| |
RUS ENG KAZ

Алтын Тұран

Халықаралық деңгейдегі қызметті ынталандыру жұмыстарын, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арасында дұрыс бәсекелестікті қолдау мақсатында мүше-академиктер мен барлық тілші ұйымдарының бастарын қосатын Қазақстанның Журналистика Академиясы (ҚЖА), елдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары жыл сайын жалпы ұлттық “Алтын Жұлдыз” сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімін өткізеді. Бұл Орта Азиядағы жалғыз сыйлық, мұнда республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ отандық журналистикаға зор үлестерін енгізген жеке журналистердің кәсіби шеберліктері атап өтіледі. Оның мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы жоғары деңгейдегі демократиялық бәсекелестікке жағдай жасау, үздіктерді атап өтумен отандық журналистикаға қолдау көрсету.

2006 жылы ТұранӘлем Банкі жаңа номинацияны – “Экономикалық тақырыптағы үздік жұмыс үшін” тапсырылатын Ержан Тәтішев атындағы “Алтын Тұран” сыйлығын іске қосты. Экономикалық тақырып Қазақстанда ең өзекті мәселе болып табылады және осы тақырыптың мағынасын ашқан авторлар елдің экономикасындағы шынайы ахуалды көрсетуге, кәсіби талдаулар жасауға және осылайша қаржы құрылымының ел экономикасы мен қоғам өміріндегі рөлін дұрыс түсінуге ықпал етуге шақырылды.

"Алтын Тұран" жаңа сыйлығын 2006 жылғы сәуір айында болып өткен "Алтын Жұлдыз" марапаттау рәсімінде “ТұранӘлем” банкінің Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Тәтішев Еркін тапсырды. Табиғи минералдан жасалған тұғырдағы алтын барыс бейнесін “Эксперт Казахстан” журналы атынан оның бас директоры Андрей Скирка қабылдады.