| |
RUS ENG KAZ

Ережелер мен саясат

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТТАР КОДЕКСІ

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТТАРЫНА ШӘКІРТАҚЫНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТТАР КОДЕКСІ

Ержан Тәтішев Қорының білім гранттар бағдарламасының жалпы мақсаты - айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері, жаңа білімдер мен машықтарды меңгеру ұмтылысы бар жастарға, олардың болашақта тұлға және кәсіби маман ретінде қалыптасуларына ықпал ететін лайықты білім алуға мүмкіндіктер ұсыну. Қор стипендиаттардың дамуына және олардың білім алуына кеткен қаржылық құралдарды қайтару қажет етілмейтіндігі болжанады. Бірақ ондай жағдайда Қор жауапкершілікті күтеді. Қор стипендиаттардан жоғары моральдік, адамгершілік сапаларын талап етумен қатар, оқуда да өте жақсы көрсеткіштерді көрсетуді талап етеді. Осыған орай, Ержан Тәтішев Қорының кез келген стипендиаты Қор ұжымы мен стипендиаттардың өзара қатынасын реттейтін Қор стипендиатының мінез – қылығы (ереже) мен тәртібінің нормаларына сай болуы қажет.

Оқу орындарында білім алу

Стипендиаттар қабылданған оқу орнының академиялық стандарттарын сақтап, бағдарлама аясында барлық толық курстан өтуі қажет. Сонымен қатар таңдап алынған мамандықтары бойынша және өзінің оқу орындағы оқу бағдарламасы негізінде теориялық білімдермен, тәжірбиелі дағдылармен және қазіргі таңдағы жаңа әдістемелермен қарулануы тиіс. Академиялық және кәсіби стандарттардың сәйкес келмеуі гранттық қолдаудың тоқталуына себеп болуы мүмкін.

Академиялық үлгірімділігі

Ержан Тәтішев Қорының білім грантын иемденудегі ең негізгі дәлел стипендиаттың академиялық үлгірімділігі болып есептеледі. Стипендиат оқуда жақсы көрсеткіштер көрсетуге және өзінің құқықтарын білуге тиіс. Оқу үлгірімділігінің рейтинг минималдылығы «Стипендияны тағайындау Ережесінде» бекітілген.

Қоғамдық өмірде белсенділік көрсету

Қордың стипендиаттары айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттерге ие болуы қажет және қоғамның түрлі салаларында оны көрсете білу тиіс. Қордың, оқу орнының, қаланың қоғамдық істеріне қатысулары керек. Өз елінің беделін көтермелеуге және қалыптастыруға ықпал етулері қажет.

Қор қызметкерлері мен стипендиаттардың өзара қарым - қатынасы

Стипендиаттар жоғары моральді-этикалық сапаларға ие болып, ел алдында сыйлы болулары қажет. Өзара сыйластық пен этикалық сапалар Қор қызметкерлері мен стипендиаттарының арасындағы негізгі қатынас болып саналады. Стипендиаттар өзара қарым - қатынасты құрарда келесі қағидаларға сүйененеді, яғни:

  • адалдық;
  • демократиялық;
  • өзара сыйластық;
  • кішіпейілділік;
  • мейірімділік;
  • әдептілік және әдепті мінез қылық;
  • сындарлы қатынас;
  • өзара сенімділік пен өзара көмектесу:

Стипендиаттың басқа да міндеттемелері

Өздерінің әрекеттерімен және қылықтарымен Ержан Тәтішев Қорының беделін қалыптастыруға ықпал ету. Қор іс-әрекеттерінің қағидаларына және құндылықтарына сәйкес болу.

Үнемі жалпы мәдениеттілікке ұмтылу, адамгершілік және физиологиялық дамуға жетуге тырысу. Өздерінің жалпы ой-өрісін кеңейту. Елімізде және әлемде болып жатқан қоғамдық, саяси, экономикалық жағдаяттарды тасадан тыс қалдырмау.

Өздерінің кәсіби және мәнсаптық мақсаттарына жетуге ықпал жасау. Біліммен және іскерлік-дағдылармен қарулануға дайындығын көрсету.

