Семинарлар мен мастер-кластар
ТұранӘлем Банкі қызметкерлерінің назарына!!!
«Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры Қазақстан-Британ Техникалық Университеті жанындағы Халықаралық Экономика Университетімен және де Лондон Экономика және Саяси Ғылымдар Мектебімен бірлесе отырып, 2007 жылдың 7 маусымында тек банк қызметкерлері үшін Бирмингем Бизнес Мектебінің профессоры Эндрю Муллиньюдің мастер класын ұйымдастырады. Тақырыбы:
«Бағалы қағаздар және банктердің рөлі»
Мастер класс қатысушыларды Жапония және АҚШ-тағы жүргізіліп жатқан реформалармен қатар, банк ісіндегі және қаржы саласындағы тенденциялармен таныстырады. Сонымен бірге, бәсекенің кеңеюіне, қаржы және бағалы қағаздардың жаһандануына әкелетін үйлестіру мәселелері қарастырылады. Нәтиже ретінде, Банктердің рөлі дәстүрлі емес жеке тұлғалар және коммерциялық банк ісін (депозиттер, несие-қарыздар, ақша-несие аударымдары), инвестициялық банк ісін, бағалы қағаздар бизнесін және сақтандыруды дамытуда жатыр. Бағалы қағаздардың нарықтары тәуекелдіктерді ұтымды басқаруға арналған мүмкіндіктерді, сондай-ақ кәсіпорын капиталында, жеке инвестициялық акцияларда тәуекелдік еркіндігін қамтамасыз етеді.
Өткізу күні: 7 маусым 2007 ж. (бейсенбі)
Уақыты: 10.30-12.00
Өткізу орны: Абылай хан көш., 51, 5 қабат, Оқу орталығы
Мастер класс ағылшын тілінде орыс тіліне синхронды аудару арқылы өтеді.
Мастер класқа қатысуға ниет білдірушілер
тіркеу формасын (318,00 kB) толтырып, оны не «мастер класс» белгісімен s_sultanbekova@bta.kz электронды пошта бойынша, не +7 327 266 34 94 факсы бойынша жіберулері тиіс. Тіркеу нысандарын қабылдаудың соңғы күні – 2007 жылдың 1 маусымы. Орындар саны шектеулі.
Осы хабарландырудың электронды нұсқасын Ержан Тәтішев Қорының www.tatishevfoundation.com сайтынан таба аласыздар
Профессор Эндрю Муллинью ((Andrew Mullineux)
Эндрю Муллинью – Жаһандық Қаржылар саласындағы Профессор және Бирмингем Бизнес Мектебінің Қаржылық бөлімшесінің Басшысы. Ол – монетарлық саясат және бизнес циклдар, қаржы секторын қайта қурылымдау және нарықтық экономика реформалары жөніндегі жарияланымдардың авторы. Қазіргі таңда профессор Муллинью «Қаржы секторының корпоративті басқарудағы рөлі және банктерді корпоративті басқару» тақырыбында жұмыстар жүргізуде. Оның Иордания, Вьетнам, Түркия, Танзания және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қаржы секторына қатысты оқу курстарын жүргізу және/немесе кеңес беру тәжірибесі бар.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.