| |
RUS ENG KAZ

Жиі қойылатын сұрақтар - мүгедектер

Сырттай оқуға түсу үшін өтініштерді қарастырасыздар ма? Көптеген мүмкіндігі шектеулі балалар күнделікті сабақтарға бара алмайды, сондықтан да оларға тек білім алудың жалғыз варианты сырттай бөлімге түсу.

Қазіргі таңда Қор сырттай білім беру жағынан қолдау көрсетпейді. Қордың тағы бір басымдылығының бірі жастарға күндізгі толық курст біліміне мүмкіндіктер ұсыну.

Кейбір мүмкіндігі шектеулі балалар БҰТ-і тапсырудан босатылған, сонда да Қор бағдарламаларына қатысу үшін оны міндетті түрде тапсыру қажет пе?

Егер Сіз түсетін оқу орнына студенттерді БҰТ –сіз ала берсе, онда Сіз бізге БҰТ сертификатын тапсырмай-ақ қойсаңыз болады. Қор үшін оқу орнына түсу талаптары маңызды емес. Бізге тек қажеті Сіздің ресми түрде оқу орнына түсуіңіз, яғни, бұл сізге Қордың стипендиаты ретінде білім грантын беруге негіз болады.

Егер де мен мүгедектіктің 3-ші тобына жатсам, байқауға уақытша қатыса аламын ба?

Қор оқу аяқталғанға дейін мүмкіндігі шектеулі бар балаларды қолдайды. Егер де Сіз мүгедектік топқа жататыныңызға күмәніңіз болса, онда біз сіздің өтінішіңізді қарастырмаймыз.

Байқауға қатысу үшін бірнеше құжаттар тапсыру қажет, ал кейбір құжаттарды (мысалға, МАИ-ден, ТЗБ-дан алынған анықтамаларын, бағалау құжаттарын) алу өте қиын, сондықтан да біз құжаттарды өз уақытында тапсырып үлгермей жүрміз. Бұндай жағдайда не істеуіміз қажет?

Біз тек ерекше жағдайларда ғана қосымша құжаттарды жинастыруға біраз уақыт береміз. Алғашқы өткізілген құжаттардан кейін Сіз берілген мерзім ішінде қалған құжаттарды өткізіп үлгеруіңіз қажет. Бұндай жағдайда Қор Сіз үшін әрдайым қосымша уақыт береді дегенді білдірмейді. Сіздер құжаттарды жинастыруда қосымша уақыт алып тапсырғандығыңыз іріктеудің келесі турында ескерілетінін тағы да атап өтеміз.

Байқаудың іріктеу кезеңдері қалай өтеді?

Байқаудың 1 турында барлық ұсынылған құжаттарға талдау жүргізіледі. Бұл жерде құжаттардың толық және қандай болмасын құжаттардың жетіспеушілігі де қарастырылады. 1 турдың нәтижесі бойынша жеңіп шыққан жеңімпаздар байқаудың келесі 2 турына шақырылады, бұл тур үміткермен әңгімелесу түрінде өткізіледі. 2 турда үміткерлердің академиялық үлгерімділігінің деңгейлігі анықтайтын емтиханға жатқызылмайды. Әңгімелесу кезінде біз үміткерлердің оқуға деген дайындығын, қиыншылыққа төзімділігін, мақсатқа бағыттылығын, білім алудағы талпынысын көру мақсатында жүргізіледі. Яғни, бұл турға бір арнайы дайындықпен келу қажет емес. Жеңімпаздардың соңғы тізімін Қордың Қамқоршылық Кеңесі бекітеді.

Арнайы-орта оқу орнының студенттері осы аталған байқауға қатыса ала ма?

Ержан Тәтішев Қоры өз стипендиаттарын тек 1 курстан бастап қабылдайды. Егер де Сіз Қордың грантына үміткер болғыңыз келсе, онда Сіз оқуды 1 курстан бастап қайта жалғастырасыз.

Білім бағдарламасына сәйкес Қор менің қалған оқуымды төлеу бойынша өтініштер қабылдай ма?

Қордың талаптарына сәйкес Қор өз стипендиаттарын тек 1 курстан бастап қабылдайды. Сондықтан да біз оқудың қалған курстарын төлеу жөнінде өтініштерді қарастырмаймыз.

Қор өз стипендиаттарының қандай шығындарын мойындарына алады?

Егер де Сіз байқаудың жеңімпазы атанып, Қордың стипендиаты болсаңыз, онда Қор өз тарапынан Сіздің оқуыңызға қатысты шығындарды төлейді, олар: оқу мерзімінің барлық төлем ақысы (ЖОО, стипендиат, Қор арасындағы келісім шарт негізінде), ай сайынғы шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз ету, басқа қаладан келген стипендиаттарға жылына бір рет жолын төлеу және де оқутя тәмәмдағаннан кейін жұмысқа орналастыруға ықпал ету.

Қор талап ететін құжаттардың тізімінен отбасының кез келген мүшесіне құжаттарды жинастыру керектігі көрсетілген, ол қандай жағдаймен байланыстырылған?

