| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

09.07.2008

2008 жылғы Ержан Тәтішев Қоры білім бағдарламаларының үміткерлерін іріктеу кезеңінің соңғы серпілістері

Жаз......Бұл мезгіл басым көпшілігіне еңбектік немесе оқу демалысы, кейбіреулеріне каникул кезеңі болып табылады. Ал жеке тұлғаның қалыптасу кезінде кейбір азаматтар үшін бұл өміріндегі ең белсенді де, маңызды кезең. Өйткені түлектер мектеп қабырғасынан шығып, болашақ жайлы, өзінің болашақтағы білімі, мәнсап жайлы толғандыратын сезімдерге шомылатын күрделі өтпелі кезеңнің бірін бастарынан кешеді...

Ержан Тәтішев Қорының қызметкерлеріне уақыттың өте тапшылық кезеңі - жаз айлары болып саналады. Өйткені осы кезде жастар арасында өткізілген Қордың үш бірдей білім беру бағдарламаларының соңғы іріктеу турлары өтеді. Бұл Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында, Халықаралық Экономика және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінде және Халықаралық Бизнес Университетінде экономика – қаржы мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға негізделінген білім бағдарламасы. Бұл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген балалар үйінің балаларына арналған арнайы білім бағдарламасы. Бұл орта кәсіби білім алуға ниеттенген мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған арнайы білім бағдарламасы.

Бұл аталған үш бағдарламалардың жалпы ортақ мақсаты – болашақта жеке тұлға ретінде қалыптасуына және кәсіби жетістіктерге жетуге әсерін тигізетін оқу жүйесіндегі білімді алуға ұмтылатын талантты, дарынды, белсенді өмірлік позицияларға ие жастарға мүмкіндіктер беру.

Ержан Тәтішев Қоры жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды жеңіп шыққандарға гранттарды ұсынады, сондықтан да үміткерлер іріктеу кезеңдерінде барлық жағынан сынға алынады. Соңғы кезең адамның жан дүниесін толғандыратын іріктеу байқау кезеңі болып есептеледі, өйткені бұл кезеңге мықтылардың мықтысы жиналады. Ал бұл жиналғандар аталған гранттың иесі болу үшін өздерін 100 пайыздық дәрежеде көрсетулері қажет.

Дегенмен, іріктеу туры өтті. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттарын жинастыру, ЖОО-на түсу үшін емтихандарды тапсыру, іріктеу кезеңдерінен өтудің барлығы артта қалды. Кез келген үміткер Қор бағдарламаларына сәйкестендірілген талаптар мен критериялар бойынша түрлі жақтарынан сынға алынады. Ал болашақтағы жеңімпаздар үшін байқаудың соңғы қорытынды шешімін күтіп, қуанышты жеңіс сөзі «Ура!» айтуға аз қалды.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.