| |
RUS ENG KAZ

Қазақстандағы халықтардың көркем қолөнер кәсіпшілігін жаңғырту және қолөнерді дамыту

Ержан Тәтішев Қоры Орталық Азиядағы Евразия Қорымен (ОАЕҚ) бірлесе отырып Ақтау және Шымкент қалаларында қолөнерді дамыту бойынша аймақтық ақпараттық – ресурстық орталықтарын қолдауға бағытталған жобаны іске асыруда. Бұл аталған жобаны Орталық Азиядағы Евразия Қоры 2005 жылдан бері жүзеге асырып келеді, яғни, бұл жоба Қазақстандағы халықтардың көркем қолөнер кәсіпшілігін жаңғырту және қолөнерді дамыту бағдарламасының аясында орындалады.

Қолөнермен шұғылданушылық кез келген халық мәдниетінің материалды қайнар көзі болып табылады. Қазақстан экономика салаларын дамыту бойынша көршілес елдерден асып түсті, бірақ зерттеушілердің айтуынша Қазақстан қолөнерді дамыту саласында Орта азия елдерінің ішінде соңғы орынды иемденеді. Қазақстан қолөнерінің жоғары деңгейде болмауы туризм және базарлық өнімдерін өндіру секторына, экономиканың маңызды салаларына жағымсыз әсер етуде.

Қазақстанда сатылатын базарлық өнімдерді көбінесе Ресей, Иран, Өзбекстан, Турция, Қытай, Қырғызстан елдерінен әкеледі. Мысалы, қырғыз қолөнері қазақ халқының қол өнерінінің дәстүрлі ою-өрмегі, бейнелеріне ұқсастырғандықтан, зат өнімдері сапалы болғандықтан сұранымдар қатары көбеюде.

Қазақстанның облыстарында тұратын қолөнершілер ақпараттық вакуумде өмір сүреді. Олар өздерінің қабілеттілігіне қарамастан, нарықтық білімнің жетіспеуінен, нарықтық ақпаратқа мүмкіндіктерінің аздығынан Алматы, Астана қалаларында және таяу шетел елдерінде өндірілетін қол өнер заттарымен теңесе алмайды, соның нәтижесінде қолөнершілер жұмыссыз болып, кедейшілік аясында өмір сүруге тура келеді.

2006 жылы күзде Орталық Азиядағы Евразия Қоры ауқымды ұлттық зерттеу жүргізіп, Қазақстанда қолөнер кәсіпшілігін және заттардың сапасын жақсарту қажеттілігін анықтаған. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі мәдени мұраны сақтауға бағытталған жобаларды қолдауға және жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Қолөнершілердің түрлі мәселелерін қарастырғаннан кейін, 2006 жылдан бастап, Орталық Азиядағы Евразия Қоры «Мұнайгаз Инк Шеврон» компаниясы және ҚР мәдениет және ақпарат Министрілімен бірлесе отырып үш жылдық «Қазақстандағы халықтардың көркем қолөнер кәсіпшілігін жаңғырту және қолөнерді дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Қазіргі таңда бұл бағдарламаның III фазасы басталды, бұл фаза аясында болашақта қазақстандық қолөнерді халықаралық деңгейге шығару, қолөнер секторын жүйелі және мақсатқа бағытты дамыту негізінде іс - шаралар кешені іске асатын болады. Аймақтағы қолөнер кәсіпшілікті дамыту бойынша күш - жігерді таратпау мақсатында Ақтау және Шымкент қалаларында қолөнерді дамыту бойынша аймақтық ақпараттық – ресурстық орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

Жоба аясында техникамен жабдықтандыру, қолөнершілер көрме – жәрмеңкесін ұйымдастыру, аталған ресурстық орталықтар арқылы қолөнершілерге арналған кәсіби техникалық тренингтер сериясын өткізу жоспарланып отыр. Болашақта Қазақстанның барлық жерлерінде қолөнершілерге арналған ақпараттық – ресурстық орталықтар жүйесін ашуды белгілейді.

Аймақтық ресурстық орталықтардың концепциясы

Қазақстанның барлық аймақтарында қолөнершілерді жинастыру мақсатында ресурстық қолөнершілер орталығының көмегімен оларды біріктіру жоспарланып отыр. Болашақта «Our Heritage» Қоғамдық Қорының негізінде - Алматы қаласындағы қолөнершілер ҮЕҰ-н қалыптастыру мақсатында Қазақстанның қолөнершілер Ассоциациясын құрып, оған осы аталған орталықтар мен басқа да қолөнершілер ұйымдарын біріктіру көзделіп жатыр.

Аймақтық ресурстық орталық жергілікті аймақтық қолөнерді дамытуға қызығушылық танытқан қолөнершілер тобын немесе қолөнершілер ҮЕҰ арасында байқау өткізу негізінде таңдап алынады. 2006 жылғы Қазақстан қолөнершілерінің жағдайын зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Қазақстан бойынша 107 қолөнершілер ҮЕҰ және топтар бар екенін көрсетті.