Стипендиаттарды іріктеу критерияларының бірі болып табылатын жағдай, олардың отбасының материалды - қаржылай жағдайы. Сондықтан да Қор осы критерияны бағалау үшін отбасының кез келген мүшесінің табыстары мен мүліктік жағдайлары талдауға алынады (18 жастан ересектерді қосқанда). Отбасының кәмелетке толған кез келген мүшелерінің қаржылық жағдайларын талдау үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсыруға міндетті. Міндетті түрде табыс туралы анықтама қағазы және Зейнетақы Қорынан алынған үзінді көшірмені ұсыну қажет. Егер де сіз қазіргі уақытта жұмыс жасамайтын адамға табыс туралы анықтама қағазын ұсына аламасыңыз және ол жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрмаса, біз осындай жағдайда мынандай ережеге сүйенеміз – тек ресми құжаттарды қарастырамыз. Егер де Сіз жұмыссыз ретінде анықтама қағазын әкелмесеңіз, онда біз оның жұмыссыз еместігін ескермейміз.

Менің арнайы-орта білімім бар, мен байқауға қатыса аламын ба?

Әрине, Сіз бұл байқауға қатыса аласыз. Бірақ та байқауға қатысқанда тепе -тең түскен кезде арнайы-орта білімі жоқ қарсыласыңыз жоғары баллды алып кетеді. Және де байқауға қатысу үшін Сіз ешжерде білім алмауыңыз қажет.

Мен өздігімнен оқу орнына оқуға түстім, бірақ та құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталды, сонда да грантты алуға құжаттарды тапсыра аламын ба?

Байқаудағы бағдарламаның талаптары бойынша мерзіміне сай құжаттарын тапсырған үміткерлер қатыса алады. Сондықтан да Сіз өздігіңізден оқу орнына түсіп, енді қаржыландыру көзін іздестірсеңіз, біз Сіздің өтініштеріңізді қарастыра алмаймыз. Байқауға қатысу үшін құжаттар алдын ала тапсырылады, кейбір оқу орындарында қабылдау комиссиясы жұмыс жасамаса да біз құжаттарды қабылдай береміз. Біз бұл ережеге сүйенеміз, өйткені мақсатқа бағытталған адам өз болашағын және өзінің мақсаттарын жүзеге асыруда алдын ала мүмкіндіктер іздестіреді. Сондықтан да біздің Қорда байқаудың іріктеу үрдісі оқу орнына құжаттарды тапсырумен қатар жүреді. Ескертетін жайт, Қор үміткерлер үшін оқу орындарының грантын алуда олардың оқуға түсуі бойынша ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Егер де біздің бағдарлама бойынша жеңімпаз оқу орнына түсе алмаса, онда ол бағдарламадан түрде шығып қалады.

Ержан Тәтішев Қорының грантын алуға тапсырылған өтініштер мен құжаттар, мен көрсеткен оқу орнына да қосымша тапсырыла ма? Осы аталған Қорға құжаттарды тапсырып, ал оқу орнына құжаттар мен өтініштерді тапсырмауға бола ма?

Қор өз тарапынан стипендиаттардың іріктеу кезеңдерін өткізуге ғана жауапты, жеңімпаз атанған кезде біз стипендиаттың оқуына байланысты шығындарды төлеуге кепілдеме береді. Бірақ та оқу орнына түсу – ол стипендиаттың жауапкершілігі. Оқу орнына түсуге қатысты барлық сұрақтар тікелей оқу орнына өткізілуі қажет. Тіпті, Сіз біздің бағдарламамыздың жеңімпазы болған күннің өзінде, Сіз оқу орнына (құжаттарды тапсырып үлгермесеңіз, байқауға келмесеңіз және т.б) құжаттарды тапсырмасаңыз, Сіз біздің бағдарламадан шығып қаласыз.

Мен байқаудың нәтижелерін қалай біле аламын?

Тек байқаудың 2 турының жеңімпаздарын ғана телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарландыру беріледі. 1 турдан өтпеген үміткерлер тікелей Қорға хабарласу арқылы ғана байқау нәтижелерін біле алады. 2 турдың нәтижелерін жазбаша түрде жіберіледі. Қордың сайтында жеңімпаздардың аты-жөндері енгізіледі.

Мен және менің отбасым тіркелген мекен-жайда тұрмаймыз, басқа қалада тұрамыз. Сондықтан да отбасы туралы анықтама қағазын ала алмай жатырмыз, бұнда жағдайда не істейміз?

Қандай жағдай болмасын барлық құжаттарды Қорға тапсыру міндетті. Қор іріктеу кезеңінде ресми құжаттарды ғана қарастырып, ескереді. Өйткені біз кез келген үміткерлердің жағдайын зерттейтін ресурстарға алуға мүмкіндіктеріміз жоқ.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін байқауға қатысуға бола ма?

Өкінішке орай жоқ. Егер де Сіз бекітілген мерзім ішінде құжаттарыңызды тапсырып үлгермесеңіз, онда байқаудың келесі турларына қатысуыңызға құқығыңыз жоқ. Барлық өтініштер және тиісті қосымша құжаттарды толығымен талқыланып, талдау жасалынады. Байқаудың барлық іріктеу үрдісі график бойынша жасалынған. Сондықтан да біз барлық өтініштерді белгіленген мерзім бойынша қатаң түрде қабылдаймыз. Сонымен қатар байқауға өз уақытында құжаттарын тапсырған басқа да үміткерлерге деген этика қатаң сақталуы керек.