| |
RUS ENG KAZ

Жиі қойылатын сұрақтар - балалар үйлері

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін байқауға қатысуға бола ма?

Өкінішке орай жоқ. Егер де Сіз бекітілген мерзім ішінде құжаттарыңызды тапсырып үлгермесеңіз, онда байқаудың келесі турларына қатысуыңызға құқығыңыз жоқ. Барлық өтініштер мен тиісті қосымша құжаттарға толығымен талқыланып, талдау жасалынады. Байқаудың барлық іріктеу үрдісі график бойынша жасалынған. Сондықтан да біз барлық өтініштерді белгіленген мерзім бойынша қатаң түрде қабылдаймыз. Сонымен қатар байқауға өз уақытында құжаттарын тапсырған басқа да үміткерлерге деген этика қатаң сақталуы керек.

ЖОО-ның студенттері осы аталған байқауға қатыса ала ма?

Ержан Тәтішев Қоры білім алуға тек грантты ұсынатын қарапайым демеуші ұйым болып табылмайды. Білім алудың барлық кезеңдерде Қор өз тарапынан стипендиаттарға барлық жағдайларда қолдау көрсетеді. Сондықтан да Қор өз стипендиаттарын тек 1 курстан бастап қабылдайды. Егер де Сіз Қордың грантына үміткер болғыңыз келсе, онда Сіз оқуды 1 курстан бастап қайта жалғастырасыз.

Қор өз тарапынан стипендиаттарының қандай шығындарын мойындарына алады?

Қордың талаптарына сәйкес Қор өз стипендиаттарын тек 1 курстан бастап қабылдайды. Сондықтан да біз оқудың қалған курстарын төлеу жөніндегі өтініштерді қарастырмаймыз.

Қор өз тарапынан стипендиаттарының қандай шығындарын мойындарына алады?

Егер де Сіз байқаудың жеңімпазы атанып, Қордың стипендиаты атансаңыз, онда Қор өз тарапынан Сіздің оқуыңызға қатысты шығындарды төлейді, олар:

- оқу мерзімінің барлық төлем ақысы (ЖОО, стипендиат, Қор арасындағы келісім шарт негізінде),

- ай сайынғы шәкіртақы,

- жатақханамен қамтамасыз ету,

- Алматыға келген келген стипендиаттардың жолын төлеу,

- Алматы қаласына бағдарлану сессиясын ұйымдастыру;

- Алғашқы қажетті киімдерді алуға біржолғы жәрдемақы;

- Бағдарламаның барлық кезеңінде әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету;

Сонымен қатар Қор өздерінің стипендиаттарын түрлі конференцияларға, семинарларға және т.б. дамытушылыққа ықпал ететін түрлі іс-шараларға қатысуларына мүмкіндіктер ұсынады.

Мен өздігімнен жоғары оқу орнына оқуға түстім, бірақ та құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталды, сонда да грантты алуға құжаттарды тапсыра аламын ба?

Бағдарламаның талаптары бойынша байқау тек мерзіміне сай құжаттарын тапсырған үміткерлер қатыса алады. Сондықтан да Сіз өздігіңізден оқу орнына түсіп, енді қаржыландыру көзін іздестірсеңіз, біз өкінішке орай Сіздің өтініштеріңізді қарастыра алмаймыз. Байқауға қатысу үшін құжаттар алдын ала тапсырылады. Кейбір оқу орындарында қабылдау комиссиясы жұмыс жасамаса да біз құжаттарды қабылдай береміз. Біз бұл ережеге сүйенеміз, өйткені мақсатқа бағытталған адам өз болашағын және өзінің мақсаттарын жүзеге асыруда алдын - ала мүмкіндіктер іздестіреді. Сондықтан да біздің байқаудың іріктеу үрдісіне құжаттарды тапсыру оқу орнына құжаттарды тапсырумен қатар жүреді. Ескертетін жайт, Қор үміткерлер үшін оқу орындарының грантын алуда олардың оқуға түсуі бойынша ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Егер де біздің бағдарлама бойынша жеңімпаз оқу орнына түсе алмаса, онда ол бағдарламадан шығып қалады.

