Семинарлар мен мастер-кластар
Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел, оның әлемнің бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына кіру үшін зор потенциалы бар. Қаржы секторы бүгінде Қазақстан экономикасының көшбасшысы және ТМД-да үздігі болып табылады. Әйтсе де, кез келген жетістік қолдауды және дамуды қажет етеді, бұл жоғары білімді білікті кадрларсыз мүмкін емес. Ең жақсы инвестициялар – бұл адамзат әлуетіне жасалатын инвестициялар деген ұстанымды жетекшілікке ала отырып, Қор “Семинарлар мен мастер-кластар” бағдарламасын бастайды.
Бағдарламаның мақсаттары:
- Студенттерді, оқытушылар мен мамандарды қаржылық және экономикалық ағарту;
- Қаржы және экономика саласындағы халықаралық жетістік тәжірибесімен таныстыру;
- Қаржы және экономика саласындағы сарапшылық білімдерін тереңдетуге ықпал жасау.
“Семинарлар мен мастер-кластар” бағдарламасы қаржы мамандарына, сондай-ақ алдыңғы қатарлы қазақстандық жоғары оқу орындарының қаржы-экономикалық мамандық бойынша оқытушылары мен студенттеріне үздік шетел сарапшыларын шақыра отырып, семинарлар, лекциялар мен мастер-кластар арқылы қаржы және экономика саласындағы әлемдік тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді.
|
08.06.2007
|
|
|
11.05.2007
|
|
|
11.05.2007
|
|
|
21.02.2007
|





