| |
RUS ENG KAZ

Жаңалықтар

25.01.2012

Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттары «Фандрайзинг негіздері» атты тренингте бас қосты.

2012 жылдың 25-ші қаңтарында Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттары үшін «Фандрайзинг негіздері» тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл аталмыш іс-шарада қазақстандық және халықаралық ұйымдардан қаржылай қолдау іздестіру жолында ҮЕҰ-дың қалай әлеуеттерін жоғарлату тұрғысында мәліметтер берілді.

Тренинг барысында фандрайзинг негіздері жайында ақпараттар беріліп, қаржылай қарым-қатынас жасау туралы сөз қозғалып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Қор стипендиаттары бұрын соңды жобаны қаржыландырған әдіс-тәсілдерімен пікір алмасса, аталмыш тренингтің жетекшісі Дана Жарықова өз тарапынан жинақталған тәжірбиесімен бөлісті.

Көптен бері жүрген «Фандрайзинг және азаматтық қоғам мен үшінші сектордың дамуындағы оның рөлі», «түрлі Қорларды және басқа ресурстарды еліктірудегі маркетингтік бағыты», «Фандрайзингтің тәсілдері мен альтернативтері», «Тиімді фандрайзингтің кезеңдері», «Фандрайзинг этикасы және мінсіз фандрайзинг» секілді сұрақтарға стипендиаттар толыққанды жауап алды деп сенеміз.
Бұл аталмыш тренинг «Көшбасшылар мектебінің» аясында өткізілді.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.