| |
RUS ENG KAZ

Жиі қойылатын сұрақтар - бакалавриат

Ержан Тәтішев Қорының қайырымдылық бағдарламалары Қазақстанда ғана ма, әлде ТұранӘлем Банкі әрекет ететін елдерде де жүзеге асырылады ма?

Қордың қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанда басталады. Болашақта Қор қайырымдылық бағдарламасы бойынша өз қызметінің географиясын кеңейтуді және ТұранӘлем Банкі әрекет ететін ТМД елдерінің халықты әлеуметтік қолдау, ғылымды, мәдениетті, денсаулық сақтауды және білім беруді дамыту саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарынан өтінімдерді қабылдауды көздеп отыр.

Өтінімдерді қарастыруға қанша уақыт кетеді?

Қордың мақсат, міндеттеріне сәйкес келетін және оның критерийлеріне жауап беретін барлық өтінімдер Қордың Қамқоршылық Кеңесімен бекітілетін болады. Кеңестің отырыстарының өту жиілігі екі айда бір рет. Осылайша, өтінімді Қорға ұсыну сәтінен бастап оларды қарастырудың максималды мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Бірақ та, өтініш берушілер поштаны жеткізудің (пошта қызметінің жұмысын) уақыт шығындарын және процедуралық сұрақтарды (қажетті жағдайда) шешудің уақыт шығындарын ескеруі тиіс.

Қордың жыл сайынғы бюджеті қанша?

Қордың бюджеті жыл сайын қарастырылып, бекітіледі. 2007 жылы білім және қайырымдылық бағдарламаларына арналған бюджет 124 миллион теңгені құрады.

Қанша білім гранты бөлінеді деп болжанып отыр? Грант оқудың қандай кезеңін өтейді?

Ержан Тәтішев Қоры білім бағдарламасын 2007 жылдан бастап жүзеге асыруда. Алғашқы жылы бакалавр дәрежесін алуға алты білім гранты және магистерлік дәрежені алуға үш грантты беру жоспарлануда. Грант оқудың бүкіл кезеңіне беріледі деп болжанып отыр, бірақ та ол жыл сайынғы негізде грант иесінің оқудағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктерін ескере отырып, аударылатын болады. Осылайша, осы жылы Қор жалпы тоғыз студентті, келесі жылы тағы тоғызын қолдайды және т.б., осылайша, Қордың грант иелерінің саны жыл сайын ұлғаятын болады.

Студенттердің білім алуына демеушілік көрсету бағдарламаларында не себепті тек қана қаржылық-экономикалық мамандықтар қарастырылады?

Қазақстан әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына кіруі жөніндегі стратегиясына байланысты, сондай-ақ Алматының Орталық Азиядағы қаржылық орталық рөліне үміткер екендігін ескере отырып, құрылтайшылар тарапынан ең алдымен қаржылық-экономикалық мамандықтағы мамандарды дайындау шешімі қабылданды.

Өтінімдерді берудің қандай мерзімдері бар және байқауға қатысу үшін процедурасы қандай?

Өтінімді берудің мерзімдері мен байқаудың шарттары қазақстандық және Орталық - азиялық бұқаралық ақпарат құралдарында, Қордың, ТӘБ-тің сайттарында, сондай-ақ Қордың серіктестері ЖОО-ның сайттарында жарияланады.

Грантқа үміткерлерді іріктеу кезінде қандай негізгі критерийлер қолданылады?

Грант алушыларды іріктеу кезіндегі негізгі критерияларға көшбасшылық әлеует, үздік академиялық білімдерінің болуы, шетел тілдерін білуі жатады. Тағы бір маңызды критерий - грантқа үміткерлер әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шығуы.

Қор не себепті басқа елдердің студенттеріне қолдау көрсетпекші?

Бұл бағдарламаның мақсаттарының бірі – қазақстандық ЖОО-ның және қазақстандық білім беру жүйесінің имиджі мен тартымдылығын күшейту. Сонымен бірге, ол ТұранӘлем Банкінің әлеуметтік жауапты бизнесін жүргізу стратегиясына жауап беруі тиіс және оның өзі әрекет ететін елдерде тұрақты дамушы бизнесті қалыптастыруды жақтайтындығын көрсетеді.

Қор алдында грант иегерлерінің қандай міндеттемелері бар?

