| |
RUS ENG KAZ

Мақтау бұрышы

01.12.2009

Корей еліндегі студенттік өмір. Корей университетінде тоқу алмастыру жөніндегі Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты Жүсіпов Рашидтің фоторепортажы.

2009 жылдың басында студенттер арасында оқу білімдерін алмастыру бағдарламасында маған сәттілікке жол ашылды. Халықаралық бизнес университетінің серіктестік университеттерінің арасынан мен Оңтүстік Корей, Дэйджен қаласындағы Халықаралық Солбридж бизнес мектебін таңдап алдым. Меніңше, бүгінгі күні Азия аймақтарындағы елдермен серіктестікте болу өте тиімді. Қазақстан үшін де Қытай, Жапония, Корей елдерімен ынтақтастығы жарасса, пайдалы болар еді. Мен патриот және болашақ көсбасшы ретінде Корей елінде алған білімім маған және менің еліме өз пайдасын тигізетініне күмәнім жоқ.

Дэйджен қаласы сеул қаласына жуық жерде орналасқан.Ол мемлекет бойынша көлемі жағынан төртінші орынға ие болып, атақты Корей ғылыми орталығының бірі болып саналады. Солбриджде әлемнің түкпір түкпірінен келген студенттер білім алады:АҚШ, Жапония, Ресей, Пәкістан, Въетнам және т.б. Ал сабақ беретін ұстаздар Корей, АҚШ, Канада және Үндістан елдерінен келген. Бұл жердегі түпкі негізгі мақсат жан-жақтан келген ұстаздар білімдерімен бөлісіп, тәжірбиелерімен ортақтасады. Яғни, мен көптеген мәдени елдердің ұстаздарымен, студенттерімен қарым-қатынасты орнатып, білім алмастыруға мүмкіндігім болды.

Менің университетімде барлық жағдай жасалынған, оқуға, демалуға және спортпен шұғылдануға да жағдай бар. Оқу қиын емес, керісінше қызықты болған сияқты. Мен университеттің барлық іс-шараларына ат салысып, белсенділік көрсетуге тырыстым. Пікір-сайыстар, футбол, сонымен қатар Солбриджде өзіме қажетті іспен де айналыстым. Семестрдің ортасына таман бизнес-жоспар бойынша байқау ұйымдастырылды, мен өзімнің командамен бірге студенттерге арналған Секонд-хэнд дүкенін жасап, жобамыз бірінші орынға ие болды. Әділ қазыларға бұл идеямыз ұнап, бүгінгі дағдарыстық кезеңде қажетті деп танылды.

Корей елінде 4 айдай болдым. Бұл уақытта корей тілін біршама меңгеріп, мәдениетін және адамдарын танып білуге тырыстым. Корей және басқа елдерде осы бағдарлама аясында өте көбейді.

Мен осындай Корей еліне барып, білімімді жетілдіріп, тәжірбие алмастырып келгеніме өте қуаныштымын.

Жүсіпов Рашид

Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты,

ХБУ 3 курс студенті

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.