Кентау қаласының мектебі
Баспасөз мәлімдемесі
Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының №16 орта мектеп оқушыларының арасында Ержан Тәтішев Қорының жаңа стипендиаттары анықталды
Міне, осымен екі жыл бойы оқу жылының басында Кентау қаласының №16 орта мектеп оқушыларының арасында Ержан Тәтішев атындағы стипендияны иемдену үшін жыл сайынғы байқау өтті. Осы жылы байқауды өткізіп отырған комиссияның әділ-қазылары ай сайын 5000 теңге көлемінде шәкіртақы алып отыратын 8 стипендиаттарды анықтады. Олар:
1. Атаханов Нурмахамбет–8 «А» сынып
2. Ефанова Мария – 8 «А» сынып
3. Ахметова Фариза–9 «А» сынып
4. Кенесбектегi Алмас – 9 «А» сынып
5. Сайпиева Севара – 10 «А» сынып
6. Степанова Людмила – 10 «А» сынып
7. Турабаева Нурия – 11 «А» сынып
8. Пашанова Диля – 11 «А» сынып
Оқушының жетістіктері мен оқу үлгіріміне байланысты оқу жылының басында ең үздік оқитын үміткерді таңдау кезеңі өткізілді. №16 мектептің жоғары сынып оқушыларының кез келгені жыл сайынғы беріліп отыратын шәкіртақыны алуға деген мүмкіндіктері барынша көбейді, бұл мүмкіндік оның өткен жылғы байқауда жеңімпаз болғанына тәуелді еместігін тағы да ескерсек болады. Міне, бүгінде сол өткен жылдың стипендиаттары атанған екі оқушы өз білімдерін көрсетіп, биыл да стипендиат атанды.
Бұл аталған шәкіртақы - Ержан Тәтішев оқыған осы мектептің жоғары сынып оқушыларының академиялық жетістіктерін марапаттаудың бір жолы болып табылады. Бұл шәкіртақы мектеп оқушыларының жаңа білім мен іскерлікке, дағдыларға және олардың қоғамдық өмірге белсене араласуларына ықпал ету негізінде, оларды қолдау және мадақтау негізінде жүзеге асыруы үшін негізделінген. Мектеп директоры, Прохорова Ларисаның сөзіне сүйенсек, өткен жылы сынып журналында «бестікке» ұмтылған және осы аталған байқауға қатысатын үміткерлері саны да мейлінше көбейді. Оқушылар өздерінің академиялық білім көрсеткіштерін өсіріп, мектепте ең үлгілі оқушы болуға тырысып бағуда. Осы аталған шәкіртақы мектептегі барлық оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, алдыға ұмтылуға бір ықпалын тигізетін негізі бар деген деуге болады.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.