| |
RUS ENG KAZ

Қор туралы

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қор табыс көзін мақсат етпейтін, қоғамдық қайырымдылық ұйым болып табылады. Қорды Қамқоршылық Кеңесі басқарады, ол ұйымның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Қамқоршылық Қордың құрамына Қазақстанға және шетелге әйгілі ірі бизнес өкілдері, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар атақты музыканттар кіреді. Қамқоршылық Кеңесті БТА Банкі директорлар Кеңесінің мүшесі Тәтішев Ерлан Нүрілдәйімұлы басқарады.

2005 жылдан бастап Қор қайырымдылық саласында өз іс-әрекеттерін жүргізуде. 2006 жылдың соңына таман Қордың Қамқоршылық Кеңесі жақын арадағы жылдарға Қордың жаңа стратегиялық концепциясы мен даму жоспарын бекітті. Сол жоспарларды жүзеге асыру мақсатында Қорға бағдарламалар мен жобаларды бағалау, оларға мониторинг жүргізу, тренинг өткізу және кеңес беру, ұйымды дамыту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуде және жүзеге асыруда көп жылдық тәжірбиелері бар жаңа команда келді.