Жаңалықтар
2011 жылдың 7-ші желтоқсанында Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттарына арналған Жаңа жылдық кеш өтті.
2011 жылдың 7-ші желтоқсанында Ержан Тәтішев Қорының кеңсесінде 2008 жылғы білім гранттар бағдарламасының стипендиаттары тарапынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық кеш өтті. Жоғары оқу орындарының бітіруші түлектері, сондай-ақ Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттары Жаңа жылдық кешті құттықтау видеороликпен ашты. Бұл видеороликте 2008 жылдан бергі олардың студенттік және Қормен бірге өткен кезеңдері көрсетілді.
Байқауға қатысу, іріктеу кезеңдері, жеңімпаз атану, алғашқы сессия, Қормен бірге өмір сүру, Қамқоршылық Кеңесінің төрағаларымен кездесу, еріктілік жобалар, түрлі қызықты кештер... Міне, осындай қызықты және есте қаларлық сәттерге тағы бір мәрте шолу жасап, сол уақыттарға тағы бір қайта айналып келгендей әсер қалдырды. Жаңа жыл кешінде құттықтау сөзін алған Тәтішев Ерлан Нүрілдайымұлы мен Тәтішев Еркін Нүрілдайымұлы кеш қонақтарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бітіруші түлектерге үлкен жетістіктер тілеп, үлкен өмірлеріне ақ жол тіледі. Мерекелік кештің соңы стипендиаттар тарапынан ұйымдастырылған ойындармен, қызықты қойылымдармен, ән-би жырымен аяқталды.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.