01.08.2007
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарын алу байқауының қорытындысы жасалды
2007 жылғы 26 шілдедегі шешіммен Қордың Қамқоршылық Кеңесі Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарын алу байқауын жеңіп алған мәрешілер тізімін бекітті. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан өте ақылды, жарқын мінезді, талантты және мақсаткер жастар еліміздің ең беделді ЖОО-да қаржы және экономика саласында бакалавр дәрежесін алу гранттарын иеленді.
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары бағдарламасы 2007 жылғы қаңтардың аяғында жарияланды. 2007 жылдың 31 мамырына дейін Қор байқауға қатысу тілегін білдірген мектеп пен колледж түлектерінің өтініштерін қабылдады. Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарының мектеп және колледж түлектері, сондай-ақ шетелдік азаматтар қатысты. Байқаудың ұсынылған құжаттар негізінде өткізілген бірінші турының қорытындысы бойынша байқаулық іріктеудің екінші турына қатысу үшін 23 үміткер анықталды.
Екінші тур 2007 жылғы 5-6 шілдеде өткізілді. Екінші іріктеу турының мақсаты -үміткерлердің көшбасшылық әлеуетін, олардың жеке басының қасиеттерін анықтау. Екінші турдың жеңімпаздарын анықтау үшін рөлдік ойындар, жағдайлық тапсырмалар, жеке және топтық тесттер, тапсырмалар және т.б. интерактивтік әдістер пайдаланылды. Барлық пайдаланылған тәсілдемелердің мәнісі - қатысушыларға өзінің үздік психологиялық қасиетін және көшбасшылық әлеуетін толық көрсетуі үшін жағдай жасау.
Екі іріктеу турының қорытындысы бойынша Қордың Қамқоршылық Кеңесі байқау жеңімпаздарын бекітті. Ержан Тәтішев қоры білім гранттарының иегерлеріне жататындар:
|
|
АХМЕТЖАНОВ ЖӘЛЕЛ
Жәлел 17 жаста, ол Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейін Алтын белгімен бітірген. Жәлел өз мектебінің пікірсайыс командасының капитаны болған, пікірсайыстарға ағылшын тілінде қатысқан, сондай-ақ ол түрік тілін жақсы біледі, спортпен шұғылданады, қолданбалы математика бойынша ғылыми жұмыстарды жазады. Жәлел – айқын көрінетін көшбасшылық қасеттер бар адам, ол 2 тур барысында байқауға қатысушылар тобында өте танымал болды. Оның бойында күрделі жағдайларда шешім қабылдаудың үздік машықтары бар. Туындаған жағдайларда жақсы бағдарланады, тыңдай әрі ести біледі, өз жұмысын да, өзгелердің жұмысын да ұйымдастыра алады. Жәлел Ержан Тәтішев Қорының Халықаралық Экономика Мектебінде білім алу грантын жеңіп алды.
|
|
|
БЕЛХОДЖАЕВ НҰРСҰЛТАН
Нұрсұлтан – өте мақсаткер адам. Ол өз анасына көмектесу үшін жастайынан жұмыс істеген. Нұрсұлтан өзінің еңбек жолын ықшамаудандарда тегін газеттерді таратушыдан бастаған, ал 15 жасынан бастап және осы уақытқа дейін «National Business» журналында жұмыс істейді, ол жерде курьер болып жұмыс бастаған, қазіргі кезде курьерлердің үйлестірушісі болып жұмыс істейді, сондай-ақ мәліметтер базасының әкімшісі жұмысын басқарады. Ол жұмыс істейтін журнал іскерлік болғандықтан, Нұрсұлтанды экономикалық және іскерлік жаңалықтар қызықтырып, талдау материалдарын оқи бастады, нәтижесінде ол өзінің алғашқы мақалаларын жаза бастады. Нұрсұлтан экономикалық білім алуды және өз журналына бизнес-талдаушы болып оралуды армандайды. Нұрсұлтан Ержан Тәтішев Қорының ҚМЭБИ –да білім алу грантының иегері атанды.
|
|
|
БУТИНА САБИНА
Сабина Алматы облысының Алмалыбақ кентінде тұрады. Ол мектепті Алтын белгімен бітірді. Оның шешімдерді қабылдауда айқын көрінетін дағдысы бар (проблемалық жағдайларды ақылмен ойластыру), таныстырулардың өте жақсы дағдылары (орындаушылық шеберлік талап етілетін шығармашылық байқаулардағы ең көрнекті сөйлеулері), креативтік қасиеттері, командада жұмыс істеудің жақсы дағдылары бар. Сабина байқауды ұтып алды және Халықаралық Бизнес Университетінде білім алудың Ержан Тәтішев Қоры грантын иеленді.
|
|
|
ДАВЛИДОВА АМИНА
Амина мектепті Алматы қаласында Алтын белгімен бітірді. Ол музыкамен, суға жүзумен айналысады, волонтерлік қозғалысқа қатысады. Аминаның сөз сөйлеу, креативті дағдылары жоғары, белсенді, көшбасшылық дағдылары айқын, командалық сезімі жоғары. Амина алға қойылған мақсаттарына әрдайым қол жеткізіп отырады – ол өз алдына мектепті алтын медальмен бітіру мақсатын қойды және өзінің дегеніне жетті. Енді ол өз алдына жоғары білікті маман болу мақсатын қойып отыр және де ол алғашқы қадамын жасап та қойды – КИМЭП-ке түсті және Ержан Тәтішев Қорының білім грантын ұтып алды.
|
|
|
ЖҮСІПОВ РАШИД
Рашид Қарағанды облысының Теміртау қаласынан. Ол өте белсенді, жұмыс қабілеті жоғары адам, оның көшбасшылық, коммуникативтік қасиеттері айқын байқалған. Рашид бір жыл Гаваяда (АҚШ) тұрды және оқыды, ол онда оқушылар алмасу бойынша FLEX бағдарламасы бойынша байқауды жеңіп алып барған еді. Оның креативті қасиеттері айқын байқалады. Рашид, екінші турға қатысушы балалармен тез достасып кетті, топтың тануымен – қатысушылардың өз рейтингі бойынша (іріктеудің басқа қатысушыларымен оған берілген дауыс саны бойынша) көшбасшылар тобына кірді. Рашид Халықаралық Бизнес Университетінде білім алудың Ержан Тәтішев Қоры грантын алды.
|
Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.