| |
RUS ENG KAZ

Еріктілік жұмыстар

26.02.2010

2010 жылы 25 ақпанда Қордың қызметкерлері Ержан Тәтішев Қорының білім бағдарламалары аясында Қор стипендиаттарының еріктілер жұмыстарының қорытындысын шығарды

Еріктілер жұмыстарына талдау жасай келе, «Үздік волонтер» атағына Аубакирова Тұрсынай ие болды.

Тұрсынай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, 2 курсында «корей тілі» мамандығында білім алады. Ол болашақ шығыстанушы екендігіне қарамастан, ол әлеуметтік жұмыстарға өте жақын. Бұл Тұрсынайдың еңбекқорлығын, бауырмашылдығын көрсетеді, сонымен қатар өзінің достарына, соның ішінде балалар үйінің түлектеріне қамқор екендігін дәлелдейді.

«Кез келген ерікті жұмыстың өзіндік бір ерекшелігі бар. Барлығы жалпы көріністерге ие болғанымен, оның ішінде өзіндік жұмыстарының қатары бар екенін көруге болады»,- дейді Тұрсынай.

2010 жылдың 1 қаңтарында Тұрсынай өзімен бірге оқитын группаластарымен балалар үйінің түлектеріне арналған «Өзіңнің сүйікті затыңды тап» тақырыбында қызықты ойын өткізді. Бұл ойын «Мега-орталық» ойын-сауық орталығында жүргізілді, кез келген осы ойынға қатысушы аталған орталықтың бутиктерінен өзіне ұнайтын заттарын тауып, сол сатушымен қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерімен үйренген. Бұл ойынның мақсаты, этикалық дағдыларын көтермелеу, бағаны білу, жеңілдіктерді дұрыс сұраумен байланысты дейді. Ойын соңында кез келген ойыншыға естелік заттар беріліп, кешкі асты бірге өткізумен аяқталды.

Сонымен қатар, Тұрсынай «Ұлы Отан Соғысының 65 жылдық жеңісіне» орай ардагерлерге «Қол ұшын соз» атты акцияға қатысып, өз үлесін қосуда.

Тұрсынайдың еңбектері еленіп, «Жастар» премиясының лауреаты атағына ие болып, мақтау қағазымен марапатталды, осындай жетістігіне бізде ортақ болып, құттықтаймыз.

Тұрсынайға сәттілік тілеп, биік жетістіктерден көріне беруіне тілектеспіз.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.