| |
RUS ENG KAZ

Бакалавриат

18.07.2017

«Бес тірек» Ержан Тәтішев Қорының білім гранттар Бағдарламасы бойынша 2017 жылғы байқау жеңімпаздары

 

Балабек Маржан – Тараз қаласының тұрғыны. Маржанның үлкен және тату-тәтті жануясында анасы, екі сіңлісі мен бір інісі бар. Маржан бір орында отырмай, бойындағы қабілеттерін дамытып отырады: ғылыми конференцияларға, сайыстар мен пікірталастарға, шешендік өнер курсына қатысады, «Тоғыз құмалақ»-пен айналысады. Фортепиано классы бойынша музыка мектебін тамамдап, өз бетінше домбыра ойнауды үйренді. Маржан – ұйымдастырушылық қабілеті бар талапты әрі өз алдына үлкен мақсаттарды қоя білетін, еңбекқор және де өршіл адам. 2016 жылы FLEX Бағдарламасының жеңімпазы атанып, АҚШ-тың Алабама штаты, Тоскалуза қаласындағы мектепте соңғы сыныпты аяқтады. Маржан құрбыларының арасынан салмақтылығымен, кемел ойымен, қандай жағдай болмасын өзіндік жеке пікірімен көзге түседі. Маржан – жаманнан жақсы таба білетін ақпейіл жан, оның тығыз күн тәртібінде өзгелерге қол ұшын беруге әрдацым уақыт табылады. Осы күнге дейін оның еріктілік жұмыстарына жұмсаған уақыты 100 сағаттан асты. Көмек беруге ниет білдірген адамдарды жинаған ол «Feel and Care» еріктілік тобын құрды. Еріктілер киім жинап, төрт немересімен тұратын әжейдің жағдайын жақсартуға көмектесті. Үлкен немересін косметолог мамандығын игеруге және төмен бағамен пәтер жалдауға көмектесті. Келешекте Маржан шетелдік мамандарды тартып, тілдік курстарды ұйымдастырғысы келеді, осы мақсатына жету үшін әріптестік құруға көңіл бөліп отыр.

 

Даулет-Қажы Мұхаммед – Шымкент қаласында туып өсті. Биыл Мұхаммед Шымкент қаласының қазақ-түрік колледжін бітірді. Ең маңызды жетістіктерінің бірі – математика пәні бойынша облыстық олимпиададан 2-ші жүлдеге ие болғаны. Мұхаммед баланың үлкені болғасын, өзінен кейінгі бес інісі мен қарындастарына бағдар беретін көш басы болып отыр, сол себептен ол атқарған ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сырт көзге кішіпейіл және қарапайым боп көрінгенмен, қажет болған кезде ой-өрісі мен қолда бар қорды жұмылдырып, барынша тиімді етіп қолдана біледі. Мұхаммед орыс, қазақ, ағылшын, түрік тілдерін еркін меңгерген. Ол жаңа ақпаратты тез қабылдап, үнемі жадысын жаттықтырады және логикалық ойлау қабілетін дамытуға күш жұмсайды. Жанындағы достары мен құрбылары Мұхаммедті еңбекқор және талапты тұлға деп біледі. Ол болашақта айналысатын ісін кәсіпкерлік пен ақпараттық технологиялардың тоғысқан жерінен бастаймын деп үміттенеді.

 

Қазақстанова Жаңыл Астана қаласынан қатысқан сайыскерлердің ішінен топ жарып шықты. Жаныл №76 мектеп-лицейін бітірген. Ағылшын тілі пәнінен қалалық олимпиададан жүлделі орынға ие болуы және пікірталасу бойынша ұлттық чемпионатқа қатынасқаны оның үлкен жетістіктерінің тізімін бастайды. Бойындағы кәсіпкерлікке деген қабілетін ертеден аңғарған ол бизнеспен айналысатын анасынан осы салада тәжірибе жинақтауға тырысты. 12 жастан бастап Жаңыл фотограф және уақытша тату шебері болып жұмыс істеп күнделікті керегіне тиын-тебен таба бастады, ал қалтасына ең көп пайда түсірген интернет-дүкен болатын. Жаңыл жақын құрбысымен бірге өздері ойлап тапқан стресске қарсы ермексазды сатып, миллион теңгеге жуық табыс көрді. Бұл Жаңылдың отбасына тек табыс қана әкеліп қоймай, оны елмен жұмыс істеп, Интернет арқылы тауар сатуды үйретті. Интернетті сауда құралы ретінде қолдануға оның жазған жарнамалық мақалалары, түрлі шаралар жайында пост-релиздері, жұлдыздармен сұхбаттары сияқты тәжірибесі себеп болды. Университетті таңдауына Алматы Менеджмент Университетінің түлегі, жас кәсіпкер Абылай Юсуповтың табысты тарихы ықпал етті. Жаңыл өзін 10-18 жастағы жасөспірімдер кәсіптік көмек беретін және 3D-модельдеу мен робототехниканы меңгеруге көмектесетін жеке тұлғаны дамыту орталығының басшысы ретінде көріп отыр.

