Еріктілік жұмыстар
«Сәнқой» қайырымдылық кеші
25-шы қарашада «Том Самом Бареде» «Сәнқой» кешін Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттары ұйымдастырды.
Бұл кештің негізгі мақсаты 22 жасында қиын жағдайға душар болған өте жақсы адамға көмек көрсету. Бұл жақсы адам – Каламыцин Петр Александрович. Оған М4 вариант, өткір миеломонобласты лейкоз диагнозы қойылған.
Біз неліктен оны таңдап алдық деген сұрақ кез келгеннің ойында туындаған болар? Біз бұл сұраққа толығымен жауап беруге тырысып көрейік. Біріншіден, Петр Каламыцин – ол өте белсенді волонтер, барлық адамдарға көмек көрсетуге ұмытылатын өте жақсы адам. Оның алғашқы жобасы –қайырымдылық саласындағы «Алтын жүрек» алғашқы қоғамдық ұлттық сыйлық деп аталады. Петр «Бауыржан» қорында пиар-директор болып қызмет жасады. Жобаның мәні – қайырымдылықпен айналысатын азаматтарды табу және марапаттау; бұны әйгілі ету. Бұл өте маңызды, өйткені, қазіргі уақытта еріктілік мәдениетінің заманауи интерпретациясы жоқ. Ол мемлекеттік деңгейде еріктілер инициативларын қолдауға ықпал ете алатын еді, өйткені халық арасындағы этикалық және моралді құндылықтарды қалыптастыру бойынша зор идеологиялық құрал болып табылады. Петр сонымен қатар «Тұсаукесер. Сделай первый шаг!» жобасымен айналысқан. Алғашында үш досымен бастаған бұл жобаға «Шын жүректен» ҚҚ-ы қосылды. Жобаның маңыздалығы иппотерапияның көмегімен цереберальді сал ауруымен ауыратын балаларды оңтайландыру болып табылды. Алғашқы уақытта демеушілік көрсетулер табылғанымен, кейіннен бұл жоба дағдарыстың кесірінен жабылып қалды.
Петр Каламыцин өмірді өзгертуге құлшынған адамдар мен демеушіліктер жайлы көптеген мақалалар жазған, сонымен қатар энтузиазмы мен потенциалы жоғары азаматтар жайлы да сыр шерткен.
Бұл Петрдің айналысқан жұмыстарының бірқатар тізімі. Адамның досына қарай, оның қандай адам екенін білуге болады емес пе, сондай-ақ Петрдің достары өте көп.
Екіншіден, Петр Алматы қаласының бір мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. Жақсы мамандық, тек төлем ақысы аз. Жақында Петр өз ғашығын кездестіріп, Елена атты сүйіктісіне үйленді. Бай туыстары, қамқоршысы, жұмыс берушісі жоқ. Сататын мүліктері де жоқ. Мұрагерлікке қалдыратыны да жоқ. Сондықтан да оған көмек қажет.
Міне, осыдан кейін ешкімде неліктен Петрға көмектесу керек деген сұрақ туындамайтын шығар.
Сонымен, 25-ші қарашада Том Самом Барда сағат 20,00-де «Сәнқой» кеші басталды. Дресс код - сәнқойлар. Барлығы 50-60 жылдардағыдай ашық түсті киімдермен келді.
Жастардың көбісі КСРО-тың кезінде сұрғылт көпшіліктен бөлініп шыққан ашық өзінше ерекшілігімен көзге түскен жастардың заманына қайта оралғандай болды. Көзге әсерлі көрінетін түрлі-түсті галустағы жастар таңдаудың жолын көрсеткендей болды. Сол кездің жастары өздерінің бірегейліктерін жасырын түрде, елден тыс жерлерде джаз, айғай шу билермен өткізген.
Осы кешке жиналған қыздар крепдешиннен тігілген сәнді юбкамен, бетпердесі бар қалпақ киіп, төмен өкшесі бар аяқ киіммен келген. Көздерін жіңішке қарындашпен сызып, еріндерін қызылмен бояп алған қыздар сол кездің жастарынан аумай қалды.
Кейбір жас жігіттер сыбызғы тәріздер шалбарлар, кең иықты пиджактар киіп, мойындарына жіңішке галстук тағып, түрлі түсті нәскилерімен ерекше болды. Кейбіреулері Элвистің кекіліндей кекіл жасатқан.
Кіру билеті 2000 теңге болды, ал «Свой» ТСБ картасының иегерлеріне 1000 теңге болды.
DK және ТСБ барларында билеттер кеңінен таратылды. Energy FM радиостанциясы ақпараттық қолдау көрсетті. Музыкалық және сәулелі аппаратураны Mil Mar Sound компаниясы ұсынып, техникалық қолдау көрсетті. Сондай-ақ «Print house» типографиясы бізге қолдау көрсетті.
Popcorn Band және Chick Flick топтары жанды дауыстарымен осы кештің сәнін келтірді. Сәнқой жігіттер мен қыздарды Dj Sunny және Xenon диджейлері қызықты етіп жүргізді.
Бұл кеште біз қайырымдылық идеясын көпшілікке таратқымыз келді. Сондай-ақ жарқын көңілмен, әсем әндермен, жақсы өмір белсенділігімен басқа жанға сый тарта алатынымызды көрсеткіміз келді.
«Сәнқой» кештің арқасында жиналған қаржының барлығы Петр Каламыциннің емделуі үшін оның есеп шотына аударылды. Аударылым туралы құжаттар кейініректе ұсынылады.
Келесідей билеттер сатылды:
- 2000 теңгеден 104 билет;
- 1000 теңгеден 22 билет.
Барлығы: 230000 теңге
Демеушіліктер өздерінің өнімдерін қаржылай қолдау көрсетті. Петяның мәселесі шынайы. Ол медициналық көмекке расымен зәру, оның емделуіне ақшалай қолдау керек.
Күдіктенген немесе көмектесетін жандар үшін: Каламыцин Петр Александрович Алматы қаласының №79 мектебінде жұмыс жасайды. Оны барлығы біледі, сырқаты да белгілі. Бүгінгі күні Петр Мәскеу қаласындағы гематологиялық ғылыми орталықта. Емдеуге келісілген №592М шарты сканерден көшіріліп, қосымшада тіркелген.
Біздің кешіміз Петрдің емделуінің бір бөлігін ғана қамтамасыз етті. Сондықтан біз барлықтарыңызды осы Петрдің жағдайына немқұрайлы қарамай, назар аударып, қол ұшын берсе екен дейміз.
Бізге демеушілік көрсеткен азаматтарға, кешке қатысушыларға алғысымыз шексіз!
Айғараева Анель,
Ержан Тәтішев Қорының стипендиаты






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.