Аймақтық ресурстық орталықтың функцияларына келесі жағдайлар кіреді:

  • Қазақстандағы қолөнершілердің ҮЕҰ-ның жүйелерін құру және қолдау (бір-бірімен және аймақтармен өзара қатынас орнату, арнайы әдебиеттерді дайындау және шығару, сатып алу, байқау, жәрмеңке және басқа да мәдени іс -шаралар жайлы хабарламалар беру);
  • Қолөнершілерге өздерінің өнімдерін реализациялауға, техникалық және бизнес кеңестер беруде көмек көрсету;
  • Жергілікті деңгейде қолөнершілерге арналған байқаулар, жәрмеңкелер, көрмелер ұйымдастыру;
  • Жергілікті тренерлерді, сонымен қатар жақын және таяу елдерден тренерлерді еліктіру негізінде қолөнершілерге арнап мастер - класстар, техникалық тренингтер ұйымдастыру;
  • Қолөнершілер және олардың іс - әрекеттерін жүргізуде туындаған мәселелерді шешуде әкімшілік, мұражай, көрме тұсындағы мәдениет Департаментімен және қызығушлық танытқан адамдармен байланыс орнату;
  • Жергілікті халық арасында қолөнер кәсіпшілікті көпшілікке тарату (жарнама, мәдени іс - шараларды еліктіру, БАҚ мақалалар);
  • Қолөнершілерге қажетті шикізат және материалдарды іздестіру;
  • ҚР басқа аймақтарындағы осындай ресурстық орталықтарымен байланыста болу;
  • ЮНЕСКО сапа белгісін алу үшін жергілікті қолөнершілердің заттарын таңдап алу және өткізу бойнша жыл сайынғы іс-шараларді өткізу;
  • Қолөнер кәсіпшілігі жөнінде форум, симпозиум, конференцияларға қатысу, жаңа тенденцияларды және жаңа лептерді анықтау, оларды өздерінің жергілікті жерлерде үгіттеу;
  • Қолөнершілерге техникалық көмектер ұсыну (интернет желісіне кіруге мүмкіндік беру, компьютерлік уақыт, факс, принтер және т.б.)
  • Турсайттарында өнімдерді реализациялау үшін туроператораларымен өзара байланыста болу;
  • Балалар шығармашылығын, мектеп оқушыларын, балалар үйінің балалаларын қолөнер кәсіпшілікке жастарды еліктіру және дарынды жастарды анықтау;
  • Өз іс-әрекеті үшін құрал - жабдықтар іздестіру (мемлекеттен, грант, мүшелік, жеке меншік әрекет, бизнес - құрылым);
  • Қолөнершілер жұмыстарын бағалау үшін көркем кеңестерін ұйымдастыру және қалыптастыру;

Күтілетін нәтижелер

  • Ақтау және Шымкент қалаларында екі қолөнершілер ресурстық орталықтары Оңтүстік және Батыс Қазақстанның қолөнерлерін дамытуға ықпал етеді (қолөнер кәсіпшілігі жайлы ақпараттармен хабардар болады; Интернет, арнайы жәна анықтама әдебиетке қолдары жетеді; мастер - класс, техникалық тренингтерді ұйымдастыру арқылы қолөнершілердің білім деңгейлері көтермеленеді; жергілікті жерде жәрмеңке, көрмені ұйымдастырылады және өткізіледі; фандрайзинг және т.б. )
  • Қолөнершілер ресурстық орталығы жергілікті қолөнершілерге қызмет көрсетеді, яғни, қолөнершілерге қажетті техникамен қамтамасыз етіледі.
  • Тренерлер қолөнершілерге арналған мастер - класс және тренинг өткізуде өздерінің күш жігерлерін біріктіреді, жаңа ақпараттармен қаруланады;
  • Оңтүстік және Батыс Қазақстан тұрғындары өздерінің қолөнерлері бойынша жеткен жетістіктері жайлы сәйкестендіріліген аймақтарда ұйымдастырылған жәрмеңке және көрмелер арқылы біле алатын мүмкіндіктері болады.
  • Оңтүстік және Батыс Қазақстан тұрғындарынының арасында 60-тан астам қолөнершілерге техникалық тренингтер өткізіледі, ол өнімдердің сапаларының жақсаруына жағымды әсер етеді.
  • Жыл сайын 200 қолөнершілер аталған екі аймақ орталықтан ақпараттармен қамтамасыз етіледі;
  • Аймақтық, жергілікті, орталық билік органдарымен және бизнес өкілдерінің арасында серіктестік қатынастар орнайды;
  • Екі аймақтың қауымдастығы қолөнер кәсіпшілігінің мәселесі жайлы мәліметтер жайлы хабардар болады және қолөнершілір өнімдерін алуға мүмкіндіктері болады.
  • Аталған аймақтардың жастары қолөнер кәсіпшілігіне еліктіріледі;
  • Қолөнерді дамыту бойынша ұлттық жүйенің негізі жасалынады;
  • Екі аймақтық қолөнершілері өнімдерді сату, шикізат көздерін табудың жаңа жолдарына ие болады, атап айтсақ, жергілікті тур сайттары арқылы жергілікті табиғат байлығының арқасында өз өнімдерін өткізеді;
  • Жаңа жұмыс орындары ашылады және аймақтарда қолөнер дамиды;