| |
RUS ENG KAZ

Еріктілік жұмыстар

20.03.2010

Қордың стипендиаттары күннен-күнге еріктілік жұмыстарын жетілдіруде

2010 жылы 16 наурыз айында Алматы қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатының балаларына арналған «Жас ұрпақ» тақырыбында қайырымдылық кеш өтті. Бұл кешті Қор стипендиаты, Алматы қазақ-түрік гуманитарлы-технологиялық колледждің студенті Усерова Маликаның басшылығымен жүзеге асты. Маликаның бұл ұйымдастырып отырған қайырымдылық кеші бірінші рет емес, ол осыған дейін бірнеше концерттік кештер ұйымдастырып, балаларға арналған күндізгі би кешін де өткізген. Бұл Маликаның болашақ «Қаржы және аудит» мамандығының иегері емес, сонымен қатар өзі сияқты балалардың жанашыры, қолдаушысы, мықты ұйымдастырушы екенін дәлелдейді. Осы уақытқа дейін балалардың сабаққа дайындығына қолдау көрсетсе, бүгінгі күні олардың бос уақыттарын ұйымдастырумен көзге түсіп жүр. Осы аталған «Жас ұрпақ» атты қайырымдылық кешіне өзі білім алып жатқан Алматы қазақ-түрік гуманитарлы-технологиялық колледждің студенттерімен қатар, басқа оқу орындарында білім нәрін сусындатып жатқан өнерлі ұл-қыздар келіп өз өнерлерін көрсетті. Би биленіп, ән шырқалынып, ойындар ойнатылды.

Осындай игі істер көбейе берсін демекпіз! Маликаға үлкен жетістіктер тілеп, бойындағы дарындылықты шыңдай беруіне тілектеспіз!

Ержан Тәтішев Қоры

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.