| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

12.12.2016

Жаңа жыл 2017

2017 жылдың 9 желтоқсанында Қордың болашақ түлектерінің көмегімен ұйымдастырылған жаңа жылдық корпоратив өтті. Оқуды бітіргелі отырған жастарымыздың белгілі бір тақырып аясында мереке өткізіп жүргендеріне бірнеше жыл болды. Биылғы жылы да біз осы қалыптасқан тамаша дәстүрімізді шет қалдырмай, кешімізді «Хоррор-квест» тақырыбына бағыштауды ұйғардық. Мерекелік кешке қатысушылардың берілген тапсырмаларды орындау кезінде өздерінің ой-өрістері мен біліктіліктерін танытып қана қоймай, Бизнес-центрдің барлық қабаттарын шарлап шығуға тура келді, ал ең батылдары ғимараттың қараңғы тұстарына да барудан қорыққан жоқ. Әбден жаттығып болған соң, кеш қонақтары ассоциациялар мен логикалық тапсырмаларды орындауға көшті.

Қордың алғашқы түлегі, Жалел Ахметжанов кеш қонақтарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, білімгерлерге емтиханды табысты аяқтауды, ал небір кәсіп иесі атанып, еңбектеніп жүрген немесе өз ісін бастаған түлектерге жұмыста табыс пен жетістік тіледі.

Осы сиқырлы мереке қарсаңында әр адам өткен уақытты қорытындылап, келешекке жоспар құрады. Біздің дәстүріміз бойынша кеш қонақтары 365 күн уақытқа кері қайтіп, былтыр өзіне жолдаған хаттарын оқыды. Әрқайсысымыз осы жылды қандай оймен қарсы алғанын есімізге алып, маңызды істерімізді қорытындыладық, іске асырылған жоспарларға разы болып, бүгінде жүзімізге күлкі ұялататын армандарымызды еске алдық.

Жұлдыз жорамалы бойынша келер жыл әрбір адамның қабілетін аша түседі, жаңа биіктерге қол созып, бизнесте жүргендерге үлкен табыс әкеледі. Ержан Тәтішев Қорының атынан барлықтарыңызды келе жатқан жаңа 2017 жылдарыңызбен құттықтап, зор денсаулық, береке, кәсіби және шығармашылық табыс әкелсін деп тілейміз!

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.