| |
RUS ENG KAZ

Бакалавриат

03.08.2010

Қаржы, экономика және банк ісі саласында бакалавр дәрежесін алуға арналған
Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарына тағайындау байқауының 2010 жылғы жеңімпаздары

 

ӘДІЛБЕКОВ АСЛАН

Аслан Семей қаласынан келді, дарынды балаларға арналған Қазақ-Түрік лицейін бітіріп шықты. Мамасы жұмыс бабымен іссапарларға жиі баруға мәжбүр болғандықтан, Аслан 12 жасынан бастап өз бетінше тұрып үйренген. Анасына көмектесу үшін ол досымен бірге жиһаз шығаратын шағын цехте жұмыс істей бастады, тапқан кішігірім табысын ол өзінің ұсақ шығындарына жарататын. Аслан – өмірлік талпынысы жоғары адам: ол түрік өлеңі байқауына, шахмат жарыстарына қатысатын, спортты жақсы көреді, кітап оқығанды ұнатады. Жалпы философияға, психологияға, жеке дамумен қаржыға қатысы бар кітаптарды қызыға оқиды. Төрт тілді меңгерген. Мектеп қабырғасында оқи отырып, «Мақсатты айқындау» атты тренингтік курсті өз бетімен дайындап, сыныптастарына өткізді. Шахмат ойынын қызығушылықпен айналысқанынан болар, іріктеу барысында өз-өзін салмақты, өз пікірін дәлелдей алатын және шешім қабылдаудағы көрегендік танытатын сенімді лидер ретінде көрсете алды.

 

ЗЕКЕЕВА МАДИНА

Мадинаның туып өскен жері Семей қаласы. Мадинаның қызығушылығы жан-жақты: бірінші сыныптан бастап түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысты, сонымен қатар бимен, ән айту, жүзу және сурет салумен шұғылданды. 8-інші сыныптан бастап Мадина экономика ғылымының тарихын, нарықтық экономика негіздерін, бизнес пен кәсіпкерлік технологияларын терең оқып біле бастады. Сонымен қатар ол өзінің құқық саласындағы танымын кеңейтіп, тереңдетуге кірісті. Бірнеше жыл қатарынан лицейдің Мәдениет Министрі болып сайланды. Скаутингті жақсы көреді. Алайда ол кітап оқығанды өзінің ең үлкен құштарлығы деп біледі. Іріктеудің екінші айналымында байқау қатысушыларына қойылған тестілер мен тапсырмаларды орындаған кезде Мадина өзінің жинақы іскерлігімен танылды. Сонымен бірге ол төзімділігімен, сабырлығымен, өз күшіне сенімділігімен ерекшеленді. Осындай және бұдан да басқадай қасиеттері комиссияның ғана емес, қасындағы жолдастарының да назарын аудартты.

 

КИМ ДИНАРА

Динара Алматы қаласының тұрғыны. Ол өте белсенді адам: жастайынан бимен, қоян-қолтық куреспен, атыспен қызыға айналысады. Динара шығармасында жазғандай, ол өте табанды және кез-келген мәселеге байланысты өз пікірі бар адам. Алайда басқа адамдардың пікіріне де құлақ түргенді жөн көреді. Ол белгілі бір істі жақсы ұйымдастырып, жанындағы адамдарды ортақ мақсатқа жетуге шабыт береді. Динара тілдерді оқып білуге әуес, себебі ол адам неғұрлым көп тілді меңгерсе, адамдарды және айналаңдағы болып жатқан жағдайды соғұрлым жақсы түсінесің деп санайды. Қазіргі кезде Динара испан тілін оқуғаа күшін салуда. Іріктеу кезінде ол өзін үлкен харизмасы бар лидер ретінде танытты. Динара алған бағдарынан таймайтын, ұйымдастыру және айцналасындағы адамдарды үйлестіру қабілеті бар және де кез-келген адаммен қарым-қатынасты тез орната білетін адам.

 

НОҒАЙБАЕВА ӘЙГЕРІМ

Әйгерім Павлодар қаласының тұрғыны. Бала кезінен бастап-ақ кез-келген іске үлкен қажырлық пен таймастықпен қарайды. Бойындағы қасиеттерді жақсартуды ұнатады, және де өз мінезін өзі қалыптастырды деп санайды. Өміріндегі басты жетістіктерінің қатарына ағылшын тілін жетік меңгергенін жатқызады, және де бұған өз күшімен қол жеткізгенін мақтаныш етеді. Міндетті түрде оқылатын пәндерге қоса, Әйгерім журналистика мамандығына бет бұруға, сонымен бірге гитара мен заманауи хип-хоп биін үйрене бастады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін түрлі конференциядарға қатысып, қатарластарын озып, жүлделі орындарға ие болды. Іріктеу айналымында өзін байыптығымен және парасаттылығымен көзге көрінді. Өз бетімен тамаша жұмыс істеп, түрлі топтар ішінде орындалатын тапсырмаларды орындауда үздік көрсеткішмен көріне білді. Өз бетімен шешім қабылдай алатын қасиеті бар.

 

СҮЛЕЙМЕНОВА АЙНҰР

Айнұрдың туған өлкесі - Талдықорған қаласы. Эрих Фромм: «Адамның өміріндегі басты мақсаты – ол өз-өзіне өмір беру, ішкі мүмкіндіктеріне ашуға жол беру» деп жазды. Осы сөз Айнұрдың негізгі өмірлік принципі болып табылады. Ол экономика, тіл, әдебиет, мемлекет және құқық негіздері секілді гуманитарлық бағыттағы пәндерге қызығушылық білдіреді. Ол лицейдің қоғамдық өміріне белсене ат салысады, лицедің Өзін-өзі басқару органында мүше болып табылады,лицейде білім Министірі болып тағайындалған. Сонымен қатар Айнұр ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, ол - МАН және Дарын ғылыми қоғамдастығының мүшесі. Ол бастауыш сынып оқушыларына «Басқару және экономикалық пішіндеу» бағдарламасы бойынша дайындық жүргізеді, «Антикризис» атты мектеп командасының капитаны. Іріктеу айналымы барысында комиссияға өзінің топ ішінде орындалатын жаттығуларда көрсеткен белсенділігімен, көптеген белгілі бір жағдаймен байланыстырып берілген тапсырмаларды орындаудағы өзінің творчестволық шешімдерімен көзге түсті. Сонымен бірге Айнұр байсалдылығымен және өзіне деген сенімділігімен ерекшеленеді.

Комментарии

Вам не разрешено создавать комментарии. Для создания комментария зарегистрируйтесь на сайте.