Қор қызметінің әлеуметтік бағыттылығын ескере отырып, грант иелері Қор алдында ешқандай қаржылық, кепілдік немесе басқа да міндеттемелері жоқ екендігін айтуға болады. Қор қызметкерлері мен басшылық күрделі іріктеудің процедураларында жеңіп шыққан білім грант иегерлері мен шетелде оқитын студенттерден жоғары академиялық білімдерін ғана емес, сонымен бірге ұлтжандылық сезімдерін оятуға және өзінің туған елінің экономикасын қалыптастыруға ниеті бар үміткерлер шығады деген үміт артады. Біздің ойымызша, осы жағдай грант иелерінің Қор алдындағы емес, қоғам алдындағы міндеттемесі болып табылады.

Байқауға қатысу үшін бірнеше құжаттар тапсыру қажет, ал кейбір құжаттарды (мысалға, МАИ-ден, ТЗБ-дан алынған анықтамаларын, бағалау құжаттарын) алу өте қиын, сондықтан да біз құжаттарды өз уақытында тапсырып үлгермей жүрміз. Бұндай жағдайда не істеуіміз қажет?

Біз тек ерекше жағдайларда ғана қосымша құжаттарды жинастыруға біраз уақыт береміз. Алғашқы өткізілген құжаттардан кейін Сіз берілген мерзім ішінде қалған құжаттарды өткізіп үлгеруіңіз қажет. Бұндай жағдайда Қор Сіз үшін әрдайым қосымша уақыт береді дегенді білдірмейді. Сіздер құжаттарды жинастыруда қосымша уақыт алып тапсырғандығыңыз іріктеудің келесі турында ескерілетінін тағы да атап өтеміз

Байқаудың іріктеу кезеңдері қалай өтеді?

Байқаудың 1 турында барлық ұсынылған құжаттарға талдау жүргізіледі. Бұл жерде құжаттардың толық және қандай болмасын құжаттардың жетіспеушілігі де қарастырылады. 1 турдың нәтижесі бойынша жеңіп шыққан жеңімпаздар байқаудың келесі 2 турына шақырылады, бұл тур интерактивті формада өткізіледі. 2 тур үміткерлердің академиялық үлгерімділігінің деңгейлігі анықтайтын емтиханға жатқызылмайды. Үміткерлер әртүрлі жекелей және топтық жаттығулар мен тапсырмаларды орындаулары қажет. Яғни, бұл турға бір арнайы дайындықпен келу қажет емес. Жеңімпаздардың соңғы тізімін Қордың Қамқоршылық Кеңесі бекітеді.

ЖОО-ның студенттері осы аталған байқауға қатыса ала ма?

Ержан Тәтішев Қоры білім грантын ұсынатын қарапайым демеуші ұйым болып табылмайды. Қор білім алудың барлық кезеңінде стипендиаттарға толығымен қолдау көрсетеді. Сондықтан да Қор өз стипендиаттарын тек 1 курстан бастап қабылдайды. Егер де Сіз Қордың грантына үміткер болғыңыз келсе, онда Сіз оқуды 1 курстан бастап қайта жалғастырасыз.

Білім бағдарламасына сәйкес, Қор менің қалған оқуымды ары қарай төлеу бойынша өтініштер қабылдай ма?

Қордың талаптарына сәйкес Ержан Тәтішев Қоры өз стипендиаттарын тек 1 курстан бастап қабылдайды. Сондықтан да біз оқудың қалған курстарын төлеу жөніндегі өтініштерді қарастырмаймыз.

Қор өз стипендиаттарының қандай шығындарын мойындарына алады?

Егер де Сіз байқаудың жеңімпазы атанып, Қордың стипендиаты болсаңыз, онда Қор өз тарапынан Сіздің оқуыңызға қатысты шығындарды төлейді, олар: оқу мерзімінің барлық төлем ақысы (ЖОО, стипендиат, Қор арасындағы келісім шарт негізінде), ай сайынғы шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз ету, басқа қаладан келген стипендиаттарға жылына бір рет үйлеріне барып келу жолын төлейді. Сонымен қатар Қор өздерінің стипендиаттарын әртүрлі конференцияларға, семинарларға және т.б. дамытушылыққа ықпал ететін түрлі іс-шараларға қатысуларына мүмкіндіктер ұсынады.

Қор талап ететін құжаттардың тізімінен отбасының кез келген мүшесіне құжаттарды жинастыру керектігі көрсетілген, ол қандай жағдайға байланысты сәйкестендірілген?

