Семинарлар мен мастер-кластар
«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры қаржы және экономика мамандарына арналған лекциялар ұйымдастырады:
|
Лекция 1 |
«Ішкі бағалардың тұрақтануы, валютаның сыртқы тұрақтылығы, қаржылық саладағы |
|
Лекция 2 |
«Валюталық одақ: Евроаймақтың кейбір сабақтары» |
|
Лекция 3 |
««Инфляциялық таргеттеу Бағдарламасын қабылдау тарихы және Монетарлық Саясат |
Лондон Экономика Мектебінің спикер – профессоры - Чарльз Гудхарт (Charles Goodhart), Британ империясының кавалері, Британ Академиясының толыққанды мүшесі. 17 жыл бойына Англия Банкі Төрағасының монетарлық саясат және қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша кеңесшісі болып жұмыс істеді, ал 1980 жылы Англия Банкінің монетарлық саясаты бойынша бас кеңесші болып тағайындалды. 1987 жылдан бастап 2005 жылға дейін Лондон Экономика Мектебінде қаржы нарықтары мәселелері жөніндегі топ директорының орынбасары болды. Сонымен қатар Кембридж университетінде және Лондон Экономика Мектебінде оқытушы болып жұмыс істеді.
Профессор Гудхарт – Еуропа университеттеріндегі ақша теориясы және ақша айналымы бойынша «Деньги, Информация и Неопределенность» атты базалық оқулықтардың бірінің авторы, сондай-ақ бірқатар монографиялардың авторы, солардың ішінде оны танымал еткендері: «Монетарная теория и практика» (1984), «Центральный Банк и Финансовая Система» (1995).
Лекциялар Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде өтеді.
Лекцияға қатысу ниетін білдірушілерден
тіркеу нысанын (127,00 kB)толтыруларын және «семинар» деген белгімен foundation@bta.kz электронды пошта бойынша немесе +7 327 266 34 94 факсы бойынша жіберулерін сұраймыз. .
Тіркеу нысандарын қабылдаудың соңғы мерзімі – 2007 жылдың 28 ақпаны. Орындар саны шектелген.
Қор қатысушылардың жол ақысы мен баспана шығындарын өтемейді!






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.