| |
RUS ENG KAZ

Кентау қаласының мектебі

Ю.А. Гагарин атындағы №16 Политехникалық мектеп-лицейі, Кентау қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Ю.А. Гагарин атындағы №16 орта мектеп 1961 жылдан бері жұмыс істейді. Мектептің негізі қаланған жылдан бастап 1984 жылға дейін мектеп директоры ҚазКСР ағарту ісінің үздігі А.А. Барг болды. 1970 жылдан бері мектеп математиканы тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

2000 жылдан бастап мектеп политехникалық мектеп-лицей ретінде экспериментальды режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда мектеп директоры - Л.Г.Прохорова. 2004 жылғы қараша айында мектеп табиғи-математика циклін қарқынды игере отырып, “Политехникалық мектеп-лицей” мәртебесін алды. Мектеп ұжымы “Оқушыларды политехникалық оқыту жағдайларында ОТП тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін тиімді пайдалану”.

Мектепте 76 мұғалім, 14 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 20-сы жоғары санатты, 20-сы І санатты, 19-ы ІІ санатты. Мектепте 1010 оқушы оқиды. 2005-2006 оқу жылында 57 оқушы “үздік” атанды, мектеп бойынша білім сапасы 47,2% . 2005-2006 оқу жылы 67 оқушы тәмамдады, оның 55-і БҰТ тапсырды. БҰТ нәтижелерінің орташа балы 64. Жоғары оқу орындарына грантқа 23 түлек, ал коммерциялық негізде 20 түлек түсті.

Оқу базасы

Мектепте зертханаларды қоса 32 сынып бөлмесі бар. Оқу кабинеті – 15, психологтың кабинеті. Оқу шеберханалары – 3; металл, ағаш, өңдеу, қызмет көрсету еңбегі. 25 орынға екі компьютерлік кабинет, 28 компьютер бар.

Мектепте дәрігерлік кабинет, 300 орынды асхана, спорт залы, кітапхана, 10 орынға оқу залы, акт залы және мектеп оқушысы Ержан Тәтішевке арналған мұражай бар.




03.10.2016
26.04.2016
20.10.2015
30.06.2015
05.05.2015