298-02-50
E-mail: foundation@tatishevfoundation.kz
www.tatishevfoundation.kz

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.