Кентау қаласының мектебі
22 сәуір 2011 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы Ю.А. Гагарин атындағы №16 мектепте осы мектептің түлегі болып табылатын Ержан Тәтішевтің туған күніне орай спорттық-мәдени шаралар өткізілді.
Қалалық спотрттық-мәдени шаралар - 22 сәуір 2011 ж., №16 мектеп, Кентау қ.-сы.
2011 жыл 22-ші сәуір күні Кентау қаласындағы Ю.А. Гагарин атындағы №16 мектепте осы мектептін түлегі болған Ержан Тәтішевтің туған күніне орай қалалық спорттық-мәдени шаралар өткізілді. Ержан Тәтішев өсіп-өнген мектеп бұл мектепаралық жарысты жақсы дәстүріне айналдырған. Кентау қаласының мектеп оқушылары әскери-спорттық эстафета, волейбол және оқ атысы сияқты спорт түрлерінен сайысқа түсті. Командалардың дайындалу деңгейі жоғары болғандықтан, ойындар өте қызба болып өтті. Гагаришілер жанкүйерлердің үміті ақталды: балалар жүлдеді орындардың көбісіне ие болып мектеп абыройын ақтап шықты.
«Что? Где? Когда?» интелектуалды ойынында көрермендер командасы өмірдің түрлі салаларындағы ой-өрісін көрсете отырып, ерекше көзге түсті. Білгірлер ғана емес, тіпті оқытушылардың өздері де көрермендердің шытырман сұрақтарына жауап таба алмай отырды. Нәтижесінде бұл ойында көрермендер командасы жеңіске қол жеткізді.
Шараны Ержан Тәтішевті еске алу кеші мен мерекелік концерт тәмәмдады. Концертте көрермендерді өнерімен сусындатқан көп әртісің ішінде «Рапсодия» би тобының жас таланттары көрерменнің ерекше ілтипатына ие болды. Осы шараға ат салысқандар мен жүлделі орындар иелеріне естелік сыйлықтар мен кубоктар тапсырылды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.