Өздерінің бойынан жеке тұлғалық қасиеттерді, атап айтсақ, қарым-қатынас дағдыларға, аналитикалық қабілеттерге ие болуы, сыртқы келбеті мен қылығы, іскерлікке сай болуы тиіс, ұқыптылық, дипломатиялық қасиеттерге ие болулары қажет.

Қордың стипендиаттары бір-біріне қолдау көрсетулері тиіс. Стипендиаттардың студенттік өмірге бейімделуіне, тұрмыстық жағдайына, білім алу үрдісіне ықпал еткен және клубқа жаңадан қосылған стипендиаттарға көмектескендер мадақтауға ие болады.

Өзіне алынған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау (Қордың істеріне араласу, жеке тапсырмалар). Берілген тапсырмаларды белгіленген уақытта және сапалы орындаулары қажет.

Стипендиаттардың қатысуымен Қор тарапынан ұйымдастырылған шараларға, кездесулерге қатысу. Кешікпеу және өз уақытысында келу қажет. Аталған іс-шараларға стипендиаттардың қатыса алмауы тек Қор тарапынан алдын ала келіскен жағдайда немесе дәлелді себептер кезде ғана босатылады.

Коммуникация

Стипендиаттың ұялы телефон немесе басқа да телефон байланыстарының нөмірлері, тұрғылықты мекен-жайы, басқа да байланыс телефондары ауыстырылса (кез келген себептермен) Қордық қызметкерлеріне үш күндік мерзім ішінде ауыстырылғандығы жайлы мәліметтер беруі қажет.

Стипендиат білім алып отырған қаладан басқа қалаға ұзақ мерзімге кету уақытын, сонымен қатар өз үйіне қайту кезін Қор қызметкерлеріне хабарлап айтуы қажет. Сонымен қатар жоспар бар кететін және келетін күндерін, баратын жерін, сол жаққа бару мақсатын, сонымен қатар өзімен хабарласатын қосымша байланыс телефондарына дейін айтуы қажет.

Барлық стипендиаттарға қатысты ақпараттардың тиімді алмасуы үшін таратылымның ортақ электрондық қағазы жүзеге асырылады. Осыған орай, стипендиат күнделікті өз электрондық поштасын тексеріп тұруы қажет және Қор қызметкерлерінен алған мәліметтердің алғандығын растауы қажет (электрондық пошта арқылы, телефонмен және тағы да басқа тәсілдермен). Кез келген оқу жылы сайын стипендиаттардың арасында хабарландыру жасалынады, яғни, олардың бір - бірімен ақпараттармен алмасуы және тәртіптің реттелуі қадағаланады.

Қордың білім бағдарламасынан шығарылуы

Келесі жағдайларда Қордың білім бағдарламасынан стипендиаттар шығарылады. Бұл жерде стипендиаттар білім алып жатқан оқу орнынан шығарылады дегенді білдірмейді.

  • Оқып жатқан ЖОО-нан шығарылған кезде;
  • Акамедиялық үлгермеушілік және оқу графигін орындамау, яғни, келесі семестрге өту кезіндегі қарыз болған кезде;
  • Семестр бойынша оқу үлгірімі 80%-тен төмен болған кезде;
  • Кодексте қарастырған ережелерді қайталана бұзылуы және дөрекі болған кезде;
  • Бағдарламадан өз еркімен кеткен кезде шығарылады (бұл жағдайда стипендиаттың арызынан кейін 14 күн ішінде бағдарламадан шығарылады)

Аталған Кодекстің пунктерін бұзғандығы үшін стипендиаттарға тәртіптік әсер ету шаралары қолданылады, тіпті бағдарламадан шығарылады. Дисциплинарлық жаза, соның ішінде бағдарламадан шығару, стипендиаттан жазбаша түрде түсіндірме хатынан кейін қайта қарастырылуы мүмкін. Дисциплинарлық жаза жасалынған қылықтан кейін бір ай ішінде қолданылады.