Стипендиаттарды іріктеу критерияларының бірі болып табылатын жағдай, олардың отбасының қаржылай жағдайы. Сондықтан да Қор осы критерияны бағалау үшін отбасының кез келген мүшесінің табыстары мен мүліктік жағдайларын талдауға ала (18 жастан ересектерді қосқанда). Отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесінің қаржылық жағдайларын талдау үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсыруға міндетті. Міндетті түрде табыс туралы анықтама қағазы және Зейнетақы Қорынан алынған үзінді көшірмені ұсыну қажет. Егер де сіз қазіргі уақытта жұмыс жасамайтын адамға табыс туралы анықтама қағазын ұсына аламасыңыз және ол жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрмаса, келесі онда біз келесі осындай жағдайда мынандай ережеге сүйенеміз – тек ресми құжаттарды қарастырамыз. Егер де Сіз жұмыссыз ретінде анықтама қағазын әкелмесеңіз, онда біз оның жұмыссыз еместігін ескермейміз.

Мен өздігімнен жоғары оқу орнына оқуға түстім, бірақ та құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталды, сонда да грантты алу үшін құжаттарды тапсыруға мүмкіндігім бар ма?

Бағдарламаның талаптары бойынша мерзіміне сай құжаттарын тапсырған үміткерлер байқауға қатыса алады. Сіз өздігіңізден оқу орнына түсіп, енді қаржыландыру көзін іздестірсеңіз, біз Сіздің өтініштеріңізді қарастыра алмаймыз. Байқауға қатысу үшін құжаттар алдын - ала тапсырылады. Кейбір оқу орындарында қабылдау комиссиясы жұмыс жасамаса да біз құжаттарды қабылдай береміз. Біз бұл ережеге сүйенеміз, өйткені мақсатқа бағытталған адам алдын ала өз болашағын және өзінің мақсаттарын жүзеге асыруда мүмкіндіктер іздестіреді. Сондықтан да біздің Қорға да, оқу орнына да құжаттарды тапсыру қатар жүреді. Ескертетін жайт, Қор үміткерлер үшін оқу орындарының грантын алуда олардың оқуға түсуі бойынша ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Егер де біздің бағдарлама бойынша жеңімпаз оқуға түсе алмаса, онда ол бағдарламадан шығып қалады.

Ержан Тәтішев Қорының грантын алуға тапсырылған өтініштер мен құжаттар, мен көрсеткен оқу орнына да қосымша тапсырыла ма? Осы аталған Қорға құжаттарды тапсырып, ал оқу орнына құжаттар мен өтініштерді тапсырмаса бола ма?

Қор өз тарапынан үміткерлер арасында іріктеу кезеңдерін өткізуге ғана жауапты. Жеңімпаз атанған кезде біз стипендиаттың оқуына байланысты шығындарды төлеуге кепілдеме береміз. Бірақ та оқу орнына түсу – ол стипендиаттың жауапкершілігі. Оқу орнына түсуге қатысты барлық құжаттар тікелей оқу орнына өткізілуі қажет. Тіпті, Сіз біздің бағдарламамыздың жеңімпазы болған күннің өзінде, Сіз оқу орнына (құжаттарды тапсырып үлгермесеңіз, байқауға келмесеңіз және т.б) құжаттарды тапсырмасаңыз, Сіз біздің бағдарламадан шығып қаласыз.

Егер де мен Ержан Тәтішев Қорының грант иегері болсам, онда мен таңдаған оқу орнына автоматты түрде оқуға қабылданамын ба?

Аталған Қор тек оқуға білім грантын ұсынады. Сондықтан да үміткерлердің оқуға түсуі бізге байланысты емес. Ол стипендиаттардың жауапкершілігі. Бізге құжаттарды тапсырумен қатар, Сіз сонымен қатар оқу орнына да қатар құжаттарды тапсыруыңыз қажет.

Мен байқаудың нәтижелерін қалай біле аламын?

2 турдың жеңімпаздары ғана телефон немесе электрондық пошта арқылы ақпараттандырылады. 1 турдан өтпеген үміткерлер тікелей Қорға хабарласу арқылы ғана байқау нәтижелерін біле алады. 2 турдың нәтижелерін жазбаша түрде жіберіледі. Қордың сайтында жеңімпаздардың аты-жөндері енгізіледі.

Байқауға қатысу үшін құжаттардың ішінен жылжымалы мүлікті, автомобильді бағалау қағаздары және т.б. құжаттар тізімі жоқ болса, өтініш қарастырыла ма?

Сіз толық емес құжаттарды тапсыруға құқығыңыз бар және Сіздің өтінішіңіз қарастырылады. Бірақ та табысқа жету кезінде сіздің жеңіп алу мүмкіндіктеріңіз азаяды, өйткені, Сіз тапсырылмаған құжаттар үшін тиесілі балдан айырылып қаласыз. Сонымен қатар Сіздің толық емес түрде тапсырылған құжаттарыңыз Сіздің келесі турға өтуге жағымсыз әсер ететіндігін ескеріңіз.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін байқауға қатысуға бола ма?

