| |
RUS ENG KAZ

Кентау қаласының мектебі

23.10.2007

Кентау қаласындағы №16 мектептің оқушылары 5000 теңге көлемінде стипендия алатын болады

Байқаудың әділ- қазы алқалары Ержан Тәтішев атындағы стипендияны иемдену бойынша байқаудың қорытындысын шығарды. Байқаудың жеңімпаздары Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы №16 мектептің ең үздік оқушылары атанды:

  1. Кенесбектегi Алмас – 8 «А» сынып оқушысы
  2. Ысқаков Негмат – 8 «Б» сынып оқушысы
  3. Алагуджаева Эльвира– 9 «А» сынып оқушысы
  4. Тұрабаева Нұрия – 9 «А» сынып оқушысы
  5. Вахитова Альбина – 10 «А» сынып оқушысы
  6. Жалмұрзаева Қарлығаш – 10 «А» сынып оқушысы
  7. Пайзыметова Донахан – 1 «А» сынып оқушысы
  8. Құлданова Ақерке – 11 «А» сынып оқушысы

Бұл аталған стипендиялық бағдарлама осы мектептің оқушыларына арналған «Ержан Тәтішев атындағы Қордың» қоғамдық қордың атынан тағайындалды. Бұл бағдарламаның ашылуының мақсаты мектеп оқушыларының жаңа білімге мен іскерлікке, дағдыларға және олардың қоғамдық өмірге белсене араласуларына ықпал ету негізінде, оларды қолдау және мадақтау негізінде жүзеге асыру.

Стипендиаттарды таңдау кезінде арнайы комиссия құрылған болатын, оның құрамына ата- аналар комитетінің, педагогикалық ұжымның және мектептегі Қамқорлық Кеңесінің мүшелері кірді. Осы жылға 8,9,10,11 сыныптарында оқитын 8 оқушысы осы стипендияға ілінді. Кез келген байқаудың жеңімпаздары жыл бойы ай сайын 5000 теңге көлемінде стипендия алып отырады.

Бұл бағдарлама уақытша және бір мезгілді бағдарлама болып табылмайды. Оқушының үздік бағалары мен жетістіктеріне қарап, жақсы оқитын оқушыларды таңдап алу байқауы жыл сайын оқу жылының басында өткізіледі. №16 мектептік кез келген жоғарғы сынып оқушылары осы аталған стипендияны иемденуге мүмкіндіктері бар. Және де кез келгені мектепте ең жақсы оқушы атануы үшін ұмтылады. Осы мектептің түлегі болған Ержан Тәтішевтің қоғамның дамуына қосқан үлесі, жеткен жетістіктері осы мектептің оқушыларына жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктерге жетуге ықпал болатынына Қордың сенімі мол.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.