| |
RUS ENG KAZ

Еріктілік жұмыстар

20.12.2016

«Игі іс жасауға ұмтыл! Зұлымдық онсыз да жетерлік»
Боб Марли

Қор білімгерлері Клубы жаңа оқу жылында жаңарып, жаңа қарқынмен қызықты еріктілік жобаларына кірісті. Білімгерлеріміз белсенділік танынып, ілгері қатардан қалыспауға тырысуда. Жастар біздің серіктес оқу орындарына қарасты еріктілік клубтардың жобаларына ат салысып, және де көмекке мұқтаж жанұялар мен жағдайы төмен адамдардың өмірін өзгертуге үлес қосып жүр.

Осындай бастаманың бірі болып Алматы Менеджмент Университетінің Enactus жастар қозғалысының «Шексіз мүмкіндіктер» атты жоба болды. Бұл жобаның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету және небір табыс көзін табуға көмектесу. Қолда бар диплом өз алдына тұрақты табыс табуыңа кепіл бермейтіні әркімге мәлім. Мүмкіндігі шектеулі студент дертіне байланысты оқу ақысын жеңілдікпен өтейді, дегенмен ертеңгі күні орта-кәсіптік немесе жоғары білім алған жас маман жұмысқа орналасу кезінде мыңдаған тосқауылдарға тап болады. Көбіне олардың жұмыссыз қалуы «ел қатарлы жұмыс істеу қолымнан келмейді» деген қорқыныштан және жұмыс берушінің «ол мүгедек қой, несін сұрайсың» деген таптаурын көзқарастан болып жатады. Аталмыш жоба 2016 жылдың 27 қыркүйегінде бастап жұмыс істеп келеді, қазіргі уақытқа дейін бенефициарлармен бірнеше кездесулер, жоба тобының ішкі және жаппай жиналыстары өтті. Біздің жастарымыз әлеуметтік бейнебаяндардың сценарийлерін және жобаның серіктесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясына қажетті баспа материалдарының дизайнын ойластыруда көмек көрсетті. Сонымен бірге аталмыш серіктестің теледидар бағдарламасы сценарийін жазуға көмектесті, жақында Шырақ мүшелерін жұмыспен қамту мәселесіне көшетін болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар да еріктілеріміздің назарынан тыс қалған жоқ. Алматы Менеджмент Университетіне қарасты «ДОС» қайырымдылық ұйымының жобасы аясында 2016 жылдың 19 қазанында 13-18 жас аралығындағы балаларға, көзі нашар көретін №1, №2 балалар үйлерінде және қыздар интернатында тәрбиеленіп отырған балаларға, «Дом мамы» аналар үйін мекен қылған жас аналарға арналған қайырымдылық концерті өтті. Біздің жастар қонақтарды ертіп, олардың келіп-кетуін ұйымдастырды, сахнада өнер көрсеткен талаптыларды қолдап, ел алдында қысылмай шығуға көмектесті. Шараға қатысқандардың әрқайсысы өзін жұлдыз сезініп, жұрт алдында өнерін паш етуге мүмкіндік алды. Концертке 120 адам қатынасты. Шараны ұйымдастыруға «ДОС» ұйымының 17 еріктісі және 4 Қор білімгері күш жұмсады. Жобаға «Татарская выпечка», «Карамель», «Asel sweet bakery» және «Baker cakes zumrat» кондитерлік цехтері кофе-брейкке өз өнімдерін сыйға тартып қолдау көрсетті.

«Scala» спорт орталығының бапкері мен басшысы, Марина Кутелёваның еміне қаражат жинауға бағышталған «Ана бәріне бас-көз, ананың орнын ешкім толтырмас» атты қайырымдылық жәрмеңкесі тағы бір игі бастама болды. Салмағы аз, денсаулығы әлсіз баланы асырап алған чемпион бір жарым жыл бұрын меланома атты ауыр дертке шалдыққанын білді. Ем Сеулдағы ақылы емханада өтіп жатыр. Бағдарламаның тәжірибелік кезеңінде емханадағы ота мен емдік шаралары тегін еді, алайда бұл бағдарлама аяқталған соң, Марина емін өз мойнына алуға мәжбүр болды. Маринаның жеті жасар баласы әзірше әкесінің қолында. Балаға анасының қандай ауыр дертке шалдыққаны туралы ешкім айтуға батпайды. Ата-анасының қарауынсыз калған бала сүйікті анасынан екінші рет айырылатын болса, бұл бала жүрегіне ауыр жүк болмақ. Жәрмеңке 2016 жылдың 25 қарашасында Алматы Менеджмент Университетінің төрінде өтті. Жиналған қаражат – 20 000 теңгеге жуық.

Тағы бір шара 2016 жылдың 15 қазанында КИМЭП Университетінің «Open Hearts» атты студенттер клубында орын алды. Шараның көздеген мақсаты – 5-15 жас аралығындағы ДЦП дертіне шалдыққан жас буынның еміне қаражат жинау. «КИМЭП Гриль» асханасында әзірленген тағамдарды сатудан түскен 70 000 теңге балалардың еміне жұмсалмақ. Сонымен бірге еріктілеріміз 2016 жылдың 10 қарашасында «Hard rock cafe» кафесінде өткен «Fall in fest» атты музыкалық фестивальге ат салысты. Фестиваль ұйымдастырушысы, «Art revolution» студенттер клубы елді жанды дауыс пен музыкаға әуес қылуды және Алматы қаласындағы рок, джаз, фолк стильдерінде өнер көрсетіп жүрген музыканттар мен диджейлердің басын қосуды мақсат етеді. Бұл жолы фестиваль алғаш рет қайырымдылық жасауға бағыт алды. Сегіз жасар Арина Танеева Воронинаны биылғы жылдың көктемінде ANCA атты бүйректің сирек кездесетін аутоиммундық дерті шалды. Кішкентай Аринаның еміне 600 000 теңгеге жуық қаражат жиналды.

Kimep Open Hearts жобаларының аясында Алматы облысы, Іргелі ауылында тұратын көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. Былтыр отбасы отағасынан айырылып, бүгінгі күнде қиын жағдайды өткеріп отыр – бес баласы бар (оның үшеуі емшектегі сәби) жесір әйел әжелерімен өлместін күнін көріп отыр. Біздің ерікті жастар КИМЭП студенттерімен қосылып, 14 103 теңгеге азын-аулақ тамақ пен тұрмысқа қажетті заттарды жеткізді. Әрине, бұндай үлкен отбасына бұл қор көпке жете қоймас, алайда отбасында ешбірі жұмыс істеуге келе қоймағандықтан, олар осы көмекке де риза болды.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.