Семинарлар мен мастер-кластар
2007 жылдың 5-6 наурызында Алматы қаласында Лондон Экономика және Саяси Ғылымдар Мектебімен ынтымақтасу арқылы Ержан Тәтішев Қоры ұйымдастырған Бирмингем Бизнес Мектебінің профессоры Эндрю Муллиньюдің (Andrew Mullineux) лекциялары өтті.
Лекцияларға Қазақстанның мемлекеттік және жеке меншік қаржы мекемелерінен, банктерінен, ЖОО-нан, халықаралық ұйымдардан жалпы саны 171 адам қатысты. Қатысушылар жеке тұлғаларға арналған банктік қызметтердің ортақ нарығын құру бойынша Еуропалық Одақ тәжірибесі жөнінде, сонымен бірге кездесетін кедергілер жөнінде, атап айтқанда халықаралық төлемдер саласында жұмыс істейтін бірлескен компанияларды құру қажеттілігі жөнінде түсінік алды, сондай-ақ банктік қызметті реттеу және банктерді корпоративті басқару мәселелері қарастырылды. Бұл сұрақтар осы консолидацияның тұтынушыларға әкелетін пайдасы тұрғысынан қарастырылды. Жаһандану жағдайындағы қаржылық жүйелердің конвергенциясы, сондай-ақ гибридті (әр алуан) қаржылық жүйе жөніндегі лекция тыңдармандардың айрықша қызығушылығын туындатты. Гибридті жүйе коммерциялық және инвестициялық (әмбебеп) банктік істі, сондай-ақ нарыққа бағдарланған капитал – сақтандыруды құрамдастыратын қаржылық конгломераттардан тұрады.
ТұранӘлем Банкі және оның аффилирленген компанияларының қызметкерлері үшін «Секьюритизация, 2 Базель келісімі және банктердің рөлі»(«Секьюритизация, Базельское соглашение 2 и роль банков») тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класқа қатысушылар Жапония мен АҚШ-та жүргізіліп жатқан реформалармен қатар, банк ісі және қаржы саласындағы беталыстармен танысты. Сонымен бірге, үйлестіру мәселелері қарастырылды, олар бәсекенің ұлғаюына, қаржы мен бағалы қағаздардың жаһандануына әкеледі. Нәтижесі ретінде, банктердің рөлі дәстүрлі емес жеке тұлғалық және коммерциялық банк ісін (депозиттер, несие-қарыздар, ақша-несие аударымдары), инвестициялық банк ісін, бағалы қағаздар мен сақтандыру бизнесін дамытуда жатыр. Бағалы қағаздар нарығы тәуекелдіктерді жақсы басқаруға арналған мүмкіндіктерді, сондай-ақ кәсіпорын капиталындағы және жеке инвестициялардағы тәуекелдік еркіндігін қамтамасыз етеді.
Лекциялар орыс тіліне синхронды аудармасымен ағылшын тілінде өтті.
Лекцияның және мастер-кластың
ағылшын тіліндегі (түпнұсқасы) (194,32 kB) немесе
орыс тіліндегі (аудармасы) (640,58 kB) алуға болады.






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.