Кентау қаласының мектебі
2009 – Қор стипендиаттарын салтанатты марапаттау кеші, №16 мектеп, Кентау қаласы
2009 жылдың 21 қыркүйегінде Кентау қаласы №16 орта мектепте жыл сайын өтетін осы мектептің жоғары сынып оқушыларының арасынан үздік болып шыққан оқушыларды марапаттау кеші өтті: осы жылдан бастап 8 мектеп оқушылары 5000 теңге көлемінде Ержан Тәтішев атындағы ай сайынғы стипендияға ие болады. Олардың есімдері:
|
Әбібұлла Бағдәулет – 8а сынып |
|
Шамсутдинова Татьяна – 8а сынып |
|
Атаханов Нұрмұхамед – 9а сынып |
|
Ефанова Мария – 9а сынып |
|
Қанаева Таңшолпан – 10а сынып |
|
Сейдулдаева Айнұр – 10а сынып |
|
Степанова Людмила – 11а сынып |
|
Файзуллаев Сайдулла – 11а сынып |
Бұл стипендия мектеп оқушыларын қолдау және мадақтау мақсатында тағайындалған. Бұл жылы байқауға 28 мектеп оқушылары қатысты, солардың ішінен мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып шыққан 8 оқушы стипендия иегері болды. Олардың ішіндегі 3 оқушымыз осымен екінші рет стипендияға ие болып, өзінің дәрежесін тағы да бір рет дәлелдеді.
Әрине, бұл балалар мақтау, мадақтау үшін «еңбектенбейді». Бірақ та жастардың тырысып бағуы, болашаққа көз жүгіртуі көзге көрініп, ескерілетін болады.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.