| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

20.05.2010

2010 жылдың 19 мамырында Ержан Тәтішев Қоры Халықаралық Бизнес Академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум болашақта білім беру және ақпараттық кеңістік әлемінде екі жақтың біріге серіктестікте болатынын болжайды.

Меморандумға сәйкестендіріле, Қор өз тарапынан жыл сайын ХБА-да бакалавриат бағдарламасы бойынша экономикалық және қаржылай мамандықтар (ағылшын бөлімінде) бойынша оқитын студенттерге білім гранттарын ақшалай қаражаттарды бөлумен өз іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Атап айтқанда, Ержан Тәтішев Қорының атынан әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыздандырылған отбасыдан шыққан екі талапкер ХБА-да оқуға білім грантын ала алады. Білім гранты оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде оқуды төлеумен, тұратын орынмен және егер де студент басқа қаладан келсе, онда жылына бір рет үйіне барып келуінің жолын төлеумен, ай сайынғы алатын шәкіртақысымен ерекшеленеді.

Екі ұйымның серіктестікте біріге жұмыс жасау идеясы бір ай шамасында пайда болды, сол себепті ХБА-ның Президенті-ректоры Қожамқұлов Асылбек мырза мен Ержан Тәтішев Қорының Президенті Айтмағамбетов Марат мырза алғашқы рет осы мүмкіндіктерді ортаға салып, жан-жақты қарастырылған болатын. Сондықтан да жақын арада Қордың Қамқоршылық Кеңесінің шешімімен ХБА-мен серіктестік орнатып, біріге жұмыс жасауға шешім қабылданды. Меморандумға қол қою, өз тарапынан Қазақстанның дамуына үлес қосып, экономика және қаржы салаларында халықаралық білім бағдарламасын енгізіп, сонымен қатар осы салада білікті мамандарды даярлау еліміздің көркеюіне ықпалын тигізері сөзсіз.

Қордың президенті Айтмағамбетов Мараттың айтуынша, ХБА-ы тәуелсіз халықаралық сарапшылардың бағалаулары бойынша бүгінгі күні Қазақстандағы бизнес-оқу орнының бірегейі болып табылады. Марат Темірғалиұлы Халықаралық Бизнес Академиясына екі оқу грантын тағайындау, бұл екі ұйымның серіктестігінің алғашқы қадамы деп біледі. Болашақта бұл оқу орнымен қарым-қатынастар нығайтылып, дамитынына күмәніміз жоқ.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.