| |
RUS ENG KAZ

Жиі қойылатын сұрақтар - қайырымдылық

Қордың қайырымдылық бағдарламалары көршілес елдерде жүзеге асырылады ма?

Қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанда басталады. Болашақта Қор қайырымдылық бағдарламасы бойынша өз қызметі географиясын кеңейтуді және ТұранӘлем Банкі әрекет ететін ТМД елдерінің халықты әлеуметтік қолдау, ғылымды, мәдениетті, денсаулық сақтауды және білім беруді дамыту саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарынан өтінімдерді қабылдауды көздеп отыр.

Өтінімдерді қарастыруға қанша уақыт кетеді?

Қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және оның критерийлеріне жауап беретін барлық өтінімдер Қордың Қамқоршылық Кеңесімен бекітілетін болады. Кеңестің отырыстарының өту жиілігі екі айда бір рет болады. Осылайша, өтінімді Қорға ұсыну сәтінен бастап оларды қарастырудың максималды мерзімі екі айдан аспауы тиіс. Бірақ та, өтініш берушілер поштаны жеткізудің (пошта қызметінің жұмысын) уақыт шығындарын және процедуралық сұрақтарды (қажетті жағдайда) шешудің уақыт шығындарын ескеруі тиіс.

Грантты сұрауда максимальді және минимальді сомалары қанша?

Бұның барлығы нақты жобаға байланысты. Кез келген жоба, мақсат, міндеті және бюджетіне байланысты бағаланады. Қор өз тарапынан түрлі жобалар идеясын және түрлі бюджетті жобаларды қарастыруға дайын. Бұл кез келген қызықты да пайдалы, оның бюджетінің жоғарлығына, немесе бюджеттің статьялары жобаның іс - шараларына сәйкес келмеген жағдайда да қолдау табады деген сөз емес. Бірақ та кейбір жағдайларда, яғни, жобалық идея өте маңызды және пайдалы болған кезде, біз жоба бюджетінің сомасын түсіруге ұсынып, қайта қарастыруға дайынбыз.

Әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру бойынша өтініштерді қарастырғанда Қор өз тарапынан қандай жағдайларға ерекше көңіл бөледі?

Жобаны аяқталғаннан соң, әлеуметтік - маңызды нақты нәтижелерге жететін жобаларға Қор ерекше көңіл аударады. Нақты нәтижелер дегенде дәлелдене алмаған фактілер немесе жоба соңында бағалана алмайтын нәтижелер, әлде нақты жобаға жағдаяттардың әсерін дәлелдей алмаған нәтижелер түсіндіріледі. Егер де жоба ақпараттандырылуға, хабарлауға бағытталған болса, онда одан алатын нәтижелерді алу механизмін ойластыру қажет. Сонымен қатар тағы бір критерия– жобалық өтініште күтілетін нәтиженің тұрақтылық механизмі көрсетілуі керек (қысқа мерзімді жобаларда) немесе жобаны жүзеге асыру кезінде оның ұзақтылығы мен нәтижелігіне көңіл аудару қажет.

Қайырымдылық бағдарламалар бойынша өтініштерді қандай түрде тапсыруға болады?

Әлеуметтік - маңызды жобаларды қаржыландыруға арналған өтініштер арнайы форматта толтырылуы қажет, ол форматты Сіз біздің сайтымыздың «Бағдарламалар/Қайырымдылық/Өтініш формасы» тарауынан таба аласыз (тарау мазмұнының соңғы пункті). Өтініштер Алматы орналасқан Ержан Тәтішев Қорының кеңсесіне қағаз түрінде немесе электронды түрде жібере аласыздар. Өтініштер мен хаттарды орыс немесе қазақ тілінде тапсыруға болады. Біз жобаның белгіленген мерзімімен шектелмейміз.

Қайырымдылық бағдарламаларға кімдер қатыса алады?

Бұл аталған бағдарлама аясында Қор коммерциялық емес, табыс көзін мақсат етпейтін ұйымдардан, яғни, қоғамдық бірлестіктерден, қоғамдық ұйымдардан, түрлі Қор, Ассоциация формаларынан өтініштерді қарастырады. Қор профсоюз, діни бірлестіктерден, қоғамдық саяси қозғалыстардан және саяси партиялардан келіп түскен хаттарды, өтіінштерді қабылдамайды. Сонымен қатар жеке адамдардан және коммерциялық ұйымдардан өтініштер қарастырылмайды.

Бір ұйымның атынан бірнеше өтініштер өткізуге бола ма?

Ия, бұл жерде бір ұйымнан келіп түсетін өтініштерге шектеу жоқ.

Егер де біздің өтініштеріміз қолдау таппаса, келесі жолы қайтадан жобаларды қаржыландыруға өтініштерді тапсыра аламыз ба?

Қор бір ұйымнан келіп түскен әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруда жобаның санына және уақытына шектеу қоймайды. Сондықтан да егер Сізде басқа да жобалық идеялар болса, бізге өтініштерді жіберсеңіз болады.

Ержан Тәтішев Қоры қандай мақсаттарға арналған хаттар мен өтінімдерді қабылдамайды?

· Емделу шығындарын өтеу;

· Жолақы;

· Жеке тұлғаларға материалдық көмек көрсету;

· Семинарлар мен тренингтерге қатысу ақысын төлеу;

· Конференция, форум, симпозиумдарға қатысу;

· Шетелдік стажировкаларға бару;

· Фундаментальды ғылыми зерттеулер өткізу;

· Кітаптар мен кез келген өзге басылымдарды шығару, өтінімнің Қор бағдарламалары аясындағы критерийлер мен талаптарға сәйкес келуі бұл тізімге кірмейді;

· Білім алу, өтінімнің Қордың білім гранттары бағдарламасының критерийлері мен талаптарына сәйкес келуі және соның аясында қаржыландырылуы бұл тізімге кірмейді.