| |
RUS ENG KAZ

Пiкiр-сайыс клубы

12.01.2008

Ержан Тәтішев Қорының шәкірттері қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаевпен кездесті

Қор аясында құрылған пікір-сайыс клубынының тағы да бір кезекті кеші өтті

Қордың Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішевтің ынтасымен Қор аясында құрылған пікір-сайыс клубында Қор шәкірттері айына бір рет кездесіп тұрады. Кез келген пікір-сайыс клубының тақырыбы да түрліше, бұл көтеріліп отырған тақырыптар Қордың Қамқоршылық Кеңесінен, сонымен қатар шәкірттердің өздерінен де келіп түседі. Аталған іс-шара аясында Қор шәкірттері көкейтесті тақырыпты көтеріп, ой-пікірлерін ортаға салады. Қазақстанға әйгілі атақты адамдармен кездесулер өткізіліп тұрады. Міне, сондай кештің, яғни, пікір - сайыс клубының тағы да көтерілген мәселесі қазіргі таңдағы әлемдік дағдарыс, соның ішіндегі қазақстанда болып жатқан дағдарыс жағдайлары, оның саясатқа, халықтың әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, бюджеттік жағдайына әсер етуі жайлы болды.

Осыған орай, 2008 жылдың 28 қарашасында кезекті пікір-сайыс клубына қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев шақырылды. Бұл кездесуге Қордың шәкірттері, Қордың Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішев және Қордың қызметкерлері қатысты.

Досым Сәтбаев қазақстандық саясаттанушы, «Тәуекелдікті бағалау тобының» жетекшісі, «Орталық Азиядағы заңсыз нарық», «Алматы қаласындағы жер сілкінісінің мүмкін болатын зардаптары» атты кітаптарының авторы.

Бұл кездесуде Досым мырза ең алдымен Алматыдағы Орталық ОБСЕ-нің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған жобаның нәтижесінде жарыққа шыққан «Орталық Азиядағы заңсыз нарық» кітабына қысқаша шолу жасады. Бұл жобаның мақсаты қазіргі таңдағы аймақтық заңсыз нарықты анықтау және бағалау, оның негізгі қатысушыларын анықтау, аталған нарықтың жүзеге асыру механизмдерін зерттеу, сол жердегі бағалы конъюнктураны талдау, ең негізгісі Орталық Азияның болашақтағы криминалдық экономикасының дамуының мүмкін болатын жолдарын анықтау. Бұл кітапта мынандай тараулар көрсетілген: наркоимперия, тірі тауар, террорлық инфрақұрылымның «көлеңкелі» нарығы, қару-жарақтың «көлеңкелі» нарығы, Орталық Азиядағы «биопираттар», «Ежелгі дүкен». Актиквариаттың «көлеңкелі» нарығы. Досым Сәтбаев өз сөзінде «бұл басылым саясаттанушыларға және мамандарға осы нарықтың жүзеге асу механизмдерін зерттеуге ықпал етеді. Қызығушылық танытқан мемлекеттік қызметкерлер «көлеңкелі» нарықтағы бағалы конъюнктураны талдап, аймақтағы криминал экономиканың дамуының мүмкін болатын жолдарын анықтайды» - деп ойлаймын дейді.

Сонымен қатар жоғарыда аталған «Тәуекелдікті бағалау тобының» тарапынан жүзеге асырылған «Алматы қаласындағы жер сілкінісінің мүмкін болатын зардаптары» атты документалды фильм және «Домина эффектісі. Алматылық жер сілкінісінің мүмкін болатын зардаптары» атты кітапқа қысқаша шолу жасалынды.

Әлемде болып жатқан дағдарыс жайлы шақырылған қонағымыздың айтуынша, Қазақстан әлемдық қаржылай дағдарыста көтерілген риск тобында тұр. Оның ойынша, «дағдарыс - экономикалық модельде», бұл мәселе экономикалық емес, саяси дейді. Өйткені президент әкімшілігі элитаны жеделдетіп басқаруда өз орындарын алуда. Біздің саяси жүйемізге ең қауіпті оның элитасы болып отыр, яғни, біздің элитамыз – бұл ұлттық қауіпсіздігімізге ең қауіпті нәрсе, біздің элитамызды оның өзінен құтқаруымыз қажет, - дейді.

Бұл кезекті өткізілген пікір-сайыс клубына жиналған Қор шәкірттері Досым мырзаға өздерін біраздан бері толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, ой – пікірлерін ортаға салды. Аталған кездесуге арнайы түрде келген саясаттанушы Досым Сәтбаев болашақта әлі де кездесетіндігін айтып, Қордың дамуына табыс пен биік жетістіктер тіледі.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.