| |
RUS ENG KAZ

Кентау қаласының мектебі

04.05.2008

Ержан Тәтішевті еске алу...

2008 жылдың 22 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Ержан Тәтішевті еске алу шаралары өтті.

Ержан Нүрелдәйімұлы Тәтішев 1967 жылы 22 сәуірде Кентау қаласында дүниеге келген. Осыған орай сәуір айының ортасына таман 3 жыл бойы дәстүрге айналған Ержан оқыған Кентау қаласындағы №16 мектепте оны еске алу шаралары өткізілді.

Бұл шараны ұйымдастырушы «Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ, «ТӘБ Банкі» АҚ ОҚФ және мектеп әкімшілігі болып табылады. Шараны ұйымдастыру мен өткізуде мектеп мұғалімдері мен оқушылардың қосқан үлестерін айта кеткен жөн.

Сонымен дәстүрге айналған бұл мерекеде спорттық іс – шаралар, яғни, әскери - қолданбалы көпсайыс, эстафета, волейбол бойынша турнир өткізумен қатар, биылғы жылы «Ержан Тәтішевке арналған үздік тақпақ-өлеңдер», «Қазақстан, ТӘБ туралы үздік туындылар», «Бесінші сынып оқушысынан кім ақылды» атты қызықты сұрақ - жауап сайыстары өтті. Бұл сұрақ - жауап сайыста ОҚФ басшылығы, мектептің бесінші сынып оқушылары және Ержан Тәтішев Қоғамдық Қорының бағдарламаларды үйлестіруші Қалиев Асқар да өз білімін сынасты. Бұл сұрақ - жауап сайысы өткен пәндер бойынша №16 мектеп оқушыларының біліктіктерін көрсетіп, білімдерін нығайтты.

Бұл аталған сайыстардың соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталынып, Қор және ОҚФ атынан дипломдар мен сый - сияпаттар тапсырылды. Мектеп әкімшілігі осы жылдың соңына дейін Ержан Тәтішевті еске алуға байланысты тақпақ - өлеңдер жинағын шығаруды жоспарлап отыр.

Аталған іс-шараның соңы мектеп оқушылары дайындаған «Жүрек естелігі» концертімен аяқталды.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.