Жаңалықтар
2011 жылдың 14-ші қарашасында «Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ-ның кеңсесінде Көшбасшылық Мектебінің аясында «Стратегиялық жоспарлау» тақырыбында кезекті мастер-класс өтті.
2011 жылдың 14-ші қарашасында «Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ-ның кеңсесінде Көшбасшылық Мектебінің аясында «Стратегиялық жоспарлау» тақырыбында кезекті мастер-класс өтті.
Екі сағат ішінде тренингтің қатысушылары жоспарлау форматы, стратегияның жалпы бағыттары, жағдаятты талдау сұрақтары бойынша жалпы мағлұматтар алды. Ержан Тәтішев Қорындағы Стипендиаттар клубының күшті және әлсіз жақтары, сонымен қатар мүмкіндіктері қарастырылды, SWOT-талдау жасалынып, болашақтағы стратегияның негізгі мақсаттары бекітілді.
Тренингке қатысқан кез келген қатысушылар Стипендиаттар клубының даму бағыттары жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті. Стратегияны қалай жоғары деңгейде жүргізу сұрақтары көтерілді, сонымен бірге оны енгізудің жақсы көрсеткіштерге қалай жету керектігі жайлы, сондай-ақ тренингтің қатысушыларына Т.Седова стратегиялары сәтті жүзеге асырылған басқа ұйымдардың тәжірбиелерімен таныстырды.
Тренингтің қатысушылары белсенді әрекетке ниеттеніп отыр, болашақта өздерінің жұмыстарының жақсы нәтижелерін көрсететінін жеткізді.
Тренингті тәжірбиелі тренер, Әлем банкінің кеңесшісі –Седова Татьяна жүргізді.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.