Бакалавриат
Қаржы, экономика және банк ісі саласында бакалавр дәрежесін алуға арналған
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарына тағайындау байқауының 2011 жылғы жеңімпаздары
|
|
Арина Шкелихина Арина Жамбыл облысындағы Бауыржан Момышұлы ауылында туып өсті. 16 жасында Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжіне оқуға түсті, және де бұны өмірінің шешуші сәті деп санайды. Колледж оның бойындағы қасиеттерінің ашылуына және мамандықты таңдауға ықпалын тигізді. Аринаның айтуынша, ол әрбір адамды тұлға ретінде қарастыратын және де баланың пікіріне мән беретін жанұяда тәрбиеленді. Нәтижесінде Арина тәуелсіз болып өсті, бөлек тұрып, жұмыс істейді, өз-өзін қамтамасыз етеді. Ұлыбританияның бұныңғы Премьер Министрі Маргарет Тетчерді оның көптеген мемлекеттік мәселелерді шешудегі батылдығы үшін пір тұтады. |
|
|
|
Лаура Копбаева Лаура Алматының тұрғыны, ол Алмадағы № 60 мектеп-гимназиясының түлегі. Ол өмірге деген белсенді көзқарасымен және лидерлі қабілеттерімен ерекшеленеді. Көптеген екпінді жастар секілді түрлі спорт және би түрлерімен айналысады, тілдерді меңгеріп, математика,химия, биология сияқты жаратылыс ғылымдарына қызығушылық көрсетеді. 9 сыныпта оқып жүрген кезінде күрделі байқауда 85 дауыс жинап, мектеп Президенті болып сайланды. Мектептің соңғы сыныптарында мектеп Маслихатында басқару жүргізді. Топпен бірлесіп істегенді, басшылық жасауды ұнатады. Оның ойынша өмір тек табиғат заңдылықтарына ғана бағынып қана қоймай, экономикалық заңдылықтарға да байланысты, сондықтан болашақ мамандығы ретінде экономиканы таңдады. Лаура өз өмірін осы саланы зерттеумен, қолданумен және жақсартумен байланыстырып отыр. |
|
|
|
Малика Усерова Маликаның туып өскен жері – Алматы. Ол мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған Білім гранттары байқауына қатысып, жеңімпаз аталды. Байқау 2008 өткен болатын, ал 2011 жылы Малика Алматы Қаза-түрік Гуманитарлық-технологиялық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығына ие болды. Көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірде кездігуге мәжбүр болатын қиындықтарға қарамастан, Малика өмірге құштарлығы жоғары, қайратты, алға қойған мақсатынан таймайтын, қайсар әрі үмітке толы адам. Колледж студенті (және Қор стипендиаты) бола отырып, Малика түрлі волонтерлік әлеуметтік жобаларға белсенді қатысты. Сонымен қатар көптеген жобаларды Малика өзінің достарымен бірлесіп дайындап, жүзеге асырды. Жасы 19-ға келген Малика үлкен өмірлік тәжірибе жинақтады, көптеген іске икемі бар, және де сапалы жоғарғы білімге қол жеткізгісі келетіні сөзсіз. Малика осы үш құрамдас бөліктерді үйлестіре отырып, кәсіпқой маман болуға мүмкіндік беретініне сенеді. |






Комментарии
Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.