Өкінішке орай жоқ. Егер де Сіз бекітілген мерзім ішінде құжаттарыңызды тапсырып үлгермесеңіз, онда байқаудың келесі тураларына қатысуыңызға құқығыңыз жоқ. Барлық өткізілген өтініштер мен тиісті қосымша құжаттар толығымен талқыланып, оларға талдау жасалынады. Байқаудың барлық іріктеу үрдісі график бойынша жасалынған. Сондықтан да біз барлық өтініштерді белгіленген мерзім бойынша қатаң түрде қабылдаймыз. Сонымен қатар Қор және үміткерлер тарапынан байқауға өз уақытында құжаттарын тапсырған басқа да үміткерлерге деген этика қатаң сақталуы керек.

Білім гранттын алудың бір шарты - жылжымайтын мүліктің ағымдағы нарықтық құнын бағалау көптеген отбасылар үшін өте қымбатқа түсуде. Бұның орнына ТЗБ-дан (БТИ-дан) алынған анықтаманы ұсынсақ, ол жеткілікті ме?

Жоқ. Ержан Тәтішев Қоры қайырымдылық ұйым болып табылғандықтан, білім грант бағдарламасының аясында Қор стипендиаттарын бірнеше критериялар бойынша (бағдарлама жайлы толығырақ ақпараттарды сайттан – білім грант бағдарламасы бөлімінен қараңыздар) таңдап алады. Сондай критериялардың бірі – үміткердің отбасылық әлеуметтік - қаржылай дәрежесін анықтау болып есептеледі. Үміткердің отбасылық әлеуметтік - қаржылай дәрежесін анықтау үшін басқа да талап етілген құжаттармен сәйкес, отбасында тіркелген жылжымайтын мүліктердің ағымдағы нарықтық құнын бағалаудың нәтижесі жайлы құжат ұсынылуы қажет. Бұл қызметті жылжымайтын мүлікті бағалау агенттіктері немесе тәуелсіз компаниялар жүргізеді. ТЗБ, салық комитеті, Әкімшілік және ауылдық кеңес бұндай қызметтерді жүргізе алмайды. Қор өз тарапынан бұндай бағалау кезінде кейбір отбасылар үшін көп шығын шығаратынын түсінеді. Бірақ та бұл ең маңызды критериялардың бірі болып табылады.

Төменде Алматы қаласында жылжымайтын мүліктердің ағымдағы нарықтық құнын бағалау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың байланыс телефондары және тізімдері көрсетілген.

Аймақтық жерлерде тұратын тұрғындар өздері жергілікті мекен-жайы бойынша осындай ұйымдарды табуы қажет. Жылжымайтын мүліктердің ағымдағы нарықтық құнын бағалау әр компанияда әртүрлі, сондықтан да үміткерлер өздерінің жағдайларына қарай жылжымайтын мүліктердің ағымдағы нарықтық құнын бағалауға тапсырыс берулері қажет.

Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүліктердің ағымдағы нарықтық құнын бағалау

Ұйымның аталуы

Қызметтің бағасы

Байланыс телефондары

Ескертпелер

1

«Абсолют» ЖШС

100 кв.м дейін 5000 тг

100 кв.м аса 7500 тг

2939597

Бағалау жөнінде есеп береді, лицензияның көшірмесі ұсынылады.

2

«Коммерциялық жылжымайтын мүліктік Орталығы» ЖШС

100 кв.м дейін 7000 тг

100 кв.м аса 14000 тг

2583330

2775917

Бағалау жөнінде есеп береді, лицензияның көшірмесі ұсынылады.

3

«Smart experts group» ЖШС

15000 тг

2952740, 2952733

Квартира бөлмелеріне байланысты емес

4

«Эксперт PRO» ЖШС

2 бөлмелі пәтер – 5000 тг

3 бөлмелі пәтер – 10000 тг

2601444, 2601383

Бағалау жөнінде есеп береді, лицензияның көшірмесі ұсынылады.

5

«Online Assistance» ЖШС

100 кв.м дейін 20000 тг

100 кв.м аса 40000 тг

2331532

Бағалау жөнінде есеп береді, лицензияның көшірмесі ұсынылады.

6

Орталық Кредит Банкі

45 кв.м дейін - 3500тг

45 кв.м аса - 4000тг

75 кв.м аса – 7000тг

2680878

Бағалау жөнінде есеп береді, лицензияның көшірмесі ұсынылады.

7

«Моторное Бюро» ЖШС

50 кв.м дейін -4500 тг

50 кв.м аса – 7000тг

2925790, 2925751

Бағалау жөнінде есеп береді, лицензияның көшірмесі ұсынылады.