Пiкiр-сайыс клубы
Қазақстан беделін көтермелеудегі БАҚ рөлі Қоғамдық сананы басқару. Корпорациядағы PR-дың рөлі мен орны
2009 жылғы бастамаларын Ержан Тәтішев Қоры Қордың пікір - сайыс клубының кезекті отырысымен бастады. 30 қаңтарда өткен пікір - сайыстың спикері ретінде «Шахар» телерадиоканалының (ХИТ ТВ ұлттық музыкалық канал және 102.2 Энерджи радиосы) президенті, «Қазақстандағы PR клубының» мүшесі Домбай Қуат шақырылды. Сонымен қатар, осы пікір - сайыс клубының негізін салушы, Клубтың ашылу бастамасын өз қолына алған Қордың Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Тәтішев Еркінде де қатысты.
Пікір - сайыс клубының осы жолғы тақырыбы «Қоғамдық сананы басқару. Корпорациядағы PR-дың рөлі мен орны» жайлы болды. Сондықтан да спикер ретінде шақырылған Қуат Домбай Қазақстандағы PR-дың рөлі мен орны жайлы өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар ол мынандай ақпараттармен таныстырды: «PR-шы» бұқарамен байланыс жөніндегі кәсіпқойлар клубы – 2002 жылы біріккен коммерциялық емес ынталы топ. Бүгінде Клубтың 29 белсенді мүшесі бар. Негізгі миссиясы – PR мамандығының кәсіби стандарттары мен мәртебесін көтеру. PR-шы клубының мүшелері жыл сайын студенттерге, жас мамандар мен әріптестеріне мастер-класстар, PR-маусымдар ұйымдастырады, 15-мамырда Қазақстанда PR күндері тойланады, PR-форум, студенттердің жұмыстарына байқау өткізіледі». Қор шәкірттері тарапынан келесідей сұрақтар қатары көтерілді: «Қазақстанның беделін көтеруде не істелініп жатыр? Жетістік немен өлшенеді? Адамның жетістікке жетуінде білім маңызды рөл атқара ма? Жұмыста басқарудың қандай стильдерін қолданасыз? Қазақстандағы маркетингтің дамуын неден көре аласыз? және т.б.
Ал «Шахар» арқылы болашақты қалай көресіз деген сұраққа Қуат Домбай былай деп жауап береді: «Мен 2008 жылдың ақпан айынан бастап Шахарды басқара басадым, ол маған жаңа жобаларды, жаңа идеяларды іске асыруға ықпал етті, ойластырған жобаларым арқылы отандық шоу бизнестің жағдайын жақсы жаққа өзгертуге бел буып отырмын. Шахардың миссиясы – қазақстандық мәдени кеңістікте өз үлесін қосу және батыс және ресейлік поп мәдениеттен тәуелсіз болуға ынталану болып табылады. Сонымен қатар, Қуаттың бос уақытын қалай өткізетіні, алған білімі мен жеке қызығушылықтары Қор шәкірттерін өте қызықтырып, сұрақтарына толығымен жауаптар алған сыңайлы.
Қамқоршылық Кеңестің мүшесі Тәтішев Еркін Нұрілдәйімұлы пікір - сайыс клубының соңында Қор шәкірттерінің оқу үлгірімі, әлеуметтік бейімделуі, туындаған қиыншылықтар мен жетістіктері жайлы сұрастырып, бірер сөз қозғады. Болашақта оларға зор сенім арттатынын тағы да атап өтті. Шәкірттердің білімге, оқуға үлкен жауапкершілікпен қарауын ескертті.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.