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ СТИПЕНДИАТТАРЫНА ШӘКІРТАҚЫНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

Аталған құжат Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттарына Қордың білім бағдарламасы аясында шәкіртақыны төлеу тәртібін реттейді.

Қор өз тарапынан еліміздің экономикасы мен халқының алдында тұрған күрделі және жеңіл емес міндеттерді шешуде жоғары кәсіби элитаны, қазақстандық қоғамның болашақ лидерлерін дайындау бойынша үлкен миссияны сипаттайды. Бұл миссия аталған қайырымды бағдарламаға қатысатындардың барлығына, яғни Қордың грантына ие болған стипендиаттарға, аталған бағдарламаның мақсат және міндеттерінің тиімді жетістіктеріне жауап беретін Қор қызметкерлеріне жауапкершілікті жүктейді. Қоғамның болашақ лидерлерінен жоғары моральдік адамгершілік сапаларын, сонымен қатар оқуда жоғары көрсеткіштер көрсетуді талап етіледі.

Білім гранттарының игерлерінің, студенттердің мотивацияларын өте жақсы оқуға итермелеп, қолдау көрсету мақсатында Қор қызметкерлері Қамқоршылық Кеңестің келісімімен шәкіртақыны алудың жаңа ережелерін енгізеді.

Қордың кез келген стипендиаты оқу жылының басында Қор тарапынан бекітілген шәкіртақыны алуға құқылы. Шәкіртақы барлық стипендиаттарға оқу жылының басында бірінші курстың бірінші семестрінде тағайындалады. Ал келесі семестр бойынша алатын шәкіртақыны алу құқығы тек айдың бірінші күнінен бастап өткен емтихандық сессиясының (немесе апталық рейтингтік бақылау қорытындысының), сонымен қатар келесі айлық емтихан сессиясының (апталық рейтингтік қорытындысының) нәтижелеріне қарап тағайындалады. Шәкіртақы стипендиаттардың рейтингтік үлгірімділігінің нәтижесіне қарай келесі шкала бойынша анықталады (пайыздық арақатынасы негізде):

  • 90% және жоғары болса – стипендиат бекітілген шәкіртақыны толығымен алуға құқылы.
  • 85% - 89% болса – стипендиат бекітілген шәкіртақының 50% көлемінде алуға құқылы;
  • 80% - 84% болса – стипендиат шәкіртақыдан айырылады, бірақ та Қор бағдарламада қалады;
  • 80% төмен болса – стипендиат Қор бағдарламасынан шығарылады;

Егер де шәкіртақыны алып отырған немесе алмай отырған стипендиаттар келесі семестр ішінде өз рейтингісін талап етілген стандартқа сай көтерген жағдайда, ол жоғарыда көрсетілген шкалаға сәйкестендіріле шәкіртақыны қайтадан жаңартуға құқылы. Тек аралық бақылаудың нәтижесінен кейін шектеуді болдырмау құқығы беріледі. Келесі айдан бастап шәкіртақысын жаңарту үшін кез келген айдың 20-на дейін дәлелді қағазын (аралық бақылау нәтижелерін) көрсетуі қажет. Қор ЖОО-нан стипендиаттардың аралық үлгірім рейтингі бойынша нәтижені жеке - жеке алуға тапсырыс бермейді, сондықтан да рейтингтің нәтижесін дәлелдейтін қағаздарды тапсыру стипендиаттың жауапкершілігі болып табылады.

Оқу орнында тағайындалынған кезең ішінде дәлелді себеп бойынша емтихан сессиясын тапсырмаған стипендиаттарға оқу орындары қойған жекелей мерзім ішінде емтихандарды тапсыру нәтижелерін алғанға дейін шәкіртақы ары қарай жалғастырылады. Содан кейін шәкіртақыны тағайындау туралы сұрақтар жалпы негіздерге сүйене отырып, қайта қарастыралды.

Ержан Тәтішев Қорының стипендиаттары Кодекстің нормаларынан шегінген кезде, ол стипендияға шектеу қоюына әсерін тигізуі мүмкін. Аталған шектеу жайлы шешімдерді Қор өз тарапынан қабылдап, қарастырады.