Тарихы
«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры 2005 жылдың 10 ақпанында ТұранӘлем Банкі Топ-менеджерлерінің және Тәтішевтер отбасының бастамасы бойынша құрылды. Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Қорды Қамқоршылық Кеңесі басқарады, ол Қазақстан аумағында, сондай-ақ өз қызметін жүргізетін елдің заңдарын қатаң сақтай отырып, басқа елдерде Қор жұмысының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.





