Бакалавриат
Қаржы, экономика және банк ісі саласында бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген Ержан Тәтішев Қорының 2008 жылғы білім бағдарламаласының грант иегерлері
|
|
БАҚТЫБАЕВ ӘЛИХАН
Әлихан Тараз қаласында туып өскен. Гимназияны үздік бітірген. Ол өте жан-жақты адам – ағылшын тілін жетік біледі, фарсы тілін үйреніп жүр, теннис, баскетбол ойнайды. Әлихан өлең және тақпақ жазады, гитарада ойнап, ән салады, басқа балалармен бірігіп «Зной пустыни» мектеп ансамблін ұйымдастырған. «Таза технология» мәселесімен айналысады, ғылыми жобалар байқауына қатысып «Өсімдіктер майын жанармай ретінде қолдану» тақырыбында ғылыми жұмыс жазып, жүлделі орынға ие болған. Әлихан өте бауырмал, көңілшек, адамгершілігі мол, парасатты, инабатты, адал дос. Атап өтсек, бірге оқыған сыныптасы Цветков Кирилл ата-анасынан айырылған кезде Әлихан мектеп оқушылары тарапынан материалдық көмекті ұйымдастырған. |
|
|
ЖЕКПЕЛДІНОВ ЕРНАР
Ернар Алматыда тұрады. Спортпен шұғылданады, көп оқиды, шешендік өнерге жақын. Сарапшылардың бағалауы бойынша ол екінші турда өзін белсенді, көшбасшы және команданың мықты ойыншысы екендігін көрсете білді. Командада негізгі көшбасшыдан кейінгі орнынға ие болды. Бірақ оған қарамастан ол топтағы процестерді басқаруға бейім, топтағы шешімнің қорытындысын өзі бекіте және өз ойын басқаларға дәлелдеп жеткізе алды. |
|
|
КРАВЧЕНКО КОНСТАНТИН
Константин Петропавловск қаласынан. Гимназияны «Алтын Белгімен» бітірген. 2002 жылы анасынан айрылып, қазір әкесімен бірге тұрады. |
|
|
МИХАЛЬЧЕНКО ИРИНА
Ирина Алматыда тұрады. №60 гимназияны «Алтын Белгімен» бітірді. Ол өзін-өзі ұйымдастыра және мақсатқа жету жолында түрлі жолдарды қолданатынымен ерекшеленді. Өзінің еңбегімен және табандылығымен көп жетістіктерге жете білді. 15 жасында “FLEX” халықаралық білім алмастыру бағдарламасын жеңіп алып, АҚШ-та білім алып келді. Ирина фортепианинада жақсы ойнайды және оны үздік бітірді. Билегенді жақсы көреді. Оның бойынан ұйымдастырушылық қасиеті басым және нағыз көшбасы азаматшаның бірі. |
|
|
ОРУМБАЕВ ИСЛАМБЕК
Исламбек Жезқазған қаласында туып өскен. «Алтын Белгімен» дарынды балаларға арналған Қазақ-Түрік лицей-интернетын аяқтады. Ол бірінші сыныптан бастап өте жақсыға оқығандықтан түрліше олимпиадаларға қатысқан. Өзінің досымен бірге «Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтел және жаңылпаштар этимологиясы» тақырында тілдерді жетілдіру мақсатында ғылыми жұмыстары үшін республикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болған. |






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.