Ержан Тәтішев Қорының грантын алуға тапсырылған өтініштер мен құжаттар, мен көрсеткен оқу орнына да қосымша тапсырыла ма? Осы аталған Қорға құжаттарды тапсырып, ал оқу орнына құжаттар мен өтініштерді тапсырмаса бола ма?

Қор өз тарапынан стипендиаттардың іріктеу кезеңдерін өткізуге ғана жауапты, жеңімпаз атанған кезде біз стипендиаттың оқуына байланысты шығындарды төлеуге кепілдеме береміз. Бірақ та оқу орнына түсу – ол стипендиаттың жауапкершілігі. Оқу орнына түсуге қатысты барлық құжаттар тікелей оқу орнына өткізілуі қажет. Тіпті, Сіз біздің бағдарламамыздың жеңімпазы болған күннің өзінде, Сіз оқу орнына (құжаттарды тапсырып үлгермесеңіз, байқауға келмесеңіз және т.б) құжаттарды тапсырмасаңыз, онда Сіз біздің бағдарламадан шығып қаласыз.

Егер де мен Ержан Тәтішев Қорының грант иегері болсам, онда мен таңдаған оқу орнына автоматты түрде оқуға қабылданамын ба?

Аталған Қор тек оқуға білім грантын ұсынады. Сондықтан да үміткерлердің оқуға түсуі бізге байланысты емес. Ол стипендиаттардың жауапкершілігі. Бізге құжаттарды тапсырумен қатар, Сіз сонымен қатар оқу орнына да қатар құжаттарды тапсыруыңыз қажет.

Мен байқаудың нәтижелерін қалай біле аламын?

Тек байқаудың 2 турының жеңімпаздарын ғана телефон немесе электрондық пошта арқылы хабарландыру беріледі. 1 турдан өтпеген үміткерлер тікелей Қорға хабарласу арқылы ғана байқау нәтижелерін біле алады. 2 турдың нәтижелерін жазбаша түрде жіберіледі. Қордың сайтында жеңімпаздардың аты-жөндері енгізіледі.

Байқауға кімдер қатыса алады және үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

Бұл бағдарламаға балалалар үйінің түлектері қатыса алады. Бұл олардың мектепті бітіру жылына байланысты еместігін ескерген жөн. Аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер Қазақстан Республикасының азаматы болу керек. Сонымен қатар орта білімі болу қажет (орта білім туралы аттестат), немесе 11 сыныптың оқушысы болуы қажет (аттестатты байқау өткізілетін жылы алуы қажет). Байқауға қатысу үшін басқа да шектеулер жоқ.

Байқауды өткізу кезінде мен мектеп түлегі болмасам мен байқауға қатыса аламын ба?

Егер де байқау өткізілетін уақытта Сіздің қолыңызда орта білім туралы аттестатыңыз болса, онда сіз аталған байқауға қатыса аласыз. Сонымен қатар сол жылы мектеп түлегі болсаңыз, онда Сіз байқауға қатысатын жағдайыңыз бар.

Байқаудың іріктеу кезеңдері қалай өтеді?

Байқаудың 1 турында барлық ұсынылған құжаттарға талдау жүргізіледі. Бұл жерде құжаттардың толықтығы қарастырылады. 1 турдың нәтижесі бойынша жеңіп шыққан жеңімпаздар байқаудың келесі 2 турына шақырылады, бұл тур интерактивті формада өткізіледі. 2 тур үміткерлердің академиялық үлгерімділігінің деңгейлігі анықтайтын емтиханға жатқызылмайды. Үміткерлер әртүрлі жекелей және топтық жаттығулар мен тапсырмаларды орындаулары қажет. Яғни, бұл турға арнайы бір дайындықпен келу қажет емес. Жеңімпаздардың соңғы тізімін Қордың Қамқоршылық Кеңесі бекітеді.

