| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

21.02.2017

Ержан Тәтішев Қоры қаржы-экономикалық және IT мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген мектеп, колледж және балалар үйлері түлектеріне арналған 2017 жылғы білім гранттары байқауын жариялайды

Ержан Тәтішев Қоры жыл сайын қаржылық қолдауды қажет ететін мектеп, колледж және балалар үйлерінің түлектеріне білім гранттарын тағайындайды. Өзінің миссиясына орай, Қор әлеуметтік белсенді және жоғары мотивациялы, жақсы академиялық көрсеткіштері бар дарынды балаларға байқау негізінде гранттарды бекітеді.

Бағдарламаның мақсаты – көшбасшылық қабілеті бар, жаңа білім алып, машықтануға ниеттенетін, және қаржы-экономика және IT саласындағы мамандықтарды меңгеруге ұмтылатын мектеп, колледж және балалар үйлерінің түлектерін қолдау болып табылады.

Бағдарламаға қатысу үшін KIMEP университетінде, Алматы Менеджмент Университетiнде (бұрыңғы аты - Халықаралық Бизнес Академиясы) және Сүлейман Демирель атындағы Университетінде білім алғысы келетін мектептер, колледждер және балалар үйлерінің түлектері шақырылады.

Балалар үйінің түлектері өтінімдерді қарастыру және ақырғы жеңімпаздар тізімін бекіту кезінде артықшылыққа ие болады.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2017 жылы, 30 сәуір, сағат 17:00 (Астана уақыты бойынша).

Байқаудың шарттарын, өтінім формасын, қажетті құжаттар тізімін, сонымен қатар Білім бағдарламасы жөнінде толық ақпаратты Қордың серіктес оқу орындарының қабылдау комиссиялары мен Қордың сайтынан көре аласыз: http://kaz.tatishevfoundation.kz/programs/obrazovatelnye_granty/bakalavriat.

Өтінім формасын, сонымен бірге тіркеме құжаттарды толтырып, барлық жинастырылған құжаттарды «Білім гранты» деген ескертпемен белгілеп, Қор кеңсесіне немесе мына мекен-жайға өткізіңіз (электронды поштамен және факс арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды):

"Е.Тәтішев атындағы Е.Тәтішев Қоры" ҚҚ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.-сы, 050026
Байзаков көшесі 125, Әйтеке би к. Қиылысы, «Номад» БО, 508-кеңсе

Қосымша кеңес алу үшін бізбен байланысыңыз:
Тел./Факс: +7 (727) 331 13 14

E-mail: foundation@tatishevfoundation.kz
www.tatishevfoundation.kz

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.