| |
RUS ENG KAZ

Аналитикалық материалдар

22.12.2008

Автор: Қалтаева Ләззат
«Шырак» мүгедек әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Мүмкіндіктігі бар балаларға арналған әртүрлі мүмкіндіктер

2007 жыл – мүгедектігі бар жастарға арналған Ержан Тәтішев Қорының білім грант бағдарламасын сыннан өткізудің алғашқы жылы болып табылады. Бұл аталған бағдарлама аясында арнайы-орта білімді алуға ниеттенген мүгедектігі бар дарынды жастарға арналған 10 білім гранттары берілді. Бұл жылы Астана, Алматы, Қостанай, Тараз қалаларының балалары білім гранттарының игерлері атанды. Қор тарапынан көрсетілетін бұл қолдау тек 3 жылдық оқудың ақысын төлеумен шектелмей, шәкіртақыны, сонымен қатар басқа қаладан келгендерге жатақханамен қамтамасыз етілді.

Бұл аталған бағдарлама «Шырак» мүгедек әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігімен бірге әзірленді және аталған орталық сол бағдарламаның әкімшілігі болып табылады. Қор өз саясатына сай осы салада белгілі бір тәжірбиесі бар ұйымды сарапшы және жетекші ретінде алуды көздеп отырғандығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі ұйымдардың ұлттық жүйелерінің ресурстарын пайдалану арқылы республиканың барлық территориясында ақпараттарды таратуға және үміткерлерді бұл бағдарламаға еліктіруге мүмкіндіктер болды.

Еліміздің барлық аймақтарынан байқауға келіп түскен өтініштердің ішінен мыңнан мықты, жүзден жүйрік дарынды он балалар білім грантын жеңіп алды. Бұл бағдарлама үміткерлердің мүгедектігіне, оның мүгедектік деңгейіне шектеу қойған жоқ. Сонымен, көз, есту және сөйлеуде мүкістері бар балаларға да, қозғалыс-тірек қимылдарында кемістері бар балаларға да гранты жеңіп алуда тең құқылы жағдай жасалынды. Бұл жерде іріктеп алудың ең негізгі критериясының бірі: көшбасшылық қасиеттерінің болуы, болашақта жұмысқа орналасуға деген, білім алуға ұмтылыс, өздігінен дамуға деген ынтаның болуы. Осындай принципиалды сипатпен үміткерлердің барлығы бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алмау үшін өз намыстарына тырысып бақты.

Үміткерлердің таңдап алған мамандықтары әртүрлі және кең болды. Бірақ та таңдап алған мамандықтар стипендиаттардың физиологиялық жағдайының шектеулігіне байланысты тәуелді болды. Мысалы, екі нашар көретін балалар аударма ісін таңдап алды, өйткені қазіргі таңдағы жаңа құрал - жабдықтар мен бағдарламалар көзі көрмейтіндерге жаңа мүмкіндіктер берді, олар жазбаша түрде, сонымен қатар синхронды аудармамен де жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. Стипендиаттардың екеуі церебральді сал ауруымен ауырғандықтан, оларға кеңседегі стационарлы жұмыс лайықты, яғни, бухгалтерлік есеп және аудит. Ал нашар еститін қызымыз нан пісіруші-технолог мамандығын таңдап алды. Ел ішінде естимейтіндер арасында қолөнердің дамығаны бәріне белгілі.

Сыннан өткізу жылы бұл бағдарлама бізге де, және оның әкімшіліге де жағымды жағдайлар, сонымен қатар жағымсыз, кейбір кемшіліктердің әкелгенін жасырмауға болады. Мүгедектігі бар жастар өздерінің қоршаған ортасында ересек мүгедектектерге қарағанда біреуге масыл болудан бас тартуы жағымды жаңалық. Балалар толыққанды өмір сүргісі келеді, олар өздерінің құқықтары мен міндеттерін біледі. Сонымен қатар мүгедектігі жоқ балалар арасында теңдей білім алуға өте құштар, соған тырысып бағуда.

Айта кететін жайт, бағдарламаның барлық жеңімпаздары мүгедектігі бар арнайы мекемелерге емес, керісінше жалпы білім беретін колледждерге оқуға түсті!!!!!!!!!!!!! Бірақ та жағымсыз жағдайлар қатары да болды. Мысалы, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында арнайы орта оқу орындарына құжаттарын тапсыруда мүгедектігі бар талапкерлерде бірқатар мәселелер туындай бастады. «Бұндай балалар үйде білім алу қажет, оларға аса қамқорлық қажет» немесе «біздің оқу орында мүгедектігі бар балаларды оқытуға мүмкіндіктері жоқ» деп құжаттарын қабылдаудан бас тартты. Әрине, бұндай балаларға осындай қарым - қатынаспен келсе, аталған оқу орындарында мүгедектігі бар жастармен жұмыс жасау тәжірбиелері де болмайды.

Бағдарлама үміткерлерінің үшеуі коляскамен қозғалатын жастар болды. Оның біреуі Алматы облысының ауылынан келген қызымыз іріктеудің барлық кезеңдерін мойынсынбай өтіп, білім грантының жеңімпазы атанды, бірақ та одан бас тартуға тура келді. Өйткені, колледжде және жатақханада, қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы жағдайлар жасалмаған. Бұндай жағдайлардың елімізде болуы, яғни, мүгедектігі бар адамдарға қозғалыс үшін жағдайлар жасалмағаны көңіліңді су сепкендей басып тастайды және өз тарапымыздан наразылық білдіруге тура келеді. Бірақ та бұл қоғамда біздің балаларымыздың өмір сүретін бұл шынайы көрінісі.

Мүгедектігі бар жастарға арналған Ержан Тәтішев Қорының білім бағдарламасы оларға тікелей қаржылау қолдау көрсеткенімен, оның тағы да бір маңызды мақсаттары бар. Бұл мақсат – қоғамға инклюзивті білім жүйесін құру қажеттігін тағы да назарға салу. Мектепте, арнайы - орта, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан мүгедектігі бар жастар жаңа жаңалық ашқандай емес, қарапайым жағдайға айналуы қажет. Бұл тараптан қоғам өздігінен дамыған жеке тұлғаны және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан тұратын мамандарды қалыптастырады. Және де жастайынан «мүгедектікті» табиғи, шынайы көрініс ретінде қабылдап, қоғамның құрылымы әртүрлі бірақ та тең екендігін көретін жаңа ұрпақты дүниеге әкеледі.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.