| |
RUS ENG KAZ

Алтын қор

Қазақстанның кинематографиялық мұрасын қалпына келтіру және жаңарту идеясы ұлттық мәдениет құндылықтарын сақтау, қазақстандық режиссерлердің кинематографиялық мұрасын сақтау, өткен жылдардың фильмдерін отандық көрерменге қайтару қажеттілігінен туындады. Ұзақ уақыт бойы біздің кинематографымыздың мақтанышы болған қазақстандық фильмдер Мәскеуде КСРО Мемлекеттік фильмдер қорының мұрағаттарында сақталды. Барлық ескі көшірмелер жарамсыз болып қалды, оларды көрермендерге ұсыну, басқа бейне құралдарына қайта жазу мүмкін болмады. “Қазақ киносының “Алтын қоры” жобасына кәсіби және іскер қоғамдастық - “Хабар” ақпараттық агенттігі мен ТұранӘлем Банкі қолдау көрсетті.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық компаниясы, "Хабар" агенттігі және Ержан Тәтішев Қоры арасында жасалған үш жақты келісімге сәйкес 2005 жылы алғашқы он фильм қазіргі заманғы құралдар арқылы қалпына келтіріліп, көбейтілді, ал 2006 жылы тағы да “Қазақфильм” студиясының алтын қорын құрайтын жиырма көркем фильм қалпына келтірілді.

Жобаның 1-ші кезеңінде қалпына келтірілген фильмдер тізімі:

  1. Қыз бен жігіт (2 сериясы)
  2. Амангелді
  3. Қараш асуындағы атыс
  4. Көксерек
  5. Қилы кезең
  6. Сүйрік
  7. Қыз-Жібек (2 сериясы)
  8. Транссібір экспресі
  9. Менің атым Қожа
  10. Чужая Белая и Рябой

Жобаның 2-ші кезеңінде қалпына келтірілген фильмдер тізімі:

  1. Ботагөз
  2. Балкон
  3. Алпамыс мектепке барады
  4. Гаухартас
  5. Мадам Вонгтың құпиясы
  6. Ине
  7. Ләйләнің зары (Қыз жылаған)
  8. Мәншүк туралы ән
  9. Сұлтан Бейбарыс 1 серия
  10. Сұлтан Бейбарыс 2 серия
  11. Даладағы қуғын
  12. Непрофессионалы
  13. Жансебіл
  14. Жас аккордеонистің ғұмырнәмесі
  15. Күн әйелі
  16. Балалық шақтың кермек дәмі
  17. Айналайын
  18. Заман-ай
  19. Құлагер
  20. Қиял