 

Әбітай Азамат – Қарағанды қаласының «Лингва» шет тілдер колледжінің «аударма ісі» мамандығын бітірді. Азамат – пәндік олимпиадалар мен шахмат жарыстарының жүлдегері, колледждің 3-курстар арасында ең жақсы аудармашы. Оқу барысында ол колледж Президенті және «Жігер» алқалы кеңесінің төрағасы рөлінде өзінің ұйымдастырушылық және көшбасшы қабілеттерін жүзеге асырды. Азамат тек көшбасшы дағдыларын дамытып қана қоймай, КВН командасының мүшесі болды, сондай-ақ күреспен, фотосуретпен айналысып, ди-джейлер курсына қатысады. Колледж оқытушылары Азаматтың ойлау қабілетінің икемділігін, жаңа мағлұматты тез қабылдауын, алға қойған мақсатқа жетудегі батылдығы мен логикасын ерекше атап көрсетеді. Сондай-ақ оның жағымды қасиеттерінің ішінде – сабырлы мінезі және сынды қабылдай білуі. 13 жастан Азамат промоутер және фотограф болып ақша табады. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезінде ол жақын досымен үлкен іс бастады – кафені жалға алып, жұмыс істеді, ал одан түскен табысты келесі жазғы демалыста балмұздақ сатумен өндірді. Азамат отбасылық құндылықтарды жоғары қоя біледі, және анасы мен қарындасына қолдау көрсетуі керек екендігін сезінеді.

 

Кеңес Аяжан Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі» мамандығын бітірді. Аяжан ғылыми жобалардың түрлі сайыстарына, ғылыми-практикалық конференциялар мен пікірталастарға қатысып, спикерлер облыстық сайысында 3-орын және ағылшын тілі бойынша облыстық олимпиадасында 1-орын алды. Колледжде оқу барысында ол өзін өршіл, жасампаз, қайырымды адам ретінде көрсете білді. Аяжанға өзінің тиімді жеке стилі, сарқылмайтын шығармашылық жігері мен табиғи көшбасшылық қабілеті тән. Оның колледж оқушыларына арналған қосымша материал ретінде қолданылатын қазақ халық ертегілерінің «Learn English with Swallow» атты жинағын кітапшасы оның үлкен жетістіктерінің бірі болып табылады. Аяжан өзінің еңбекқорлығы мен шыдамдылығының арқасында Ақтөбе қаласындағы ЖШС «Амстердам» мейманханалық кешенінің есепшісі мен әкімшісі, аспазшы көмекшісі мамандықтарын игеріп алды. Іске деген жігерлігі мен жауапкершілігі үшін жұмысберуші оған бухгалтерлік есеп курстарының ақысын төледі. Аяжан өз арманын этно-ауыл стилінде мейманханалық кешенін ашу және шетел қонақтарын көшпенділер мәдениетімен таныстыруды армандайды.

 

Төлеубаев Алмастың туып өскен жері Қарағанды қаласы. Алмас - Қарағанды қаласындағы №92 мектеп гимназиясының түлегі. Мектеп қабырғасында әр түрлі дистанциялық олимпиадаларының қатысушысы болған және де бос уақытында “Бизнес – Молодость “ атты мастер класстарға баруды ұнатады. Мектеп пәндерінің ішінде қызығушылығы математикаға бейім, комбинаторика курсы бойынша да жақсы нәтиже көрсетіп ойдағыдай өтіп шықты. Жас жігіт өзінің зияткерлік және шығармашылық қабілетерін қатар ұстауға тырысады. Оның бойында фильмдар мен түрлі роликтар түсіру қызығушылығы бар. Сонымен қатар оны әлемдегі экономикалық , экологиялық жайдайларда қызықтырады. Ол шет тілдерінде меңгеруді ұмытпайды. Алмас – командалы ойыншы, ол өзінің көшбасшылық қасиетімен айналасындағы жандарды жігерлендіре отырып, олардың жұмысқа деген талпынысын аша алады. Қандай да бір өмірінде қиындық тусада, оптимисті түрде ойлай отыра қиындықтардың шешу балама жолдарын іздейді. Бизнесті жүзеге асыру және шешім қабылдай білу қасиеті бала кезінен байқалған. Кәсіпкерлік білімін жетілдіру мақсатында кәсіпкерлік пен маркетинг саласы бойынша көптеген кітатар оқиды. Қазіргі таңда Алмастың шағын трикотаж галустуктар сатудағы шағын ісі бар. Болашақта Алмас өзінің бар потенциалын қолдана отыра, Қазақстанның жас жемісті кәсіпкерлер тізімін толықтыруын қалайды.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.