Байқаудың қатысушыларына Қор қандай негізгі критериялар қояды?

- Мектептегі жақсы үлгірімділігі;

- БҰТ-нің жоғары көрсеткіші;

- Оқу орнының атынан жақсы ұсыныстар;

- Көшбасшылық сапалардың болуы және мотивация;

- Белсенді азаматтық позиция, қоғамдық өмірге қатысу;

- Жетістіктерге берілген мақтау қағаздары мен дипломдары;

Аймақтардағы өкілдер Алматы және Астана қалаларының өкілдеріне қарағанда артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар.

Егер де мен бағдарлама жеңімпазы атансам, онда өзім ЖОО-н таңдап алуға құқығым бар ма?

Бағдарлама аясында бекітілген, Алматы қаласында орналасқан ұлттық 3 ЖОО-ның біреуін ғана таңдап алуға құқылы.

Мен қандай мамандықтарды таңдай аламын немесе мамандықтарға шектеу қойылған ба?

Сіз өзіңіз таңдап алынған жоғары оқу орынына тиесілі кез келген мамандықты таңдауға құқығыңыз бар. ЖОО-ы бағдарламаларының жағдайына байланысты бекітілген мамандықтарды таңдауда Қор өз тарапынан ешқандай шектеулер қоймайды. Бірақ та Бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде ЖОО-на түсуде олардың өзіндік талаптары бар. Мысалы, мамандықтарды таңдауда ЖОО-ы Сіз таңдаған мамандыққа және Сіздің БҰТ нәтижесіне көңіл аударады.

Байқауға қатысар кезде өтініште бірнеше мамандықтарды көрсетуге бола ма?

Сіз тек бір мамандықты ғана таңдауыңыз қажет және сол пән бойынша емтиханға дұрыстап көңіл аударғаныңыз жөн. Бұл Сіздің болашақта түсінбеушілікті болдырмаудан сақтайды. ЖОО-на тапсырған құжаттарда мамандықты қандай түрін белгілесеңіз, Қордың тарапынан өткізілетін байқау өтінішінде де сол мамандықты көрсетуіңіз қажет. Егер де байқаудың іріктеу кезеңінде Сіз мамандығыңызды өзгерткіңіз келсе, Сіз ол жайлы бағдарлама әкімшілігіне хабарлауыңыз қажет.

Байқауға қайта қатысуға бола ма?

Біз байқауға қайта қатысуда шектеу қоймаймыз. Бірақ та Сіз барлық қажетті құжаттарды басынан бастап тапсырып, байқаудың барлық іріктеу кезеңін қайта өтуіңіз қажет.

Құжаттар мен анықтама қағаздарын жинастыруда ықпал етесіздер ме?

Қазақстанның қалаларындағы аймақтық өкілділіктер сіздерге құжаттарды жинастыруда ықпал ете алады, сол аймақтық өкілілеттіліктердің байланыс телефондарын біздің www.tatishevfoundation.kz сайтынан көруге болады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша бізге де хабарлассаңыздар болады.

Қор стипендиат алдында қандай талаптар мен міндеттемелер қояды?

Бұл аталған бағдарлама қайырымдылық бағдарламасы болғандықтан, Қор стипендиаттан ешқандайда материалды және қаржылау міндеттемелерді жүктемейді. Бұл стипендиаттың оқу кезінде де және бітірген уақытта да жүзеге асырылады. Грантқа ие болып отырған стипендиаттарынан оқу мекемесінің барлық академиялық стандарттарын қабылдауға және бағдарлама аясында білім алудың толық курсынан өтуі тиісті. Академиялық және кәсіби стандарттарға сәйкес келмеушілік гранттық қолдауды тоқтауға негіз болады.